место в рейтинге
  • 193809
  • 171
  • 40
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Дарабоз


Қабанбай кесенесіне зиярат етіп келушілермен болған әңгімеден соң туындаған ой...

Мен – Әбдірахманның Камалы - найманмын, тумысымнан Қаракереймін, ұраным – Қабанбай! Сондықтан да қалың ойратқа қарсы дара шауып, қол бастаған дарабоздың ерлігін ұлықтау үшін бар ғұмырымды батыр бабамның өмірін зерттеуге, кесенесіне шырақшы болуға арнадым.

«Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле», - дейтін халқымыз қашаннан әулие -  әмбиелердің басына барып, тәу етуді, аруағына арнап, дұға бағыштауды сауапқа балайды. Көнеден жеткен дәстүр Қабанбай кесенесінде де күн құрғатпай жалғасып жатыр. Бір қуанарлығы, Арқаның ақ талқан боранына, аптап ыстығына қарамастан батыр баба басына тәу етіп келіп жатқандардың дені -  жастар. Қазақтың жігіттері мен қыздары. Және жай ғана зиярат етіп қайтудан бұрын, арғы тарихты, ата тарихын білсем, көкірегіне түйсем деп келгендер.

Биыл – Қаракерей Қабанбайдың қайтыс болғанына 240 жыл толады.

Батыр қайтыс боларының алдында : «Жиылып тегіс ас беріп, ту биені сойыңдар. Арқаға арнап бейіт соғып, орныма қойыңдар», деп өсиет қылған. Демек,  Арқада тудым деген – туған жерім деген сөз. 1728-1762 жылдар аралығында Есіл – Нұра бойы батырға құтты қоныс болған. 1771 жылы Арқада салынған кесене жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде құлап қалған. Тек Астана Арқа төсіне қоныс аударғаннан кейін Елбасының тікелей қолдауымен Батырға лайықты зәулім кесене қайтадан бой көтерді.

Ал, «Алыс - туыс демеймін, мұсылман - кәпір демеймін, атымды кім атаса, соны қолдап жебеймін»  деген сөзді мен орысшаға тәржімалай алмай жүрмін. Мына соңғы төрт жолды айтқан кезде елдің бәрі кәдімгідей таңырқап қалады. Бірақ, менің ойымша  таңданатын түгі жоқ. Керісінше, Қабанбай батырдың аузынан шығатын сөз.

Енді, кейде бүгінгі жастар "Абылай заманының батырлары, Абылайдың үзеңгілес серіктері" деп жатады. "Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек содан шыққан төрт тірек". Бұл ұлы Көмекей әулие Бұхар жыраудың айтып кеткені ғой. Міне қазақтың төрт тірегі. Бір нәрсенің басын ашып алған дұрыс секілді. Ешкімнің көңіліне келмеу керек." Абылай заманында" дегенге өзім онша қосыла бермеймін. Өйткені Абылай бабамыз Қабанбай мен Бөгенбай бабамыздың кенже балаларымен қатар, кіші балаларымен тұстас.Уәлихан  1781 жылдың тамызында патшайым Екатерина екіншіге жазған хатында: «Осы жылы мамыр айында жасы 69-ға толған шағында әкем Абылай дүние салды» деп жазған. Олай болса, Абылай 1712 жылы туған. Қабанбай, Бөгенбайлардан көп кіші. Әбілмансұр, негізі «Сабалақ» 1730 жылы алғаш рет «Аңырақай» шайқасында соғысқа қатысып, Абылай деген атымен көзге түсті. Енді Қабанбай да, Бөгенбай да, Шақшақұлы Жәнібек те, Қаз дауысты Қазыбек бабаларымыз да,оның аржағы Ханкелді бабамыз да, мысал үшін Тайлақ батыр, Жомарт батыр, Алдияр батырлар Абылай тумай - ақ қалың қалмақтың шабуылына қасқайып қарсы тұрып жүрген. Демек, Абылай заманы деп айтқан сөзде кейде сол заманды тарылтып жібере ме деген ойлар келеді. Кеңітпейді, кішірейтеді. Бір адамның басына әкеліп соғып қоюға болмайтын шығар. Өйткені жауды жеңген Абылай да емес, Қабанбай да, Бөгенбай да емес, жауды қазақ деген халық жеңді. Сондықтан біз Абылай заманы десек, Қабанбай заманы десек, Бұхар жырау заманы десек одан біз сол заманымыздың ауқымын кішірейтіп алатын сияқтымыз. Бұл бабаларымыздың өзін кішірейтіп алатын секілдіміз. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қазақ халқының тарихындағы ең бір қасіретті ғана шақ емес, сонымен бірге қазақ халқының қаһармандығын көрсеткен. Қазақ деген халықтың қандай жау болса да төтеп бере алатынын көрсеткен. Қазақ деген халықтың басына күн туғанда бір ортадан табылып, жауға қарсы халық болып түгел соғысатынын көрсеткен. Жалпы бір сөзбен айтсақ, мынау Ақтабан шұбырында, Алқакөл сұлама жылдары - қазақ деген халықтың барлық болмысын, жаратылысын, менталитетін, тінін көрсеткен заман. Сондықтан осы кезеңді бір-ақ алған жақсы шығар. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама 23 жылы басталғанмен, біз оның аржағында да сонау 1638-40 жылдардан бастап қалмақпен соғысуды бастап кеттік қой. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жылдары не ел боп қалатын, не құрып кететін кезең еді. Біз осы кезеңнен бабаларымыздың арқасында өттік. Мен өз басым осы кезеңді Абылай заманы емес, керісінше қаһарман заман, халық батырларының заманы деп атағанды жөн көремін.

