место в рейтинге
  • 193734
  • 171
  • 40
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Студенттің Қабанбай батыр кесенесіне сапары жайлы репортажы

Арқа даласындағы Дарабоз кесенесі

Уақытқа тоқтам жоқ. Қазір деп отырғанымыздың ертеңге, өткенге айналуы тез-ақ. Сол секілді төрт жылдық студенттік өмір зымырап өте шықты. Айман есімді құрбымыз «Студенттер, бәрімізді бірінші Алла, екінші алдымызда өткен ата-бабалар жебей жүрсін, киелі жерге зиярат етуге барайық» деді. Алғашында алыс деп қиналсақ та, кейін баратын болып шештік. Сөйтіп өткен айда қасиетті Түркістан жеріне 5 студент барып қайттық. Алып Тайқазанды, сол жерде жатқан 26 батыр-билеріміздің есімдерін оқып тұрғанымызда, Жанар менен тас үстіне жазылған есімдерді көрсетіп «Аталарымыздың барлығы осында жерленген бе?» деп сенімсіздеу сұрақ қойды. Өзім де көп нәрсеге қанық емеспін. «Енді...» дей бергенімде қасымызда тұрған бір қария Жанарға қарап әулие бабаларымыздың ол құлпытастардың астында жатпағанын, тек жұрт білсін деген ниетпен моласына қойылған белгі екендігін түсіндірді.

Сол жерде қария қайдан келгенімізді, қайда оқитымызды сұрап, бізді әңгімеге тартты. Журналистиканың жалына жармасқан жастар болғандықтан көненің көзі қария сөзіне ынта қойдық. Астанада оқитымызды айтқанымызда, әлгі қарт бізден Астана бұрын не себепті «Ақмола» атанғанын сұрады. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен Елордаға оқу іздеп келсек те, осы уақытқа дейін Ақмола атының неліктен олай аталғанын нақты ғылыми еңбектерден қарап көрмеппіз. Тек азды-көпті дуалы ауыздардан естігеніміз болмаса. Бар білгенімізді жарыса айтып тұрғанымызда жауабымызға қанағаттанбаған атамыз: «Қаракерей Қабанбай батырдың жатқан жері сол сендер оқып жүрген Астана маңында» дегенде біз таң қала бір-бірімізге қарастық. Жүзімізде «Қалай сонда?» деген сауал тұрғанын сезген қария, «Қаракерей Қабанбай 1770 жылғы қарашаның он үшінде,  қақаған қыста қайтыс болады. Арқаның қысы қатты. Алыс жақтағы ағайындар жете алмай, келер жылы көктемде асына бір-ақ келіпті. Оған дейін атамыздың моласының үстіне Сардардың сегіз қанат киіз үйі тігіліпті. Жұрт бабамыздың жанына киіз үйлерін тігіп қоныстаныпты. Келер жылы көктемде жан-жақтағы ел жиналып, там көтеруге кіріседі. Киіз үйдің сырты ақ топырақпен сыланып, жылтыр ақ түс берілген соң, ел «Қаракерей Қабанбай батырдың Ақмоласы» атап кеткен. Бүгінгі Астана бұрын осы Ақмоладан ат алып, «Ақмола бекінісі»,  «Ақмола қаласы» аталып келген» деген ой айтты. Бұл пікір өзге студенттерге қаншалықты әсер еткенін қайдам, бірақ мені қатты қызықтырды. Біздің естуімізше, Қабанбай батырдың сүйегі бір ауызекі әңгімеде Қытайда, екінші бір сөз арасында Талдықорған немесе Семей облысында деп айтылатын. Әлгі қарияның батыр кесенесі Астанада деген пікіріне таласқым-ақ келді. Қолымда дерегім болмағандықтан, үнсіз қалдым. Бірақ сол Түркістан сапарынан келгеннен кейін де қарияның сөзі есімнен шықпай қойды. Ақиқат Алла сөзі, мен тек тарихи шындықты білгім келді. Биыл Батыр бабамыз Қаракерей Қабанбайдың дүниеден өткеніне 240 жыл толады екен. Бұл тарих үшін аз уақыт емес. Алайда, зерттеушілеріміз бір-бірінің пікіріне құлақ түрмей, ғылымға емес, болжамға сенуін қалай түсінеміз? Бұл ұрпақты жаңылыстыру емес пе? «Іздеген жетер мұратқа» дегендей осындай оймен жүргенімде Қабанбай батырдың кесенесі Астана маңындағы Қызылжар деген ауылдың жанында екенін анықтап, жаныма екі-үш студент достарымды ертіп, батыр сүйегі жатқан кесенеге тарттық. Жол-жөнекей бағытымыздың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін бір-екі жолаушыдан тоқтап сұрадық. Бағыттың дұрыстығына көз жетті. Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі 30 шақырым қаладан ары орналасқан. «Біраз жүрсеңдер жолдың оң жағында үлкен жазу шығады» деген бір кейуана сөзін нысана еттік. Бабамызға барар жолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр екен. Жолдың екі шеті қалың ағаш. Көлік іші тым-тырыс. Барлығы көз алдарына Қабанбай бабырдың кесенесін елестетумен келеді. Мақпал бір кезде: «Біз де адасып жүрмесек игі, басқа кесене болып шықса қайтпекпіз» деді. Көлікті жүргізіп келе жатқан Айбек: «Қыздар, ештеңеден қорықпаңдар, не де болса біз өз бетімізше шындыққа көз жеткізуге тырысып көрейік» деді. Барлығының көздері терезе сыртында. Жолдың оң жағына қараумен келеді. Сол әңгімеден бес минут өтпей алдымыздан «Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі» деген жазуы бар билборд бағытты солға көрсетіп тұрды. Жүргізушіміз Айбек рөлді солға бұрғанда алдымыздан кесене көрінді.

