Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:42, 31 мая 2015

Құрлық әскери институна түсе алмай қалғаным жайлы

Blog post image

Мінекейін, 3 жыл өтті менің оқу бітіргеніме. Осыдан 3 жыл бұрын мектеп бітіріп Алматыға әскери институтқа түсуге кеттік. Керекуден 30 жуық адам. 3 жұма ыстығына төздік, шаңын жұттық, таңертер тұрып 3 км жүгірдік, кешке тағы да сонша. Аймағымыздан барған жігіттер орысшалау келген болатын, солардың оңтүстік балаларымен қырқысуында араша болдық. Бір күні біздің "недовзодқа" үш капитан келді "Сабақты жақсы оқитындарын бар ма?!". Өзімді сондаймын деп ойлайтынмын. Орнымнан тұрып "менмін" дедім.
-Ертең сағат 8-де штабтың алдында болатын болсын. 
Ешкім қарсылық айтпады. Сөйтіп таңертен келдік. Жанымда бір жігіт бар, Петропавлдан. Шай мен сүт те бермеді, арғы жақтағы каморкаға апарып тықты. Бір кезде майор келді, майор болғанда үлкен мәселелерді шешетін адам. Қалтасынан ҰБТ-дің кітапшасын алып шықты. Шештік, шығардық, кейін білгеніміздей 100 балдың 77-сін алып беріппіз. Майор да, абитуриент те риза. Талдықорғандық жігіт екен. Біздің фамилиямызды жазып алды. 
Содан тағы да 3 күн өтті. Барлық емтиханды жақсы тапсырдым. Жанымдағы жігіттер де қиналып жатқан жоқ. Бір қызығын айтайын, ешкім ренжімес: біздерді аймақтарға бөлетін, сөйтіп аймақ бойынша таңертен жүгіретінбез, капитандар келіп "отжимание" жасатқанда, именно, солтүстіктің жігіттері қыңқ етіп дыбыс шығармайтын. Себебі де белгілі: өзге жақтың жігіттеріне қарағанда біздер таныстарсыз, қаражатсыз, тек адал ниетпен келген жігіттер едік. 
Психологиялық тест тапсырдық. Жауабы 2 күннен кейін болады деді. Екі күн емес, екі апта күттік. Тек "мандаткаға" 1 күн қалғанда ғана келді. Кешіккенінің себебін кейін білдік. 350 адаммын 75-ін үйге қайтарды. Психологиямыз жарамайды деп. Арасында 4-сыныптан бері "Жас Ұланда" оқыған Семейден келген, Астанадан келген жігіттер бар. Менің жанымдағы керекуліктердің екеуі жергілікті кадет мектебінен, олар да өте алмай, сағы сынып үйге қайтты. 350 баланың тек біреуі ғана домбыра шерте алатын, ол да кетті. Концерттерде жүргізуші болған мен де кеттім. Арамыздағы ақын жігіт Айзат деген, ол да үйіне оралды. Сол шақтан бері менің жалғыз қағидам бар - ешкімге пара бермеу... 
Осымен "Әскери институт" деген бір керемет шақтың есігі жабылды. Басымызды төмен түсірген жоқпыз алайда. Себебі, кигініміз көйлек, таққанымыз орамал емес...
Енді міне, 4 курс аяқталады келесі жылы және тағы бір белесті бағындыру ойда бар... Ал әзірше, алдымызда үш айға толы қызықты уақыт.

0
641
0