Ал, енді Қабанбай батырдың қазақ тарихында алатын орнын мен тек қана шежіре, аңыз – естеліктер ғана емес, алдымен тарихи фактілерге сүйеніп, зерттеуге тырыстым. Бізді жазба тарихы жұтаң, көбіне  шежіреге құрылған тарихы бар деп жатады. Шежіре еш уақытта толық болмайды. Шежіре дегеніміз тарихи факты емес, сондықтан кез келген шежірені біз талдауымыз керек. Тарихи тұрғыдан дәлелдеуіміз керек.

Қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы қисса – дастандардың ең көбі Қабанбайға арналған.  Қабанбай туралы мен білетін 18 дастан бар. Біреуі 1862 жылы жазылған. Қазан университетінде екен. Татарстанда, қол жетпей отыр. Омбыда Потанин жазбаларын көзіміз көрді. 18 дастан негізі 5 варианттан тұрады. Бұл өзі халқымыздың  фольклорына, ауыз әдебиетіне тән дүние. Дастанды әр жырау өзінше жырлап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Көбіне қиссаларда  қай жылдары және қай жерде екеніне байланысты батырлардың аттары өзгеріп отырады. Мысалы Көкшетаудың ақыны жырлап отырса - арғын. Ол енді мына наймандардың, шапыраштылардың кейбір аттарын ұмытып қалуы мүмкін. Таныс емес. Сондықтан өзі білмегеннен кейін өзінің атасын қосып жырлай береді. Ұмытқаннан кейде өзінің атасын Қабанбайдан, Бөгенбайдан кем көргісі келмейді. Осындай атам бар деп. Енді тарихқа үңіліп қалғанда ол Қабанбайдан 50 жыл бұрын өмір сүрген немесе 80 жыл кейін өмір сүрген адам болып шығады.  Мысалы бір қызық айтайын, бүкіл найманды Өкіреш шалдан тарады. Ұлы жүзді Бәйдібектен, бүкіл арғынды Ақжол биден таратады. Осы кісілер 14 ғасырда өмір сүрген. Ал Найман 6 ғасырдан бар. Сонда 800 жыл найман қайда кетіп қалд? Ал енді Үйсін, Қаңлы қытай тарихында 1 ғасырға дейін бар емес пе, сонда енді 14 ғ. Бәйдібек бабадан қалай туады? Әңгіменің түп-төркіні осында.

