место в рейтинге
  • 198695
  • 178
  • 40
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Найман шежiресi

Құран кәрімде «Мен сендерді шүбәсіз бір еркек пен бір әйелден жараттым. Біріңнен біріңді ажырату үшін ұлттар мен руларға бөлдім» деген сөз бар. Алла сөзі ақиқат. Демек, мені қазақ қылған Жаратушы ием. Найман руынан өргізген де Тәңірім Алла. Ендеше мен руымды жасырмауым керек. Найман еткен құдайға ризашылығымды білдіріп, айтып жүруім міндет.

Бүгін жастар мешітке көптеп келе бастады. Қуанышты, әрине. Десек те, Имам Ағзам мәзғабінен ауып кеткендер көбейіп барады. Біздің дәстүрлі исламнан айнып, салт-санамызға жат уахабтық жол ұстанушылар пайда болды. Олар қазақ тарихын, шежіресін ислам арқылы таратқысы келеді. Алайда ислам қазақ даласына 9-10 ғасырда ендей бастады ғой. Ал ғұндар, сақтар бұдан он бес ғасыр бұрын тарихқа енген. Жасырмау керек-отқа, жер-суға, айға, тәңірге табынғанбыз кезінде. Мұны сызып тастасақ  тарихымыз кенжелейді.

Жалпы, қазақта шежіре көп. Басқаны былай қойғанда наймандар жайлысы қаншама. Әр тайпа өз шежіресін жазып жатыр. Бұл іске өз кезінде қазақ жазба тарихының атасы Мұхаметжан Тынышбаев, Шәкәрім қажы, Ақтайлақ би бабаларымыз да із салып отырған. Тіпті Потанин де жазыпты. Алайда М. Тынышбаев пен Шәкәрім қажы аталарымыз шежірені ғылыми тұрғыдан тереңдеп зерттеуді мақсат етпесе керек. Естігендерін ғана жазып отырған сияқты. Содан ол шежірелер де жаңылыс кетеді. Басы Алтайда, тең ортасы Арқада, аяғы Ақтөбеде жатқан наймандарға аттары толық жетпегендей. Сондықтан өз басым шежірелерді назарға аламын. Оларды нақтылы дерек ретінде қабылдамаймын. Қосымша тарихи ақпараттармен дәл келсе – онда сөз басқа.

Мысалы, Шәкәрім қажы атамыз найманды мұсылмандық тек арқылы 16 ғасырда туғызады. Бұған ренжуге болмайды. Бұл шежіре ғой. Найманның 5-6, ғасырда Арық Бұқа, Семіз Бұқа хандары басқарған мемлекет екені тасқа жазылған. Алшақтық аттай бір мың жыл.

Ақтайлақ би атамыз бар найманды Өкіреш Шалдан таратады. Алайда Өкіреш Шал баба 14-15 ғасырда өмір сүрген данышпан. Тағы да жаңылыс. Сол сияқты Ұлы Жүз түп-түгел (Жалайырдан өзгесі) Бәйдібек әулие бабамыздан тарайды дейді Ұлы Жүз шежірешілері. Бұл да сенімсізбіз. Себебі Бәйдібек әулие атамызды шежірешілердің алды 6- ғасырда, арты 14 ғасырда туғызады. Дұрысы 14 ғасыр сияқты. Себебі кіші шешеміз Нұрила-Домалақ анамыз 14 ғасырда туғаны дәлелді. Ал үйсін, дулат Иса пайғамбардан бұрын, бүгінгіден 2000 жыл бұрын бар ғой.  Ендеше Ұлы Жүз шежірешілері де жаңылыс айтып отыр.

Осы себептен де шежірені малдану қиысқа алып кетуі мүмкін. Оған мойынұсынбау қажет.

Осындай қателіктерге жол бермеу үшін нақтылы тарихи тұлғаларымызды аңыздан аршып алу қажет. Ал, ол үшін тарихи деректер іздеуіміз керек. Әйтпесе, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Албан Хангелді секілді Ұлы Батырларымызды Ер Төстік, Ер Сайын, Ер Тарғын сияқты қиял-ғажайыпқа ұрындырамыз.

Біз Қаракерей Қабанбай батырды зерттеуге осы тұрғыдан-тарихи тұрғыдан ден қойдық. Аңыз, дастан, шежірелерді тарихи дәлдігі тұрғысынан талдадық. Сәйкес келетін, дөп түсетін тұстар да мол. Десек те аңыз бен шежіре нақтылы тарихтан көп кемшін.

