Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:28, 01 июля 2015

«Таблиғи жамағат» ұйымына соттың тыйым салуының маңыздылығы

2011 жылдың 11 қарашасында толықтырулар мен өзгертулер енгізілген, қоғамда көп талқыға салынып әбден сүзгіден өткен «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» заң қабылданды. Өзгертілген зaң Қaзaқстан Республикaсының өзін демокрaтиялық, зaйырлы мемлекет ретінде орнықтырaтынын, әр aдaмның aр-ұждaн бостaндығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. Бұл–біздің мүддемізге, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастығымызға қызмет ететін маңызды заң. Аталмыш заң шеңберінде, елімізде қаптап кеткен миссионерлерді қайта тіркеуден өткізу барысында біраз кемшіліктер анықталып, қыруар істер атқарылды. Нәтижесінде  соңғы жиырма жылда емін-еркін арам пиғылдарын үгітіттеп жүрген діни ұйымдарға заң аясында, ел аумағында қызмет етуге тыйым салынды.

Десе де, ел ішінде өз идеяларын таратпақ ниетте жүрген жат пиғылды топтардың қарасы баршылық. Осындай топтардың ел бірлігі мен тұтастығына тигізер қауіпін алдын алу мақсатында ауқымды шаралар атқарылуда.

Бүгінде жалпы дүниежүзі жұртшылығын бір мәселе – түрлі бүлікшіл ұйымдардың экстремистік тіпті террористік әрекеттерге баруы қатты алаңдатып отыр. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында, ел аумағында лаң шығарып жүргендерді ауыздықтау үшін, бүгінгі қолданыстағы заңның мәні зор. «Діни қызмет жіне діни бірлестік туралы» заң күшіне енгеннен кейін экстремистік деп танылған он тоғыз ұйымның қызметі тоқтатылды. Солардың бірі – «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымы. Саясатпен еш айналыспаймыз, заңға мойынұсынамыз және имамдарға қарсы шықпаймыз деп айтқанымен, олардың ұстанымы қазақы қоғамға толықтай жат. Бұл ұйымның қызметінен дәстүрлі исламға қайшылық тудыратын әрекет бірден байқалмауы мүмкін, бірақ осыны пайдаланып олар өз қатарына жақтастарын неғұрлым көбірек енгізуді көздейді. Оның сырт елге барып сол жақтан нұсқаулар алып келіп басқарылуының өзі – басты қауіп.

«Таблиғи жамағат» ұйымы Қазақстанда өткен ғасырдың соңында бой көрсете бастады. Мемлекеттік тіркеуден өтпесе, емін-еркін өз ілімін дәріптейді. Заң талаптарын орындамай және оның орындалуына аса ынта танытпай, заңға қайшы әрекеттерімен көзге түсті. Соқыр сенімдегілердің қатарынан орын алған «Таблиғи жамағат» миссионерлік ұйымы–өркениеттен ада, орта ғасырлық киіну стилімен пәкістандық ілімді қазақ жеріне кеңінен насихаттап келген  кезбе уағызшылар. Дін ғалымдары дінді насихаттап, уағыз айту үшін кем дегенде оншақты жылдың төңірегінде арнаулы теологиялық білімі болуы керек деп пікір айтады. Ал бұл ұйымға мүше болып жүргендердің басым бөлігі діни сауатсыз екенін ескерсек, қоғамға қауіптің қай тұстан келерін бағамдай беріңіз.

«Таблиғи жамағат» - қaтаң тәртіпке негізделген құпия ағым. Ұйым мүшелері бaсшылaрын «әмір» деп атайды. Мүлткісіз  бaғынудың aрқасында кәсіби уaғызшы болып қaлыптaсaды. Ұйымның белсенді мүшелері жыл сaйын бір жылдың қырық күнін дінге aрнaуы тиіс. Олaр айдың үш күнін, аптаның екі күнін және тәуліктің екі сағатын да дінді дәріптеуге міндеттеледі.

Ислам діні отбасына ерекше мән беретінін білеміз. Отбасы, одан қалса көршіңе дін үйретпейінше басқа жерге дін жаюға шығу исламның негізгі қағидаларына қайшы келеді. Ал таблиғшылардың көбі мұны түсінбей, қырық күнге отбасын тастап, өзінің ағайын-туғаны, бауырлары, тіпті көршісі дін негіздерінен хабары да жоқ жүргенде, өзге елге уағыз жасап кетеді. Уағыз-насихат - сүннетке сай жасалуы керек. Ал сүннет бойынша Аллаһ елшісі (с.а.с) ең әуелде тек өзінің отбасын дінге шақырған.Ал қырық күн бойы отбасын қараусыз тастап кету, олардың тұрмыстық жағдайына, балаларының тәлім-тәрбиесіне бей-жай қараудың өзі нағыз дінге қайшы әрекет. Бұл – тікелей отбасының бұзылуына апарары анық.