Тарихты айна – қатесіз түзу мүмкін емес, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеу, түзу жолға салу – осы саланың басы – қасында жүргендердің, тарихшы – ғалымдардың еншісінде. Әлі де жан- жақты зерттеу керек.

Біз өткен жылы Өкіреш бабамыздың моласын тауып алдық. 3 миллион найманның атасы - Өкіреш найман.Маңында Қара найман, қызыл найман ауылдары  қатар жатыр. "Өкіреш қабырстаны" деп жазып қойыпты. Қазір басына белгі қоймақпыз.

Белгіні не үшін қоямыз? Зәулім кесенелерді не үшін саламыз? Оның бәрі де өткен тарихымыз, елдің ұлы тұлғаларының есімдері тасқа басылып, тарихтың төрінен мәңгілікке орын алсын деген ниетпен жасалатын шаралар. Және кейбір даналарымыздың әр елдің аумағында жерленгенінің өзі олардың бүкіл шығыс жұртына қадірінің қалай жоғары болғанын көрсетсе керек. Мысалы қазақ хандығын күшейту, бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар – ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру шараларын жүзеге асыруға белсене араласқан үйсін Төле бидің кесенесі де Ташкенде бой көтерген.

Әңгіме мынада, біздің ата-бабамыз осынша ұлылықты бойына  қайдан сіңірді? Бұл қазақ деген халықтың тегінде, бүгінгі генінде бар, қанмен сіңген қасиет, осыны тұншықтырмау керек. Қабанбайдың арғы жағында Күлтегін, біздің эрамызға дейінгі  Ишбақай, Тарғатай, Тұмар, одан кейінгі Европаны табанына таптаған Еділ патша, кешегі Кенесары, інісі Наурызбай, одан бері қарай келетін Әбдіғапар, Кенесарының кегін алған жалғыз қазақ - матай Тәнеке. Батырлығы аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов т.б. Сол ата – бабаларымыздың, батырларымыздың арқасында қол жеткізген тәуелсіздігімізді баянды ету мақсатында, қазақ деген елді, қазақ деген ұлтты әлемге мойындату жолында еңбек етіп жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Бұлардың бойына туған еліне деген сүйіспеншілік, ұлтына деген қамқорлық ата – баба қанымен, асыл тегімен дарыды. Қазіргі таңда ұлт көшбасшысы, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының маңайында  Қабанбай ұрпағынан кім бар? Мысалы Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, қызметте 7 генерал бар. Үкіметтің ішінен Кәрім Мәсімов, Сауат Мыңбаев.

Бұрын батырларымен марқайған еліміз қазір осындай қайраткер азаматтарын мақтаныш тұтады. Бұны айтып отырған тағы бір себебім, Қаракерей Қабанбай батырдың еңселі ескерткішін  Талдықорғанға қойсақ деген ой болған еді. Сол ұсынысты жетісулық Керімжан Бижанов деген депутатымыз көтерді. Содан кейін ел боп, ұжым болып жұмылып кеттік. Сейдахмет деген ақсақалды сол ұжымның басына қойдық. Өткен жылы қаражат қол байлау болды.  Облыстың әкімі Серік Үмбетұлына, ыстық-суыққа көнген ақсақалдарға рахмет. Кәрім Мәсімов пен Сауат Мыңбаев қаржының бір жағын көтеріп кетті. 2008 жылы Қаракерей Қабанбайдың кесенесінің қасына көз тоқтататындай үлкен үй салынды. Соны көтеруге Қабанбайдың осы екі ұрпағы үлкен азаматтық жасады.

Осылайша біздің игі жақсыларымыз жөн-жоба көрсетсе, қане. Өткен жылы Қаракерей Қабанбай кесенесі қасына бір бөлмелі мұражай саламыз дегенді естіген депутат ақсақал Өмірбек Байгелді 44 мың долларға қазақ батырының қару-жарағын, сауытын әкеп қойды. Мың рахмет!