Қабанбай батыр кесенесі

Бізді 60-тар шамасындағы ер кісі қарсы алды. Өзін Камал қажы, осы жердің шырақшысымын деп таныстырды. Біздің студенттер екенімізді жазбай таныды. Бұл кесене нақ Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі ме деген сауалымызға Камал аға: «Осы сауал мені де мазалаған. Бірақ ұзақ зерттеу арқасында шындыққа көз жеткіздім. 1770 жылы Қаракерей Қабанбай қайтыс болады...» деп сөзін бастай бергенде біз Түркістанда кездескен қарияның сөзін айттық. Екеуінің пікірі қос тамшыдай бір-бірінен айнымай келді. Тағы да қызықты пікірді білгіміз келіп, Қабанбай батырдың моласын зерттеуге не түрткі болғанын, тікелей ұрпағы емес пе екен деген сұрағымызға:

-Менің батырға тікелей қатысым жоқ. Бірақ найман ішіндегі семіз найманмын.

Алыс-туыс демеймін,

Мұсылман-кәпір демеймін,

Атымды кім атаса,

Соны қолдап жебеймін,-дегенді Хан Батырдың өзі айтып кеткен. Ендеше, бәріміз ұрпағымыз, -деп жауап қатты.

Камал ағамыздың мамандығы журналист екен. Журналистика ұшы қиыры жоқ тереңге алып баратын құдіретті мамандық. Іздену мен өз-өзіңді үнемі жетілдіру үстінде болмасаң, тұңғиыққа ену тұрмақ, жағасына жету қиын болады. Көкірек көзімен, зерделі тілімен шындыққа ұмтылғандар қаламын ар сиясына малып тұрып қармағына ілінген інжу-маржанның түсін түстеп, сипатын нақ айта алмақ.  Төрт жыл бойы оқу орнының қабырғасында журналистиканы оқи жүріп, түрлі ғылыми әдебиеттерден журналистикаға түрлі анықтама алдық. Алайда осы жүрек қалаған мамандыққа өз анықтамамды берсем деуші ем. Оны тапқан секілдімін. «Журналистика дегеніміз іздену мен дәлелдеуден тұратын ғылым мен өнер арасындағы мамандық». Марқұм ұстазымыз журналист- ғалым А.Сейдімбек: «Қазақтың тарихы адамсыз жазылған тарих. Онда барлық қасірет, шат-шадыман қуаныш, тіпті ашаршылық бар. Бірақ адам жоқ» дейтін. Сонда алдында отырған шәкірттері біз тарих жоқ болса, елге төрелік айтқан билеріміз, халықты жаудан қорғаған батырларымыз қайда деп ойлаушы едік. Сөйтсек, қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі тарихты білуге кедергі болғанымен қоймай, Қазақтың кең байтақ жеріне әр елдің келімсектерін кіргізіп, мидай араластырып, тарихымызды әбден бұзып келген екен-ау. Осы сөздің түп-төркінін енді ғана Камал қажының әңгімесінен ұға бастағандаймыз.

