Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
05:22, 25 марта 2015

Встреча с Cью Коппард — Cью Коппардпен кездесу

Сью Коппард основатель ВУФ WWOOF всемирного движения в интервью рассказывает об истории и развитии ВУФа и делится некоторыми моментами из жизни в Великобритании.

Сью Коппард (Sue Coppard) - ДОФМ (WWOOF) Дүниежүзілік қозғалысының ұйымдастырушысы интервьюда Ұлыбританиядағы ішкі жағдайлары мен ДОФМ кәзіргі кездегі дамуы мен тарихы туралы айтып өтті.

Blog post image

Здравствуйте!

Когда вы начали ВУФ?

Я начала ВУФ в 1971 году. Первые ВУФ выходные были в октябре 1971 года, когда я жила в Лондоне и работала секретарем. Иногда мне хотелось поехать на село, но у меня не было там друзей или родственников. И мне казалось, что было бы интересно побывать на селе - в случае если я предложу свою помощь, и мне позволят там остановиться - возможно, одному человеку ехать туда будет неуютно, а возможно, что и другим людям будет интересно то же самое что и мне. После некоторых поисков и обращений я нашла ферму готовую принять нас на пробные выходные. Это была ферма при училище Эмерсон в графстве Сасекс, что в южной Англии. Итак, у нас были пробные выходные – нас трое: я и два других человека сели на поезд в пятницу вечером и пробыли там все выходные. Мы помогали по хозяйству. Это была помощь по дому. Мы расчищали поля от заросшей ежевики, которые вились от забора, помогали очищать канавы, которые были забиты. Но, прежде всего, фермеры сомневались, что мы могли им хоть как-то пригодиться, но в конце выходных они сказали – “о, да, вы хорошо справились, не хотите приехать на следующие выходные”. И это все про то, как прошли наши первые выходные.

Один из моих знакомых был журналистом, который написал статью об этом. И люди прочитали ее – в том числе и фермеры, которые и предложили: “не хотел бы ты помочь на ферме на выходных”. Ещё в самом начале это называлось как “трудовые выходные на фермере”. В конце концов, собралось 15 человек, которые захотели вуфить - через мое объявление, которое я разместила в журнале Лондон Тайм Аут. Ну, вот такой вот скетч получился, как-то так.

Продолжение следует…

   

Cәлеметсізбе!

Қашан Cіз ДОФМ бастадыңыз?

Мен ДОФМ 1971 жылы бастадым. Бірінші ДОФМ уикенді 1971 қазанда болды, және мен Лондонда тұрдым, мен секретарь болып жұмыс істедім. Менім кей кездерде мемлекетті аралағым келді , бірақ менде достар және туыстар болған жоқ. Және сонда мен ойландым, менім фермада тұрғым келеді біраз, мүмкін, егер мен оларға көмегімді ұсынсам олар маған тұрақ бере алса жақсы болатын еді. Бірақ жалғыз барсам жалғызсырап қалам, мүмкін басқа адамдарға да бұл ой ұнап қалады. Және біраз анықтамалардан және контакттардан кейін мен бізге апта аяғында сынамалы мүмкіндік беретін ферманы таптым. Бұл Оңтүстік Ұлыбританиядағы Сассекс жеріндегі Emerson College-ден төмен қарай жер. Біз, үш кісі – мен, және тағы екі кісі теміржолмен жұма күні түнде барып апта аяғын сонда өткіздік. Біз жұмыс істедік. Біз үй жұмыстармен айналыстық. Біз далаға өсіп кеткен бұта қоршамы ретінде өскен қара бүлдіргенді және бітеліп қалған орларды тазаладық. Алғашқыда фермерлер, ауа-райы нашар болғанда біздің көмегі қажетсіз болып қалуы туралы қатты күдіктенді. Бірақ уикендтің аяғында олар «О! Уау! Сендер біраз жұмыс аяқтадыңдар, солай емес па? Тағы бір уикендте келмейсіндер ма?» деп өздері ұсынған. Осылай бірінші уикенд өтті.