Ана жылы кесенеге немістердің отбасы келді. Кезінде өзімізден  кеткен екен. Қайта оралыпты. Солармен бірге сол жақтың немістері де келді. Солар "біз сіздерге таңғаламыз" дейді. "Қазақстан немістерінің өзбектің, қырғыздың немістерінен айырмашылықтары бар. Бәрі бір атаның баласы сияқты. Ұйымшылдық, қонақжайлық, ізеттілік деген қасиетер қанына сіңген. Сіздерден жұққан екен. Қазақты қосатын ата - бабалар екен ғой. Енді түсіндік. Мән бермеппіз" деп ағынан жарылды.

Біздің ұлттық идеология дегеніміз де осы  — біздің ата-бабаларымыз, олардың айтып кеткен аманат - өсиеттері, еліміздің береке – бірлігі. Мәңгілік ұлттық идеологиямыз – Қазақ елі болуы керек.

13 мая 2010, 20:13
4077

Загрузка...

Комментарии

Қазақтың Ұлы қолбасшысы қаракерей Қабанбай батырдың 310 жылдығы.


Совет Хан ҒАББАСОВ,
Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ШҚО-сы,
Зайсан ауданының құрметті азаматы,
Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,
Халықаралық Нострадамус атындағы академияның
толық мүшесі – Академик.


Халқымыздың– Ұлы қолбасшысы.
Ақылға айла жама, қырық құраудай,
Дұшпанға ыңғай таныт, май сылаудай.
Желдетіп, дауылдатпай борандатпай...
Табанынан өтcеңші бозқыраудай.
Нар–дауысты Нарымбет би.


Ерасылдай ер қайданың жауабын, өзінің Ұлы қолбасшысы қаракерей Қабанбайды, халқымыз тәуелсіздігін алардың алдында ақ іздей бастағанынан, азғана сыр шерткеніміз жөн сияқты. Себебі, әр нәрсенің өз сәті бар екені белгілі ғой. Осы айтылғалы отырған сәт, сонау 1990-шы жылдардың басында, ойда жоқта кездейсоқ тап болған еді. Осынау бір ғайыптың ісін ашыңқырап айтсақ, Ұлттық академияның кітапханасындағы «сирек фондынан» күтпеген жағдайда, «Қаракерей Қабанбай батыр» деген үлкен папкімен ұшырасып қалдым. Жанарыма отша басылғаны соншама, мынау қазынаны көрісімен ақ, ақырын жайлап ашып қарасам, аса мол қызықты дүниенің жатқанын аңғардым. Бірақ ішіндегі көптеген жазбалар арап әліпбиімен жазылғандықтан, менің тісім батпайтынына көзім жеткен соң, келесі күні ақ «ғұлама жазушымыз Мұхтар Әуезовтің» музейінде істейтін досым Нариман Мұхаметхановпен біраз күндер кітапханаға бірге барып, Қабанбай бабамыз жайлы жиналған сыр шежірімен таныса бастадық. Бұл азамат арапша мен төте жазудың білгірі болатын. Осы деректерден байқағанымыз, ең әуелі Ерасылдың 1691 жылы туғанын білісімен ақ, Дарабоз Ханбатырдың келесі 1991 жылы, үш жүз (300) жылдығы екенін әңгіме еттік. Міне осылайша, алғашқы идеяның ұшқыны біразға дейін маза бермей жүрді. «Үш жүз жылдықты не істесек ? – деген ой, мені Жазушылар одағына жетелеп келді. Ол кезде Жазушылар одағы аса үлкен беделдің иесі болатын. Батырлар жыры мен лиро эпостарды, ертегі аңыз, хиқаяларға қамқорлық жасайтын «Фальклорлар кеңесін» басқаратын пікірлес досым Сәбит Дқсановпен ақылдаса келіп, осы кеңестің атынан Қазақ ССР Минстрлер Советінің Төрағасы Н.Ә. Назарбаевқа хат жіберілді. Кешікпей ақ он шақты күннің көлемінде, «Қаракерей Қабанбай батыр жайында жазыңыздар, көрсетіңіздер» деген жауапты алысымен іске кірісіп те кеттік. Пайдалануға анау папкадан алынған жаңа деректер мен айғақты әңгімелер жетеді. Ең әуелі қалың көпшілікке жету үшін, бірден телеарнаға шығарғанды жөн көріп, «Алатау» телеарнасының басредакторы Еңілхан Мекежановпен сөйлестім. Ол қолымдағы Совминен келген хатты көрісімен ақ, 1990 жылдың 7-ші апреліне «1-сағат 10 минуттық» бірінші хабарды беретін боп, басшыларына барып бекіттіріп әкелді. Міне, осылайша алғашқы хабарды Еңілхан екеуміз тікелей сұхбат ретінде өткіздік. Хабардан соң сағат кешкі 11-лерде үйге келсем, халқымыздың абыз ақыны Әбділдә Тәжібаев екі рет телефон соғып, « түнгі 12-де келседе, маған телефон шалсын» деген екен. Бірден шешінбестен телефонның құлағына қол создым. Әбекең телефонды өзі көтеріп;
Япыр ау, қарағым қайда жүрсің ? – деді.
- Әбеке, ассалаумағалейкум...
- Уағаликумуссалам...