-Атамыз (Қаракерей Қабанбай батыр) қайтыс болғаннан кейін жергілікті халық моланың үстіне сегіз қанат киіз үй тігіп қойыпты. Қыстай орнында ел қонып шығады. Бабамыздың үш әйелі болады. Соның ішінде Хан Бибі бәйбіше ертерек дүние салады да, ортаншысының есімі әзірше белгісіз. Кіші анамыз - Гауһар батыр атақты Малайсарының қарындасы. Сол батыр анамыз өзі бас болып Қаракерей Қабанбайдың кесенесін киіз үйдің сыртына салдырады. Себебі, қыстай топыраққа әулиенің рухы сіңді деп есептеген. Там саларда ат құмалақ тастайды, өгізбен айдайсың. Мал аяғы таза емес, былғанған топырақ атаның үстіне түсуі мүмкін деп киіз үйдің сыртынан салынған. Батырдың асы қыркүйек айында берілген. Келген халықта есеп болмаған,-дейді Қабанбайтанушы ғалым.

Бір білгеніміз, кесене жұмыстарына қаржы не министрліктен, немесе басқа да бөлімдерден мүлдем қарастырылмаған. Әлі күнге дейін бюджеттен қаржыландырылмайды. Бірақ кесене айналасы мұнтаздай тап-таза, жан-жағына ағаштар егілген, айдалаға су жіберілгеніне қарап қаржы бөлінбейді дегенге сену қиын. Алайда, шын ниеттен жасалған дүние ғана осылай болуы тиіс дерсіз іштей. Өйткені Камал аға өзі ағаштар отырғызып, осы жұмыстардың барлығын көпшіліктің арқасында жасап жатқанын айтты. Қазақ халқының азаттығы жолында жанын қиған әулие батырдың шырағын өшірмеген Камал ағаның еңбегіне риза болдық. «Қаржыны өз қалтаңыздан шығарасыз ба?» деген сөзімізге «Әулие өзін-өзі көтереді» деді қысқа қайырды.

Шырақшы ағамыз осылай десе де, Мәшһүр-Жүсіп Көпей әулиенің айтқаны санаға орала берді. Осы бабамыз «Қазақта...Қаракерей Қабанбайдай батыр болған емес. Бұл –заң» деп жазып кетіп еді ғой. Ендеше, теңдесі жоқ Ұлы батырға мемлекеттік қамқорлықтың болмағаны ақылға сиымсыздау көрінді.

- «Біссімілләмізді», айтып батыр кесенесінің ішіне кірдік.

Кесене іші көзге тартымды, жинақы. Қазақы үйдің формасында салынған кесене биіктігі -21,5 метр, іші - 8,5 метр. Ортада атамыздың тасы тұр. Тастың ортасына Қабанбай батыр. (Қожақұлұлы Ерасыл) деп  жазылған.

-Кесененің салынғанына он жыл болды,- деп сөзін жалғаған Камал қажының әңгімесін әрмен қарай тыңдадық. -1979 жылы Ғылым Академиясынан «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» деген кітап шықты. Сонда Қабанбай батырды осы Арқаға Нұраның жағасына жерледі. Алғашында мен таңғалдым. Найманның негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Аягөз, Семей, Павлодар, Қызылорда, Шымкент өңірлерінде отыр. Бұл кісі қалай осында келіп жатты деп ойладым. Мақала авторы ф.ғ.д., марқұм Болатжан Абылқасымов екен. Мен арнайы сол кісіге барып: «Бұл қалай болды?» деп едім, «Камал, өзің зертте сонда көзің жетеді» деді. Болатжан Абылқасымов Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы. Қабанбай батырдың ең кенже ұлы Әліден тарайды. Сөйтіп, Қабанбай батырды зерттеуге осы 1979 жылы ден қойдым. Алғашында менде де күмән болды. 1993-1994 жылдары толығымен көзім жетті. Егемендік алған жылдары  Қабанбай батыр туралы аға газет «Егемен Қазақстанға», «Қазақ әдебиетіне» мақалаларым басылды. Алайда осы шындыққа көз жеткізу үшін Ресейге, Қытайға, Қырғызға сан бардық. Мұрағаттарда отырдық. Тәубә, қазір ел толық біледі, мойындады,- деді.