1979 жылы «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» атты өте беделді ғылыми кітап жарық көрді. Редакция алқасы, дайындаушылар кілең академиктер, докторлар. Осы кітапта Қаракерей Қабанбай  батырды Арқада – Сарыбелге жерлепті. Мақала авторы, тұстасым ғалым Болатжан Абылқасымовты тауып алдым. Университетте қатар оқығанбыз. Мүтілім ұрпағы Шығыс Қазақстан, Семей, Жетісуда отырған Хан Батырдың жамбасы Арқаға тигеніне сенбейтінімді айтып, күмән келтірдім. Сол жолы Болатжан:

-         Өзің зертте. Көзің жетеді, - деді.

Бәрібір сенбедім. Менің бабам ұрпағы мекендеп отырған өлкеден солтүстік батысқа қарай бір мың шақырым жерде қалай жатыр? Алғашқы сұрақ осы болды.

Сөйтсем, ғалым қателеспепті. Қаракерей Қабанбай батыр туғанда да, өлгенде де найманның топ ортасы Арқа екен. Бабамыздың:

Арқаға арнап бейіт соғып,

От орныма қойындар.

деуін кейін, тарихи құжаттар арқылы түсіндік. Бұл құжаттарды алдыда ұсынамыз. Өздеріңіздің талқыларыңызға  саламыз. Осының біреуін ғана айтайық. Бейсенғали Садыхан шежіреші 1724 жылы Ақмолада, Нұра бойындағы қаракерей Ақымбеттердің ауылында наймандардың түселі өтті дегенді жазып кеткенін, ғалым ағамыз Зейнолла Сәнік жариялады. Жеті мәселе қаралапты. Бірінші мәселе: Жердің наймандікі екенін ақ патшаның мойындауы.

Осы шежіре дерегін Омбыдан таптым. Айна-қатесіз орыс тарихшылары жазып, қаттап, архивке өткізіпті. Бар найман съезд өткізу үшін Арқаға-Ақмолаға-Нұраға артынып-тартынып келмейді ғой. Арқа ол тұста Қабанбай атамыздың руының топ ортасы екені нақты көрінді.

М.Тынышбаевтың «Матайдың ұраны – Бөрібай. Ол 1740-45 жылдары Атбасар өңіріндегі Сарысу бойына жерленген» деп жазғаны бар. Ақмола өңірінің топономикасы найман-қаракерейлердің аттарымен толығып тұр. Мысалы: Дәулетбай, Шахаман, Шүңет, Ағанас, Жантеке, Жанбике, Ергөбек, Байгөбек, Кешу, Жолымбет, Мырзагелді, Әлі, Қожақұл, Байжігіт, Жанжігіт, Қалытон, Еспенбет, Есенгелді, Жапақ... т.б.

Дастандардағы атамыздың өзін Арқаға жерлеу тұрғысындағы өсиеті осылайша тарихи тұрғыдан дәлелдеуі қажетсінеді.

1851 жылы Омбының коллегиялық хатшысы Уфимцев былай деп жазыпты: «Ақмола қаласы өзі негізі қаланған 1832 жылы қаладан 25 шақырым жердегі, қыр үстіндегі қырғыздың (қазақтың) моласынан атын алады». Қаракерей Қабанбай батыр моласы көне-Ақ патшаның қара жолымен тұп-тура 25 шақырымда бой көтерген. Уфимцев осы ақпаратында «Улькун» деп атап көрсетеді. Ақмола өңрін көп зерттеген  Клара Әмірқызы апайымыз:

-         Бұл оңірде екі Ақмола болған. Ол – Қаракерей Қабанбайдың

үлкен Ақмоласы және Ұзын қыпшақ Нияз бидің кіші Ақмоласы, - дейтін.

Әкесі – Дарабоз қайтыс  болғанда Назым батыр:

Жиылып тегіс ас беріп,

Қайтқан жерін айтайын –

Есіл-Нұра арасы.

Ақ атанын шөгеріп,

Жатқан жерін айтайын -

Сарыбелдің сағасы, -

деп жоқтаған екен.

Бұған Дәулетбай батырдың келіншегі  Дарабозға қарата:

Есіл менен Нұраның

Арасына сыймаған

Қайран менің қайныағам, - дегенін қосыңыз.

Осы аңыздарды тарихшы ғалымдар Апполова мен Бекмахановалардың «18 ғасырдың 40-60 жылдары Арқада қауымдық жерлер бөлінді. Мысалы, Қабанбай батыр Есіл мен Нұра арасында көшіп жүрді» деген нақтылы деректерімен толықтырсақ Ұлы сардар-Қабанбайдың моласы қайда екені айғақталады.