- Тікелкй эфирден шыққан бетім осы, дедім.
- Ә ә, тікелей хабар болған екен ғой. Жарайсың ! Мұнша жаңа деректі қайдан алып жүрсің ? Әңгімең өте қызықты болды. Айтқан «дерек көздеріңді» білейін, деген едім.
- Әбеке, бұл деректердің бәрін және әлі айтылмаған деректердің көбін, мен Ұлттық академияның кітапханасындағы «сирек фондыдан» алдым.
- Оны қалай тауып жүрсің ?
- Сонда «Қаракерей Қабанбай батыр» деген бірнеше папкаға кездейсоқ кезігіп қалдым.
- Солай ма ? Қалай болғанда да жақсы бопты. Тағыда хабар бола ма?
- Енді екі хабар жасалынады.
- Маған міндетті түрде ескертетін бол, деді.
- Жарайды, Әбеке, деп хоштасқан менің төбем көкке жеткендей, сол кеште аса үлкен қуанышқа кенелген едім.
Одан кейінгі екінші хабар июнь айында үшіншісі августте – бір сағат он бес минуттан өткізілген еді. Осы хабарлардың ел жұртқа қалай әсер еткенін кейінірек білдім. Сірә, қараша айының ортасы болса керек, үйге Талдықорған обылысының әкімшілігінен телефон соғылды.
Әкімнің көмекшісімін, Сізбен, әкім Тұрсынов Сағымбек мырза сөйлеседі, деді. Сәлден соң ;
- Сәләмәтсіз бе, Сәке ?!
- Есен саусыз ба...
- Сіздің «Алатау арнасынан» жасаған үш хабарыңыздан кейін, Қабанбай батырдың үш жүз жылдығын атап өту жайындағы халық талабы күшейіп отыр. Оны әкімшілікте құптап отыр. Қабекеңе арнап декабрь айында ғылыми конференция өткізуді белгіледік. Соған ат салысуыңызды сұраймын...
- Өте көп рахмет ! Мен дайынмын , деп аса жылы хоштасқан едік. Міне, осы әңгімеден кейін, «Ерасылдай – ер қайда ?! – деген Қабанбай батыр жайындағы мақаламды жазуға кіріскен едім...
Әкімнің айтқанындай декабрь айында Талдықорғанда «Қаракерей Қабанбай батыр» атты ғылыми конференция мен тұңғыш рет ақындар айтысы өтті. Осы жиында «Октябрь даңғылын» ауыстырып, «Қабанбай батыр» даңғылы атандырып, қала бағының ішіне Қабекеңе ескерткіш қоятын және 1991 жылы май айында, «Үйген тастың» бауырында 300-жылдығы тойланып, ас берілетін қаулы қабылданды…
Конференция өте үлкен өрлеу үстінде өтті. Тағыда бір айтакететін әңгіме, осы конференция жүріп жатқан сәтте, алғаш рет республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде «Ерасылдай – Ер қайда ?» деген менің көлемді «тарихи эссем» жарияланып жаты. Мұндағы айтылатын көптеген деректі уақиғалар, жоғарыдағы айтылған папканың ішінен алынған еді. Мінеки халқымыздың теңдессіз – ұлы қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батыр алғаш рет ел жұртымен осылайша табыса бастаған болатын…