Менің контакттардың бірі тілші болған, және ол жер армиясы туралы мақала жазды. Мақаланы бірнеше ферма иелері оқып және ұсыныс жіберді: «Сіз келіп тегін жұмыс істей аласыз ба апта аяғында?». Бұл негізі, органикалық (химиясыз) фермалардағы жұмыс уикендтері/апта-аяғы (working weekends on organic farms) деп аталынды сол күндер. Бірте-бірте мен London Timeout журналына жарнама беру арқылы wwoofing-ке қатысқысы келген 15 адам таптым. Бұл шамалы созылды.

Лауазымды тұлғалар  немесе мемлекеттік ұйымдар wwoof туралы біле ма?

Бүгін, WWOOF (Ұлыбританияда) қайырымдылыққа айналды, ресми қайырымдылық. Ең басында бірнеше адамдар ғана бастаған қайырымдылық. Иә, бұнда екі нәрсе:  бірінші, кейбір кісілер келгісі келеді - олар WWOOF арқылы жұмыс істегісі келеді деп айтып, ақыры, Ұлыбританияға келген кезде жоқ боп кетеді. Сондықтан да, бұл жағдай иммиграция лауазымды тұлғалар және үй офис үшін кері көрініс береді. Сонымен қатар көптеген кісілер шетелден келіп оларды үйге қайта жібереді - бұл сұмдық болды. Білесіз бе, олар тікұшақпен келіп және оларды қайта үйге жібереді. Және де мен иммиграциялық бөлім мен үй офиске көп «осында бірдене қате болса, шетелден келген кісілер өз Ұлыбринияға келуімен байлансты уақытын босқа кетірмес үшін дәл кәзір айтыңыз» сияқты хаттарды жазып, олармен бірнеше рет хабарласып сұрадым.  Бірақ олар ешқашан жауап қайтарған жоқ.

Бірақ, Чарльз Ханзада WWOOF туралы біледі. Бұл жақсы. Мен онымен кездестім. Мені ол шақырған болатын. Менің ағам және оның әйелі маған WWOOF-ты бастау үшін көмектескісі келді. Олар үлкен зерттеу жүргізіп, барлық мәліметті үкімет бөліміне жіберген болатын. Бірақ ештене шықпады. Бірақ бір жылдан соң, маған Букингем сарайында өткізілетін Бақша сауық кешіне шақыру хаты келді. Барлық қиын жұмысты жасаған менің ағам және оның компоньонымен барып біз Чарльз Ханзада да түстен кейін сол маңайында болатынын туралы естідік. Маған айтпай, менің ағам Чарльз Ханзадаға хат жазған болатын. Хатта, Чарльз Ханзаданың WWOOF ұйымдастырушысымен танысуы туралы сұрап, ол Бақша сауық кеште сейсенбіде болатынын айтып өтті. Және мен Чарльз Ханзададан ресми хат қолға алдым. Хатта Чарльз Ханзадамен түстен кейін кездесуі туралы айтылды. Осындан кейін біз Чарльз Ханзаданы кездесу үшін кезекте тұрып, оның ресмиі оған мен туралы айтты, сонда ол «А, WWOOF, Сіз біраз жұмыс істейсіндер, солай ма». Барлығы жақсы өтті. Ол біздің президент, ұйым қолдайтын біреу болса деп сұрадым бірақ ол кәзіргі кезде басқа қызметке қатысып отырғаны туралы айтты (басқа ұйымдармен). Чарльз Ханзада бақшаға өте қатты қызығады.

Сондықтан, WWOOF туралы барлығын оқи аласыз: бау-бақшамен айналысу, фермелік белсенділік, шикі көмір жасау мысал үшін, ағашты баяу жандырғанда сосын оны отын ретінде қолдануға болады.

Сіз шетелде WWOOF-тадыңыз ба?

Мен Италияда WWOOF-тадым. Мен Ұлыбританияның кейбір аралдарда болдым (Мэн, Силли, Уэлс аралы). Шетелде көп емес.

Сонымен, қандай бұл қызмет болды?

Көбінесе, бұл бақшадағы жұмыс және мен тауықтартың қанаттарын алдыруыңа көмектестім – бұл олардың алысқа, немесе дуалдан ұшып кетпес үшін жасалынады. Осылай олар тіке ұша алмайды.

