Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:07, 05 марта 2015

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ STREPTOCOCCUS PNEUMONIAЕ АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУДІ АЯҚТАУДА

ҚР ҰЭМ-нің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК-нің бактериологиялық зертханасы базасында Streptococcus pneumoniaе анықтау бойынша зерттеу жүргізілуде.


Blog post image

Жұмыс Қазақстан Республикасында пневмококктық инфекцияны эпидемиологиялық қадағалау моделін пысықтау шеңберінде жүргізілуде, Тексеруге пневмококктық инфекцияға қарсы егілмеген және пневмококктық  коньюгацияланған екпенің толық курсын алған 2 айдан 5 жасқа дейінгі жастағы Қарағанды қаласының 5 емханасына баратын балалар жатады. Қарағанды облысының аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мерзімі болып 2015 жылғы бірінші тоқсан айқындалған. Тексеруден 500 адам өтеді деп болжамдалып отыр. Зертханалық зерттеу деректері пневмококктық инфекциямен сырқаттану аясын талдау және вакцинацияның тиімділігін бағалау үшін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне ұсынылатын болады.

 
0
344
0