* * *

Енді сол, Қабанбай бабамызға арналған ескерткіштің он жылдан соң қойылған салтанатты сәтінен сәл естелік айтайын. Мұның өзі де ойда жоқта болғандай еді. Бір күні Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қопабаев Өмірәлі мырза шақыртыпты. Менде ести салысымен ақ, дереу жиналып университетке келдім. Жаздай жадырап қарсы алған Өмекең ;
23-ші қырықүйекте 2009 жылы Талдықорған қаласында – Халқымыздың ұлы Қолбасшысы Қабанбай батырдың ескерткішінің ашылу салтанатына шақырылып отырсыз ?! Мынау «Шақыру қағазы», ертең 22-ші қырықүйекте жүріп кеткен жөн. Қарсы алатын адамдар, менің балдызым Мықтыбек бастап, бүгін кешке өздері хабарласады, деді.
- Бәрекелді, рахмет! Мынау ғажап жаңалық қой. Сірә, бірге жүреміз бе ? – дедім.
- Жоқ. Мені Астанаға шақыртып жатыр. Кешке ұшамын.
- Жарайды, жолыңыз болсын, деп қысқа әңгімелестікте тарасқан едік.
Үйге келісімен біраз ойландым да, әуелі Қазақтың Әділханына телефон соғып жағдайды айтыпем, оның қуанғаны соншама, бірден баласы Анайдың машинасын дайындатуға кіріспек болды. Сөйтсем, Әдекең осы уақытқа дейін, Қаратал өзенінің бойында жатқан Жалайырдың әулие билерінің басында болмаған екен. Осы сапар үстінде солардыңда басына барып тағзым етуімізді ұсынды. Мен бірден құптап, осыдан бірер жыл бұрын, Ескелді, Балпық, Айту билердің басында болғанымды, ол да жақсы білетін. Осылайша, 22-ші қырықүйек 2009 жылы таң шапағынан, Жетісудың ордасы Талдықорған қаласына жүріп кеттік. Күн бұлыңғыр, себезгілеп жауын жауып тұр. Кешеден жиі қабарласып тұрған Мықтыбек пен Сейдеахмет, біздерді Қадырғали Жалайыри бабамыздың ескерткішінің түбінде қарсы алды. Амандық саулықтан соң, біздер Балпық пен Ескелдінің басына барып құран оқып қайтатынымызды айттық. Олар кешке қарай, біздерді тап осы арада қарсы алып, «қонақ үйге» орналастыратын болды. Сонымен қоса, алыстан келгендерге дастархан жаятындарын ескертті. Біздер кідірместен Үштөбеге жол тартып кеттік.
Әділхан көңілдене жайғасып:
- Сәке, бұл Үштөбеге бұрын қандай жағдайлармен келіп едіңіз? деді.
- Ә ә, Әдеке мұның төркіні өте тереңде жатыр. Ана жолы бір отырыста айтқан едім ғой. Сонау ерте заманда, ғарыштай дамып өркендеген СЕЙІРЛЕРДІ көреалмаған, айналасындағы көрші тайпалар біріге шауып ауыр жеңіліске ұшыратқан соң, сол жерде көшпей отырып қалғандарын – НАЙМАНДАР десе, ауа көшіп қонысын ауыстырғандарды – ЖАЛАЙЫРЛАР – деп атағаны көне жазбаларда айтылады. Ендеше, мен «он екі ата жалайырды» қалай ғана бөтен санамақпын. «Туыстықтың дәмі тартса – қалман, адам айдаса – барман» дейтін сөз бар емес пе ?..
Әдекең дауысын кенеп:
- Иә ә, Сәке, Найман мен Жалайыр бір туғанын, мен де бұрын естіген едім. Сіз, тіпті бұл әңгімені деректеп айттыңыз ау, деді.
- Жоқ Әдеке, деген Мен, бір бұл емес, Қазақта 41-тайпа бар. Соңғы кездегі антрапологиялық зерттеулердің қортындысы бойынша, храмосомалық тектік тереңдікте, осы қырық бір тайпаның қаны бір кісінікіндей болып шыққан екен. Бұған сенбеген әлем ғалымдары (ағылшын, неміс, қытай, жапон т.б.) өздері зерттеп көріп те таңқалысыпты. Олай болса, мұның негізгі себебі, халқымыздың «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрінің қасиеті екенін естіп тұшынған екен. Жеті атаға кіретін – Ата жұрт – Нағашы жұрт – Қайын жұрт – болып саналатынын, бар қазақтың баласы жатқа біледі. Ендеше, әр қазақтың қанында қырық бір рудың тегі сақталса, онда бүгінгідей ру руға бөлініп жүруі надандық емей немене ? Олай болса, тек Найман мен Жалайыр ғана емес, алты алаштың баласы бұдан былай ру руға бөлінуі, ата баба алдында күнәкәрлық болып есептелсе керек. Әйтседе, кімге болса да руыңды білу шарт, тек оны «тегіңді сақтау мен халқыңның генефонын таза ұстау» деп түсінген жөн. Бұдан былай – ата ана – балабақша – орта және жоғарғы мектептер – ұрпағымызды, тек осы мағана мен бағытта ғана тәрбиелеуі шарт! Бұл, тіпті ұлттық идеологиямыздың Темірқазығына айналса құт болар еді.