1955-1956 жылға дейін батыр кесенесінің бір кірпіші бұзылмаған екен. Сол жылдары тың игеру жұмыстары басталғанда, қазақтың қадыр-қасиетін аяққа таптаған тыңшылар біртіндеп кірпішін алыпты. Содан ол үш-төрт жылдың ішінде құлап қалған. Кейін кесенені қайта көтеруді Қайрат Сатыпалды бастаған азаматтар қолға алған. Қайрат ағамызға ақыл қосып, кеңес берген қазақтың бір туар ұлы Иманғали Тасмағамбетов екен. Мұны Қайрат  Сатыпалдының өзі айтыпты. Камал аға шын ниеттен Қайрат Сатыпалдыға, Иманғали Нұрғалиұлына алғысын жаудырып отырды. Зерттеуші алғаш рет бұл жерге 1991 жылы келеді. Сонда мола биіктігі 4-5 метрдей үйінді топырақ екен.

- Ұлы отан соғысына қатысып, аман келген Сағынтай Қалиманов, Қасенбай Смайылов қариялар: «Біз майданға аттанарда мұнда «Қожақұлұлы Ерасыл» деген сөз жазылған тас болды. Соғыстан қайтып келсек әлгі тас жоқ екен» дейді. Көз көргендердің айтуынша, 1944 жылы ақпан айында Ақмолаға Кавказдан қуылған шешендер қоныс теуіпті. Олар атаның басындағы тасты алып, ауыл адамдарынына қол диірмен жасап беріпті. Сол қол диірменнің біреуін жарты шелек бидайға, екіншісін бір тоқтыға, көрпе-жастыққа айырбастап қыстан аман шығыпты,-дейді шырақшы. - Бұл жерді бұрын ауыл адамдары «Найманқорым», «Қабанбайдың тауы» деп атаған. 1760 жылдары Қаракерей Қабанбайдың нақ Есіл мен Нұра бойында көшіп жүргенін Н.Апполованың «Қазақстанның XVII-XIX ғасырдағы Россиямен экономикалық және саяси байланыстары» атты еңбегінен кезіктірдік. Тарих ғылымының кандидаты Ғалия Алпысбаева 1824 жылы Ақмола маңында отырған наймандардың орыс патшасына жазған хатын жария етті. Бұл тарихи құжат «Бес найманның хаты» деген атпен белгілі екен. Зер салған адамға бұл жай ғана хат емес, орыс патшасына қойылған нақтылы жеті талап екені анық көрінеді. Онда жер қойнауындағы, үстіндегі байлық түгелдей наймандардыкі екенін мойындау, солдатқа кісі алмау, салық төлемеу, кісі өлімінен өзге қылмыстарға араласпау, арақ-шарап саудасына тыйым салу, өздерінің тек генерал-губернаторға ғана бағынатыны, әр екі-үш жылда ақ патшаның өзі наймандарды қабылдауы сияқты мәселелер көтеріледі. 1824 жылы осы жазба деректердің айтуы бойынша, Ақмолада найман руларының түселі (съезд) өткен екен. Сол түселде тоғыз таңбалы найман түгел бас қосыпты.

Камал ағадан:

-Бұрын кесене маңында ауыл болған ба?- деп сұрадық.

-Қыдырмолда жыраудың өз қолымен жазып кеткен хаты бар бізде. Ол кісі 1931 жылы айдалып, Ақмолаға келіпті. Сол тұста атасының басына келіп үш күн түнеген екен. Қыдырмолда марқұм Қаракерей Қабанбайдың тікелей ұрпағы. Сол кезде мола басына Досан деген қария ие болып, шырақшысы екен. Осы ақсақалдың айтуы бойынша, Қабанбай бабамыздың руы Байжігіттер 1857 жылы Арқадан Шығысқа үдере көшіпті. Сонда Садырбайдың бір баласын қалдырып кеткен екен. Шырақшы ақсақал солардың жалғасы. Демек, сонау 1700 жылдардан, одан ары қарай 100-150 жылдай бұрын мола маңында ауыл отырған. Тіпті, Қабекеңнің өзі «Қабанбайдың үш бұлағы» деген жерде дүниеден өтеді. Ол әне, осы тұстан 3 шақырым. Ал, қазір қайтарларыңда жолдың екі жағына қарасаңыздар үлкен-үлкен төбелерді көресіздер. Бұл кәдімгі оба. Сақтардан қалған ата-бабаларымыздың мүрдесі жатыр. «Алтын адам» осындай обадан табылды ғой. Ендеше, бұл маңды, жалпы Ақмола өңірін арғы аталарымыздың мекен етуі 2500 жылдай уақыт бұрын деп есептесек те қателеспеспіз. Тіпті, осы да аз секілді.

