Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-1
17:26, 26 января 2015

SMART мақсаттар

Өткен жазбамда 2015 жылға қойған мақсаттарым туралы жазып едім. Осы жазбамда қалайша дұрыс жоспар құру керек және оларды нәтижелі орындау туралы әдістермен бөлісемін. (Бұл жазба Youtube-тағы Put Your Ph.D, To Work: Planning for a Successful Career атты видеоға негiзделген.)

SMART мақсаттар қою

Әрине, өзiне мақсат қоюдын әртүрлi жолдары бар. Солардын iшiндегi SMART деген әдiспенен бөлiскiм келедi. Ол тиiмдi әрi жетуге оңай мақсат қоюға арналған. Қысқаша айтқанда, ол қойылған мақсат нақты (Specific), өлшене білетін (Measurable), әрекетке негiзделген (Action-oriented), қол жетiмдi (Realistic) және уақытпен шектеулi (Time-bound) болуы тиiс деген қағидалар. Барлығы осы. Оп-оңай. Ал ендi мысалдар келтiрiп қарастырайық.

Бiреудiң өзiне қоя алатын мақсаттардын мысалы:

  1. Пәк адам болу
  2. Мiнсiз болу
  3. 1) мен 2) қоса бақытты өмір сүру

Қай қағидалар орындалмай тұр? Бәрi деп айтсақ қателеспейміз. Мүмкiн оларға жетуге болады деп айтарсыз, бiрақ та олар нақты (specific), өлшенетiн (measurable), әрекетке негiзделген (action-oriented) және уақытпен шектеулi (time-bound) емес.

Басқа мысал:

  1. Сурет салу қабiлетiмдi жетiлдiру
  2. Былтыр бастаған кiтаптi бiтiру
  3. Жасым жүзден асып шөберелерiмнiң тойларын көру

Жақыннан қарап көрейiк. 1) Ол қол жетiмдi және едәуiр нақты, бiрақ уақытпен шектелмеген. Айта кететiн жәйт, бұл мақсатты өлшенетiн және әрекетке негiзделген қылуға болады (мысалы, сурет салудан он сабақ аламын). 2) Кiтапта неше тарау бар, қаншасы оқылып шықты және қашан бiтiремiн деген сұрақтарға жауап берiлсе SMART-мақсат қылуға болады. 3) Ол жетiмдi емес әрi әрекетке негiзделмеген, яғни, оның даму барысы толықтай бiздiң қолымызда емес.

Және соңғысы:

  1. http://www.typingstudy.com сайтында күнделiктi бiр сабақ ала отырып екi аптада қарамай компьютерде жазуды үйрену
  2. Ағылшын тiлi бiлiмiмдi жоғары деңгейге көтеру: ағылшын тiлiнде екi сериал қарап шығу (Breaking Bad пен Suits), бес кiтап оқып шығу (кiтаптардын тiзiмiн келтiру) және күнделiктi жұмысқа бара жатқанда NPR радиосын және подкасттар тыңдау
  3. Тепе-теңдi өмiр сүру (интеллектi, рухани, денелiк, әлеуметтi)

1) Бұл қарапайым болғанмен өте жақсы мысал. Ол нақты (Specific - қарамай жазуды үйрену), өлшенетiн (Measurable - алған сабақтар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - күнделiктi онлайн сабақ алу), жетiмдi (Realistic - сөзсiз) және уақытпен шектелген (Time-bound - екi аптада бiтiру). 2) Бұл да сондай: нақты (Specific - ағылшын тiлiн жетiлдiру), өлшенетiн (Measurable - оқыған кiтаптар саны және қараған сериалдар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - кiтап оқу немесе сериал қарау), жетiмдi (Realistic - иә) және уақытпен шектелген (Time-bound - мысалы күнде кешке кiтап оқи отырып және апта соңы сериал қарап жарты жылда бiтiру). 3) Бұны бiрнеше SMART мақсаттарға бөлуге болады.

Уақыт бөліп оқығандарыңыз үшін рахмет. Келесі жүздескендше!

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

-1
15359
0