- Япыр ау, Сәке ау...мұны бұрын соңды естіп көрмеппін, деген Әдекең қаты тоғанып; Логикаға да, санаға да сиымды екен, деп біраз нәрселерді қайыра сұрап, жаңа түсініктің жөнін ұғынуға тырысты.
Сөйтіп, біраз үнсіздіктен кейін ол:
- Сонда, бұл Үштөбеге нешінші рет келе жатқаныңыз ? – деді.
- Үшінші рет. Алдыңғы екі ретте де алып келген, менің сыйлас бауырым – белгілі азамат Қажымұрат Қантбайұлы еді. Бірінші жолы туған ауылына салынатын Мешіттің қазығын қағуға келсек, екінші жолы сол мешіттің ашылуына келдік. Әр келген сайын Айту мен Ескелді, Балпық әулиенің басына барып зираттап жүрдік. Иә ә, бұл бабаларымыздың адамдық қасиеті мен азаматтық саналары ерекше жандар ғой, деп айналама көз жұгірттім де;
- Әне, анау алдымызда көрінген жарнама тақта Ескелді биге баратын жолды көрсетіп тұр.
Машинаның тізгінінде отырған Анай:
- Ендеше, солай бұрыламыз ба ? – деді.
- Жоқ, балам, деген Мен, Әуелі Балпық әулиенің басына барып, қайтар жолда ғана Ескелді атаңа келеміз. Ескіден келе жақан тәртіп осылай болса керек...
- Ендеше, зулата берейін, деген Анай да машинасына қамшы басты.
Манадан бері толғаныста келе жатқан Әдекең:
- Сәке аға, мың да бір рахмет! Пайғамбар жасынан асқанда ата бабаларымды алғаш рет зираттауыма себепкер болып келе жатырсыз ?! Бұл не деген сәтті сапар еді. Тіпті, ертең алты алаштың кемеңгер батыры – Қабанбай бабамыздың ат үстіндегі алып ескерткішінің ашылуна қатынасуды да, Жаратушы ием нәсіп етіпті. Осының бәрі, Ұрпақ жалғастығының көрінісі ғой. Аллаға – тәубә, Аруақтарға – шүкіршілік, деп бетімізді сипадық.
«Ұзақ жолды әңгіме қысқартады» деген осы болса керек. Біздер әне
Үштөбенің өзіне де жетіп қалыппыз. Таңшапағынан бері нәр татпағандықтан, қаланың шығыс бетіндегі «Бақыт» атты мейрамханаға бұрылдық. Келсек, манағы Қажымұрат туған ауылдың қазіргі иесі – Бақыт пен Бәйбішесі – алдымыздан шығып мәре сәре болдық та қалдық. Бұлар жаңа ғана «ас беріп» енді ғана тарап жатқан беттері екен. Біздің жағдайды естіп білісімен ақ, құрақ ұшып қызымет еткен Бақыт пен келін бала, асығыс екенімізді естіп ас суымен сыйлап тездете аттандырып салды. Біздер де көңіл хошымен жолай Айту бидің басына тоқтап, Балпық әулиеге келсек шырақшысы ішінде жүр екен. Әңгімеші қарт, таныса жүріп Бабалар жайында біраз деректердің бетін ашып тастады. Сірә, уақытымыз тығыз болса да, аруақ аттамай біраз жерде жатқан Жолбарыс пен Қарымбайды да зират етіп, қайыра жолға шықтық. Уәде бойынша Ескелді бидің басына келіп тағзым еттік те, біраз Қаратал өзенінің жағасында бой жазып, бірден Талдықорғанға бет дүзедік. Манағы уәделескен жерде Мықтыбек бауырымыз күтіп алды да, дайындап қойған қонақ үйге жайғастырды. Сағат кешкі сегіз де дастархан басына жиналатынымызды ескертті. Әйтседе, уақыт шіркінде тоқтау жоқ қой. Арнайы дайындалған кешкі қонақасыға, республиканың түкпір түкпірінен келген азаматтар жиналып жатыр. Мәре сәре боп, гу гу еткен жұрт, үлкен залға жайылған дастарханға алқа қотан жайғасып, біразға дейін әңгімені қыздырып тарасқан еді. Бәрімізде ертеңгі «Қабанбай батыр» ескерткішінің ашылу салтанатына әзірленуге кірісіп кеттік. Кеш марқайтып, қаншама азаматтар сәлем бере келіп кетіп жатты. Осының өзі ақ, түннің бір уағына дейін созылды. Дана жұртымыздың; «Қалған көңіл шыққан жанмен пара пар, дейтін тұжырымын тағыда бір ойға алдық. Шіркін, көңіл күйдің қуанышына жетер не бар десеңіз ші ?!..