Осының бәрі қандай ой әкелді?

Мен ауыл жерлерінде тұра алатынын туралы түсіндім. Және менде бүкіл Ұлыбританиядан байланстар пайда болды. Көптеген байланыстар. Қайда барсам да, мен жалғыздықты енді сезбеймін. Өйткені, мен WWOOF адамдары білемін.

Сонымен қазір Ұлыбританияда  барлық жерлеріндегі фермалар бар?

Иә, бізде көп. Бізде бес жүзге тақау WWOOF фермалар бар, мүмкін одан да көп. Мен нақты айта алмаймын. Бірақ бізге одан да көп фермалар керек, өйткені WWOOF-ерлер саны көп. Бізге тағы да фермалар керек.

WWOOF-таудан кейін немен шұғылдадыңыз және Сіздің өміріңіз қалай дамыды?

Мен ауылды жерде тұрып көрдім. Мен Лондонда болдым. БІрақ біраздан кейін кішігірім қалашыққа қоныс аудардым. Мен, кішкентай ауылдарда тұруды ұсынам. Бұл өте, өте қызықты. Бұл аңыз. Сіз көптеген адамдарды білесіз.

Сонымен WWOOF деген не – демалыс, фермерлілік, бақшашылық, бейімділік т.б.?

Барлық түрлі. Не деп ойласан сол. Шынымен. Көп жұмыс істесен және өған қашан қаттыссан ол WWOOF деп атала береді. Менің ойымша бұл басты жарнама.

Және WWOOF-пен айналасуымен қатар немен айналысасыз?

Мен, өмірді көп уақыты хатшы болдым және де мен музыкамен шұғылданам. Мен аккордеонда ойнаймын. Мен тағы да басқа ұлт аспаптарды ойнаймын, әртүрлі стильдерді, батыс музыкасын негізінен. Мен опера, классикалық музыка, 20шы,30шы,40шы жылдар музыкасын, Битлз тобының және Американың 30шы жылдар музыкасын ойнаймын. Өйткені, Ұлы Америка Өлендер кітабында танымал өлеңдердің соншалықты тамаша композитерлері әсіресе 30шы жылдары болған. Мен көптеген ұлттық музыканы жақсы көрем, олардың ішінде француз, испан, итальян, латын америка, шығыс еуропалық, готикалық, ирландтық.

Ұлыбританияда қалай өмір өзгерді, кәзір және бұрын?

Бұл Сіздің қандай адамдар тобына жататына байланысты. Бұл тым қиын. Есірткі көбейді. Менім ойымша өмір еркіндеу қазір. Адамдар шынымен де өте толерантты. Қазір органикалық заттарға қызығушылық білдіреді және химикалық заттар қанша нашар екені туралы ойлауда.

Әдеттегі ағылшын таңертенгі ас бұл не?

Сіз кім екеніне байланысты. Көптеген адамдар мюсли, кофе немесе жеміс шырынын, шәйді ішеді. Кейбір адамдар таңғы асты дайындайды. Мен таңғы асты дайындаймын, еген қонақ үйде болмасам. Әдетте, мен ыстық шоколад пен май жағылған бірнеше ыстық бисквиттер мен кофе дайындаймын. Адамдар тағы жеміс жейді. Көптеген таңертенгі астың түрлері. Көптеген адамдар тосттар мен кофе ішеді. Және мен шәй ішпеймін. Бірақ кофе ұнатамын.

Cұхбаттасқаныңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан: WWOOF Қазақстан

2014 жылы, қараша

 

Пайдалы сілтемелер:

Сассэкстағы Эмерсон колледжі: http://www.emerson.org.uk

Вэльс жеріні Чарльз Ханзадасы: https://en.wikipedia.org/wiki/Charles,_Prince_of_Wales

Лондон Таймаут журналы: http://www.timeout.com/

Лэнд армиясы: https://en.wikipedia.org/wiki/Women's_Land_Army

Ұлы Америка Өлең кітабы: https://en.wikipedia.org/wiki/Great_American_Songbook

WWOOF Қазақстан: http://www.wwoofkazakhstan.org

2
1282
0