Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
22:36, 14 мая 2015

«Маңғыстау облыстық дирекциясы тоқсан сайынғы кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесінде 11 қызметкердің еңбегін ескерткіш грамоталарымен марапаттады»

Маңғыстау дирекциясы коммерциялық және техникалық бағыттағы сервистік бөлімшелердің 11 қызметкерін кәсіби шеберлік конкурсының 1 тоқсандағы нәтижесінде ескерткіш грамоталарымен марапаттады.

Blog post image

Қызмет көрсету сапасы мен абоненттерге сервистік қызметтерді ұсынуды арттыру мақсатында  бірнеше жылдан бері телекоммуникациялар дирекциясы бөлімшелердің қызметкерлері арасында  шеберлік пен ниеттестік деңгейін арттыру және дамытуға тоқсан сайын кәсіби шеберлік конкурстарын өткізіп келеді. Осы конкурстың барысында  білікті қазылар алқасы: коммерциялық және техникалық бағыттардың басшылары, сервистік бөлімшелердін бастықтары және конкурстың ұйымдастырушысы - сервис-менеджмент бөлімі қатысушыларды қызмет көрсету сапасы мен мәдениеті, клиенттердің тарапынан шағымдардың жоқтығы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағалады.

Конкурс жеңімпаздары болып Гүлшат Сақтағанова, Наталья Морозова, Қарлығаш Боранбаева, Гүлмира Сәтиманова, Бейбіт Рахымбердиев, Қуандық Тортқұлбаев, Әділ Хайруллаев, Дәурен Нұрбердиев, Мақсат Қуандықов, Бақтыбек Жаманов және Алтыншаш  Теңізбаева танылды. «Компаниядан марапат пен сыйлық алу маған  қуаныш сыйлады! Біздің абоненттерге ең үздік қызметтерді ұсыну үшін компания қызметкерлері барлық мүмкіндікті жасайды!», - деп Телекоммуникация желісін дамыту цехының электрмонтері Қуандық Тортқұлбаев алғысын білдірді.

Маңғыстау дирекциясы клиентке бейімділікке, ашықтық мен адалдыққа бағытталған компания саясатын әрқашан қолдайды, соңдықтан абоненттерге ең үздік мамандар қызмет көрсетеді.

 
1
389
0