Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
05:37, 13 мая 2015

Пресс-релиз

2015 жылғы 13 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты жағдайда еліміздегі дәстүрлі діни бірлестік басшыларына «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» естелік медалын табыс етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі №1035 Жарлығымен еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан айтарлықтай үлесі үшін, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас муфти Маямеров Ержан Малғажыұлы және Қазақстан православие шіркеуі Митрополит округінің Басшысы Александр марапатталды.

Медалдарды табыстау миссиясын орындау кезіндегі өзінің құттықтау сөзінде Мәдениет және спорт министрі         ислам мен православие көпұлтты Қазақстан халқының руханилығы мен мәдениетінің аса маңызды тұғырына айналды деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы бүгінде әлемде конфессияаралық келісім үлгісі ретінде танылып отыр. Еліміздегі ислам мен православиелік христандықтың көптеген ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір сүруі халқымыздың ауызбірлігінің дәлелі бола алады.

Министр діни жетекшілерге арнаған құттықтау сөзін «Әрбір дін өз тілінде адамдарға жалпыадамзаттық құндылықтарды жеткізе отырып халықтың сан ғасырлық рухани құндылықтарын сақтаушы ретінде көрінеді. Сіздердің бейбітішілікті ту еткен миссияларыңыз алдағы уақытта да табысты түрде жалғасын табатынына сенімдімін» деп тұжырымдады.

Ислам және православиелік христандық басшылары, өз кезегінде, өз қызметтерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын жеткізді және алдағы уақытта да елдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған қызметтерін жалғастыра беруге дайындықтарын білдірді.

0
167
0