Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:57, 15 июля 2015

«Қазақстандағы» түрікше жайлылық

Өткен жылдың аяғында "Қазақстан" қонақ үйінің менеджерлері ауысты. Сол уақыттан бері қонақ үйде бірқатар өзгерістер болып, іші-сырты түрлене түсті. Өткен аптада "Қазақстанның" топ-менеджерлері Шенол Йорганджи мен Шейхмус Есин қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, ғимараттың осы уақытқа дейін өзгеріске ұшыраған тұстарын көрсетіп, еркін әңгіме барысында қонақ үй бизнесінің ерекшеліктерін баян етіп, келешек жоспарларымен бөлісті.

Blog post image

Қонақ үйге келген адам үшін жайлы нөмір, дәмді ас, тыныштықта отырып дем алатын жерден ойын-сауық орындарына дейін барлығы қарастырылған.

Blog post image

Қонақү йдің жазғы террасасы, банкет залы жөндеуден өткен. Итальян мейрамханасы салынуда.

Blog post image

Қазірдің өзінде нөмірлердің біршама бөлігі жөнделіп жатыр. Қонақ үйді жауып тастап, түгелімен жөндеуден өткізейін десе, қонақтардың легі таусылмайды. Баспасөз турының уақытында нөмірлердің 70%-ы бос емес-тін.

Жоспар бойынша, "Қазақстанның" тәжі орналасқан жерде, яғни ғимараттың төбесіне бассейн салу жоспарланып отыр.

Қонақ үйде 150 кеңсе, 350 нөмір, 600 орынға есептелген салтанат сарайы, 300 кісіге арналған мейрамхана, караоке-бар, түнгі клуб бар. Нөмірлердің бағасы 25-60 мың теңге аралығында. Люкс бөлмелердің құны 35-40 мың теңге.

Blog post image

Салтанат сарайының іші кең, дизайны ерекше - киіз үй іспетті жасалған. Төбенің тап ортасында шаңырақ бейнеленген.

Blog post image

Бұл жердің қызметін пайдаланғысы келетіндер үшін негізгі үш мәзір қарастырылған: Күміс – 22 000, Алтын – 26 000, Платина – 29 000.

Blog post image

Blog post image

Менеджерлер Шенол Йорганджи мен Шейхмус Есин көп жылдар бойы қонақ үй бизнесінде қызмет етіп келеді. Осы саладағы Шенол мырзаның еңбек өтілі 24 жыл, Шейхмус мырзанікі - 15 жыл. Шенол мырза Стамбул қонақүйлерінде 15 жыл жұмыс істеген, 8 жылдан бері Алматыда. "Қазақстан" қонақ үйіне келгелі 8 ай өтті. Бұл екі кісі менеджерлер командасының екі мүшесі ғана.

Blog post image

Шенол мырзаның айтуынша, олардың қазақ жеріне келуінің басты мақсаты - осы жердегі мамандармен тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісу. "Біз кетіп қалғанның өзінде, олар бизнесті жүргізуге қабілетті болуы тиіс", - дейді Шенол мырза.

Blog post image

Қонақ үйдің басты артықшылықтары ретінде менеджерлер "Қазақстандағы" нөмірлер санының көпітігін айтады. Яғни, кейде ірі делегациялар келгенде, олар барлығы бір жерде тоқтағанды жөн көреді. Алматы қонақ үйлерінің бірнешеуі ғана бірден 150-180 нөмір ұсынуға қауқарлы.

Blog post image

Бүгінгі таңда қонақ үй қызметкерлерінің саны 400-дің шамасында. Екі жыл бұрын 600 адам болыпты. Екі жылдан соң 250 адамға дейін қысқарады екен. Қызметкерлердің 95%-ы қазақша сөйлейді. Қонақтардың 60%-ы қазақтар екенін ескерсек, бұл таңданарлық жайт емес.

Blog post image

Шейхмус мырзаның атуынша, тенденция бойынша келешекте қонақүйлердің саны артып, қызмет көрсету сапасы жоғарылайды.

Менеджерлер қонақ үй қонақтарының артпаса, азаймайтынын айтады. Олар ешқандай жарнама жасалмаса да, қонақтардың легі толастамауына таңданыс білдірді. Олар мұндай жайтты қонақ үй тарихының тереңде жатқанымен байланыстырып отыр.

Blog post image

Қонақ үй иелері әлемге әйгілі бір брендтің атауын алуға қатысты келіссөздер жүргізіпті. Хилтон қонақүйлер желісі "Қазақстанға" өз атауын беруге келісімін берген. Алайда, менеджерлердің айтуынша, Хилтон атауын алған жағдайда қонақ үй қазіргі атауынан айырылып қалуы ықтимал. Бұл, әрине, қонақ үй бизнесі мен беделіне бірқатар өзгерістер енгізері анық. Сондықтан, бұл мәселе жан-жақты қарастырылады.

Blog post image

"Қазақстан" қонақ үйі - төрт жұлдызды. Шенол мырза мен Шейхмус мырзаның айтуынша, басты мақсат - сервисті барынша жетілдіру, яғни төрт жұлдызды қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасын бес жұлдызды деңгейге жеткізу.

P.S. "Қазақстаннның" төбесінен түсірілген фото

Blog post image

0
4717
0