Камал қажының айтуынша, Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесіне тәу етіп, зиярат етіп келушілер көп көрінеді. Тіпті, әртүрлі елдердің елшілері,  өзіміздің депутаттар, министрлер де келіп құран оқытып тұрады. Осы әңгімені айтып тұрғанда кесененің оң жағында тұрған тұрғын үйге көзіміз түсті. Мән-жайын сұрағанымызда Камал қажы осы үйде бала-шағасымен өзінің он жылдан бері тұратынын, арғы жағындағы үй қонақтарға арналған үй екендігін, алыстан келген қонақтарға арналған үйде 40 адамға жетерлік ыдыс-аяқ тұрғандығын жеткізді. Осы шаруаның бәрі Қайрат Сатыпалды бастаған үлкен жұмыстың жалғасы.

Камал аға өзі Талдықорғанның найманы. Сол облыста облыстық мәдениет басқармасының, Тіл басқармасының бастығы, «Қазақ тілі қоғамының» басшысы болыпты. Камал аға Қабанбай батырдың өмірін зерттеуге толық ден қойғаннан кейін, Астанаға ат басын бұрады. Бір-ақ күнде жұмыстан шығу туралы өтінішін жазып, мола басына келеді. Бұл кез келген адамның қолынан келмейтін тәуекел іс. «Келсем, мұнда кішігірім үй салынып жатыр екен. Осында мен қарашаның жиырма жетісі күні келдім. Кейін есептесем, Қабанбай атамыз қазақша жыл, ай қайыруы бойынша тура қарашаның жиырма жетісі күні дүниеден өтіпті. Бұл кездейсоқтық па, әлде сәйкестік пе?» деген зерттеуші  сөзінде жан бар секілді.

Жұма, сенбі, жексенбі күндері Қабанбай батыр кесенесіне зиярат ету үшін 100-150-ге жуық көлікпен адамдар келеді. Камал қажының алға қойған ендігі мақсаты айқын. Үнемі ізденісте жүретін зерттеуші: «Кесене айналасына ағаш егіп, су шығарып, үй салып қойдық. Осының барлығы халықтың шын ниеті. Аллаға тәубә, Қабанбай батырдың кесенесін ел таныды, біледі, мойындады. Қазіргі мақсатымыз - осы жерден мұражай ашу»,- деді. Шырақшының айтуынша, Қаракерей Қабанбай батырдың бүгінде он мыңнан астам тікелей ұрпағы бар екен. Зейнолла Сәнік, Болатжан Әбылқасымов, Марат Оспанов, Тұрсын Жұртпай, Амангелді Сейітхан, Махат Садық сынды ел таныған баба ұрпақтары бүгінде Қаракерей Қабанбай батыр кесенесіне тәу етіп, құран бағыштап отырады.

Осы ізденіс барысында діттеген мақсатқа жету мен шындыққа ұмтылу жолы оңай емес екендігін білдік. Бірақ жұдырықтай жүрек мәрмәр тасындай ақ болса, ақиқат жолы адастырмайтынына көз жеткіздік. Камал қажы Әбдірахмандай зерттеушілер бар жерде қазақ тарихы, Ұлы тұлғалар бейнесі одан сайын зорая бермек. Ұзақ әңгімеден соң, қажы ағамыз айтқан ондаған нақтылы тарихи деректерді тыңдағаннан кейін Қабанбай батыр моласы нақ осы екендігіне кәміл сендік. Азаттықтың ақ таңы үшін, мұсылман баласының еркіндігі үшін күрескен Қабанбай батырдың рухына арнап құран бағыштадық. Кей адамдар бар деректі көзбен көріп, қолмен ұстаса да өз болжамынан қайтпайды. Қате екенін білсе де тырысып, отырып алады. Бірақ уақыт өз дегеніне көндіреді. Шындық шымбайымызға батса да оны мойындау азаматтық парыз. Сапардан қайтқанда, тарихтан тағлым алатын жастар көп болса екен деп тіледік.

10 июня 2010, 11:44
4143

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10577
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4150
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3651
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3544
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3420
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2873
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3036
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2775
  • 19