Белгілі жырау Қыдырмолда атамыз 1931 жылы Ақмоладағы бабасының бейітіне үш күн түнегенін жазып қалдырған. Ол кезде Қаракерей Қабанбайдың кесенесінде Досан деген қария шырақшы екен. Ол кісінің аталарын 1858 жылы ел шығысқа көшкенде «Дарабоздың басына ие боласыңдар» деп қалдырыпты. Өздері Әлі –Садырбайдан тарайды.

Әр факті осылайша ғылыми талдау, деректерді  қайта-қайта салыстыру арқылы дәлелденуі қажет. Соңда ғана шындыққа жете аламыз.

13 мая 2010, 20:20
32510

Загрузка...

Комментарии

Керемет!! Қаза0 тілдің бар сұлулығын қолданып әсерлі жазасыз. Дұрыс айтасыз. Осындай пайдалы мағоұматтарға көп рақмет!
Руым Найман,Матай,Төртқарадан тараймын,жетінші атам Апыр атамыз Қожа Ахмет Яссауи мешітінің жандағы батырлар қорымнда жерленген.
Төртқара кезінде екіге бөлініп кеткен секіліді. Кіші жүзде де Төртқара руы бар. Олардан атақты Жалаңтөс баһадүр, Айтеке би тарайды. Екі Төртқараның арасында байланыс бар сияқты. Осыны зерттеп көресін бе? Рақмет
Байланыс бар,олар төрт деген халықтыр,дуруттар.Төртқара,Төртуылдарға Дүрмен де жат емес.Дүрмен деген төрт деген сөз.
профессор Совет-Хан Ғаббас : - Камал бауырым "Найман шежіресі" атты мақалаң қысқа да нұсқа және ғылымый негізделгенімен ұнады. Өте дұрыс та нұсқалы деректермен дәлелдеп, "Қазақ шежірелері" ХІУ ғасырдан ары асалмай, ауыр қателіктерге ұшырап отырғаны анық. Оны "Байдібек пен Өкіреш ата" деректерімен жақсы айтылған. Халқымыздың Ұлы Қолбасшысы Қаракерей Қабанбай әулиенің жатқан жері жайлы, жаны жұмақта болғай, қасиеттіміздің мекені де моласы да өз топырағында жатқанында аса анық деректермен дәлелденіпті. Ақиқаттан артық имандылық болмас !...
салеметсизбе мен Найманнмын онын ишинде Актаз онын ишинде Тинеймин Тинейлер жайлы не айтар единиз? жане найманнын шыгу тарихын толыгырак билгим келеди, бирак ол жайлы интернетте малимен жоктын касы.
мен туыстарымды іздеймін Саты Сайболат Жумық Есенкелді Алпар Табылды Жанақ Сәркелердің үрпақтарын іздеймін тауып бериңіздерші мен Алпар Табылды Жанақ Сәркелердің біреуінентараймын аталарым Қытайға отіп кетке қазыр Қазақсстанда түрамыз аталарым Құнанбай Әбілмәжін Қасымбек сідерден хабар күтем
Мен Дамир Аманжолұлы. Әкемнің әкесінің аты Бөгейхан. Белгілі себептерге байланысты Бөгейхан атамызбен байланыс үзілді.Менің жеті атамды білмеймін.Бөгейхан атаның балалары Толқынов Галым немесе Толқынов Бауыржанды іздеймін.фамилиялары басқа да болуы мүмкін.Білетінім Найман\Төлегетай\Каракерей.???? Өтініш білгендеріңіз болса хабарлассын!
мен де найманмын найманның ішіндегі ҚАРА БАЛА НАЙМАНМЫН окініштісі интернетте найманның шежіресін корсем ондй жоқ соны мен түсінбедім?
Балталы, Бағаналы найманның ішінен іздесеңіз табасыз
Төлекетай бабамның төртеу екен баласы

Садыр, Матай ,Төртуыл, Қара керей ағасы

Аңыз болған халқына Қабанбайдай хас батыры-дарасы

"Қабекем қолда" деуші еді, қысылған қазақ баласы


Ұран болған халқына Батыр бабалар болмаса,

Болар ма еді кең байтақ, қазақтың дархан даласы.

Далаңа мынау қарашы, Ей, Қазақтың баласы

Есіңде болсын әр қашан, бабалар рухы-санасы

Зейнеш Сейльханова

Тарихқа толы ғой, Қазақтың сай мен саласы

Жер жасырынып жатыр ғой, елімнің талай қаласы

Ат құлағында ойнаған, қазақтық кез келген қара баласы.