Осы сынды қателері бұл жамағаттың басты кемшіліктерінің көрінісі болып отыр. Сол үшін ғұламалар бұл жамағаттың "дағуат жолына" шығуынан гөрі отбасы, ата-анасына, туған туыстарына, ілімге бет бұрғандарын абзал деп біледі.

Таблиғшылар осындай жат әрекеттерімен Қазақстандағы мұсылман жұртшылығы наразылығын оятып қана қоймай, құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

Елімізде аталған ағымның мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын, әсіресе Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын бұзуына байланысты құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Ағымның кейбір мүшелерінің бірнеше мәрте заң бұзған деректері кездеседі. Осындaй деректердің бірі - ұйымға мүше 5 талдықорғандық азамат біраз жылдан бері үгіт-насихат жұмыстарымен aйнaлысып келген. Жастарды шырмaуына түсіріп шетелдерге де жіберіп отырған.Олар көпшілікке экстремистік сипаттағы ұрандар айтып, дәстүрлі емес жоралар мен мінәжатқа үйреткен. Бұл іс-әрекеттерімен олар өздерін қоғам мен мемлекет алдында жағымсыз көрсетті Бүгінде олардың барлық кінәлары дәлелденіп, сот үкімі жарияланды..

Нәтижесінде, 2013 жылы 28 ақпанда Астана қаласы, Сарыарқа аудандық соты оның Қазақстан аумағында әрекет етуіне тыйым салу  туралы шешім шығарды.

«Талиғи жамағаты» Орта Азия елдерінің барлығында дерлік белсенді қызмет атқарған. Алайда, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресейде бұл ұйымның қызметіне әлдеқайда ертерек тыйым салған.

«Таблиғи жатағат» ағымының халықаралық болуы әлемнің 150 елінде оның шамамен 70-80 млн. белсенді ізбасарлары бар.

Ұйымның қысқаша тариыхына тоқталсақ, негізін 1927 жылы Суфизмнің деобандилік бағытының идеологі Мәулана Мұхаммед Илияс Кандехлири  Үндістанда қалаған.  Әу бастағы мақсаты ағылшын отаршылдығына қарсы тұрып, исламды өркендетуді көздеген пәкістандық ілім. Африка, Азия, Еуропа және араб елдерінде белсенді мүшелері қызмет етуде. Үндістанның Дели қаласы, Пәкістанның Карачи, Лахор қалаларында ірі орталықтары орналасқан. «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметін екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншісі - жария түрде ел-жер кезіп, апталап, айлап халықты ислам дініне шақыруды өздерінің парызы санайды. Басқа діни ағымдардан, материалдық шығындарды аз пайдаланып, жұпыны орта ғасырлық киім киініп, азға қанағат ету арқылы «ер азығы-жолданың» күнін кешіп, кезбе дағуат айтуымен ерекшеленеді. Бір қарағанда, ұстанымдарынан дәстүрлі ислам дініне қайшы келетін ашық соғысқа шақыратын тұстары байқалмайды. Бірақ, бұл ұйымның арам пиғылын - ислам дінін ұстанушыларды өзгелерден жоғары қоя отырып, үгіт насихат жүргізуінің астарынан нені көксегендерін зерттеушілер анық біледі. Екіншіден – таяқтың екі ұшы бар дегенді ескерсек, егер ұйым мүшелері қоғам мен билік тарапынан қандай да бір кедергілерге ұшырай қалса, олар ұйымдасқан түрде жасырын әрекетке көшеді. Сол себепті болса керек, ұйым мүшелерінің жиһадшылық идеяны ұстанатын топтарға қосылып, тіпті қарулы қақтығыстарға қатысулары жиі көрініс тапқан. «Таблиғи жамағат» – аталған сипаттарына сәйкес экстремизмге тіпті терроризмге апарар жолдың қақпасы,«қой терісін жамылған қасқырлар»  десекте артық айтпаған болармыз.  Бұлай деуімізге себеп – әлем бойынша лаңкес деп айыпталғандардың 80 пайызы осы «Таблиғи жамағат» ұйымының бастапқы идеологиясынан өткендігі анықталған.

«Талиғи жамағат» деструктивті ұйымына қатысты шығарылған сот шешімі, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Жолдауында айтқан сөздернің нәтижесі сынды. Елбасы  Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы жат діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз», – дей отырып, Қазақстан зайырлы ұстанымы мен ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі дінімізге қайшы, мақсаты бөлек жалған діни ағымдардың қызметіне қатаң тосқауыл қою қажеттігіне аса мән берген болатын.

Сонымен,«Таблиғи жамағат» –қоғамға сөзсіз кері әсерін тигізетін діни радикалды ағым. Сондықтан, елімізде бұл ұйымға заң жүзінде тыйым салынуы – мемлекетіміздің қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі игі істің нәтижесі екені анық.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің аға сарапшысы

Амантай Раушан

 
0
852
0