Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:30, 23 февраля 2015

2015 жылғы 23 ақпандағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 23 ақпандағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 400 927 ЖРВИ немесе тұмауға ұқсас ауру жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (70%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 693 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 23 ақпанда барлық 16 аймақтарда тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді.

Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 698 354 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,8%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 447 992 бала және 1 250 364 ересек тұрғындар (оның ішінде 161 128 медицина қызметкерлері және 81 263 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ке өскені байқалады.

Профилактикалық шаралар. Ұсынымдар тұмау және тұмауға ұқсас аурудан жеке және қоғамдық профилактикасы бойынша шараларды қамтиды.

Профилактиканың бір әдісі белсенді иммунизация, яғни вакцинациялау болып табылады. Осының арқасында аурудың басталмай жатып-ақ алды алынады. Вакцинацияны күз кезінде өткізген дұрыс, себебі тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өтеді. Егуден кейінгі антиденелердің жоғары титрі бірнеше ай тұрады сақталады және вакцинациядан кейін 6 айдан соң төмендей бастайды.

Тұмауға қарсы вакцинация алған адам тұмауға ұқсас аурумен (парагрипп, аденовирусы, риновирусы, реовирусы т.б.) аурып қалуы қателесіп оны тұмау деп ойлауы мүмкін. Тұмауға ұқсас ауруларға қарсы вакцинация жоқ, тұмаудан айырмашылығы олар жеңіл, ауырлығы төмен асқынулармен өтеді.

Сонымен қатар организм өз қорғаныс күштерін күшейтуге бағытталған тұмаудан және тұмауға ұқсас аурудан қорғанудың тәсілдері бар:

- иммунитетті көтеретін препараттар (анаферон, интерферон,виферон, интерферон индукторы) вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалиндық, антивир т.б.), полидәрумендер қолданылады;
- иммунитетті көтеретін профилактикаға арналған қолжетімді тәсілдер (пияз, сарымсақ, шөптердің, итмұрынның қайнатпалары және басқада кұрамында С дәрумені жоғары, қарақат, ашытқан қырыққабат цитрустартар сияқты) қолдану;
- организмді шынықтыру керек: тамақты суық сумен шаю, ыстық- суық себізгімен шайыну және бассейн.

Тұмау және тұмауға ұқсас аурудың көтерілуі кезінде мыналар ұсынылады:

- денсаулығы нашар адамдармен қарым-қатынаста болмау;
- көп адамдар жиналған әсіресе жабық бөлімдерде болуды азайту;
- қолмен ауызды және мұрынды ұстауды азайту, өйткені арнайы бақылау қолдың күніне 300 ретке дейін мұрын және көз бөлінгілер, сілекеймен жанасатынан көрсетті. Сол себепті қолды әсіресе науқасты күту кезінде немесе ауырған кезде сабынмен, ең дұрысы жие жуу керек.
- егер отбасында науқас ауру адам бар болса науқаста сау адамдарда медициналық бетперделерді қолдану қажет;
- үй-жайда үнемі желдетіп отыру керек және дезинфекциялық құралдарды қолданып барлық беттерді сүртіліп ылғалды жинау керек.

0
193
0