Жастарға арғы тегін білген жөн, бойында болса санасы
Ассалаумалейкум Аға!
Жұмысыңыз табысты болсын. Нұрыңыз таси берсін. Мақалаларыңызға рахмет!
Каракерей-Мәмбет-Дәулен-Сұлу.
Кушти саит. Меним руым наиман матай кенже балга балта дальше незнаю подскажите спс.
құрметті тарихшылар неге тарихты бұрмалайсыңдар? жарайды бабамыздың өлген жері арқа болсын бірақ туған жері барлық арасан тауымен алакөл жағалауығой. егер тарихты бұлай бұрмалай берсеңдер болашақ ұрпақ бабамызды жәй аңыз әңгімеге санайды. тарихшыларды қарап отырсам бабамыздың туған жерін өзінің туған жеріне бұрмалап әлек. сіздер қанша бұрмалағанменде қаракерей қабанбай бабамыздың туған жері барлық арасан тауы мен алакөл жағалауы болып қала береді....
Арал, бауырым! Қабанбай батыр Арқада туып өскені тарихи шындық. наймандардың Итішпеске (Алакөлге) жете қоеуы 1810 жылдардан бері болған оқиға. Тынышбаев, Мыңжан, Шоқан, Андреев, Аристов, Зо Зо Туң, Абылқасымов, Кәрімов, Бәйішев, Дауылбаев, Бекмаханова, Апполова, Нәбижанұлдарының еңбектерімен тансуды ұсынамын. Көп жағдайға қанығасыз.
Ассалаумағалейкум Камал аға! менің руым найман. Оның ішіндегі қарабала. Алайда әкемнің әкесінің тұл жетім болып өсуіне байланысты мен ата бабам тарихым жайлы мәліметке қанықпын дей алмаймын. Білуімше атамның туған жері Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы бесарық немесе төменарық елді мекендері болуы мүмкін. Атамның әкесі сол жерде Дүйсенбай деген болыс болған деседі. жаппай тәрілеу кезінде мал мүлкінен айрылып шекара асқан соң 11 баласының 10- қайтыс болып тек менің атам ғана қалған екен. осы жайлы ақпаратыңыз болса бөліссеңіз.
Салеметсіздер! Менің руым Найман Қаратай Даулет болады. ал өз атам Қасым, атамнын әкесі Жайлаубай, Жайлаубайдын әкесі Зәуір, әкесі Төлеүке болады. Мен будан артық білмеймін. Атам Монғолиада ишкер жақта дүниеге келген. Хабарыңіз болса Даулеттен қалай жалғасыб келлгенімізді тауыб беріп көмек етіңіз.
Рахмет
Салеметсіздер! Менің руым Найман Қаратай Даулет болады. ал өз атам Қасым, атамнын әкесі Жайлаубай, Жайлаубайдын әкесі Зәуір, әкесі Төлеүке болады. Мен будан артық білмеймін. Атам Монғолиада ишкер жақта дүниеге келген. Хабарыңіз болса Даулеттен қалай жалғасыб келлгенімізді тауыб беріп көмек етіңіз.
Рахмет
Сәлеметсіз бе,Kusman ZHUMAKHAN аға! Біз де Саты-Сайболат-Жұмықтан тараймыз. Жұмық-Ақжол-Жәмеңке- Әміре- Мырзақмет- Ербол(әкем). Атамыз Әміре кезінде Шығыс Қазақстанның ең бай адамдарының 9-дығына кірген екен. Бірақ, сол байлықтың кесірінен қудалауға түсіп, Қытайға өтіп кетуіне тура келген. Қазір біз Қазақстанда тұрамыз. Әміре атамыздың Қазақстанда бір баласы қалған екен (аты- Ахмет). Айтайын дегенім, бір әкеден тарамасақ та, бір атадан тараған екенбіз. Мен де Дәулетбай батыр атамыздың ұрпақтарын іздеймін!!!
Каракерей Кожакыл мын туыстарвк дан тапсын Кабдикенов Даурен алдында акмолада кесенеде кездескенбиз Камал га сизбен номеринизди бересизба?
Каракерей Кожакул мын ишинде Едиге туыстар вк дан тауып алсн Кабдикенов Даурен , Камал ага биз осы бир жети бурын акмолада Кабанбай кесенесинде кездескенбиз номеринизди бересизба?
нАЙМАННАН НЕШЕ АТА ТАРАЙМЫЗ
,

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 28052
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8155
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4905
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
вчера / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3740
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3668
  • 50
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3275
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3096
  • 24