* * *

Екі үш күннен бері, оқтын оқтын себезгілеген жауынымен тұнжырап тұрған табиғат, бүгін Қабекеңнің ескерткіші ашылатын 23-ші қырықүйекте таңертең тұрсақ, аспан шайдай ашық, ерекше бір көгілдір нұрға малынып тұр екен.
Далаға шыққан біздер жарыса дауыстап:
- О о, аруағыңнан айналайын батыр бабам...
- мынау неткен ғажайып...
- аспаннан рахым сәулесі сорғалап тұр ғой, деп гуілдесіп қалдық.
Осылайша көңілімізді шаттық билеп машинамызға отыра бастадық. Қала көшелерінде ағылған жұрт, күншығыс беттегі, қасиетті Қаратал өзенінің сағасындағы бақ ішіндегі алаңқайға бет түзепті. Біздерде осынау топпен «Ханбатыр Қабанбай бабамыздың қоладан құйылған ескерткішін» көруге асығып келеміз. Келсек қарақұрым халық, анадайдан асқақтай көрінген ат үстіндегі батыр бейнесі, тым айбынды да ажарлы екен. Дәп қазір ол, қазақтың Ұлы даласының шығыс бетін жанарына сыйдырып, ұрпағына «сақтансаң ғана сақтай аласың» деп тұрғандай. Тағдырымыздағы осынау өсиетті түсіне алмаған біздер, тәуелсіздіктің қасиетін тәрік етіп, «Жер анамызды сатудан бастаған» адасудан арылмасақ, елге келер апаттың алыс емес екенін де аңғартады. Сірә, алысты шолған батыр бабамыздың қабағынан, «Еліне келешегіңді ойла» дегендей сұс байқалады...
Халықтың қалың нөпір боп жиналғаны соншама, тіпті иық тіресе тұрғанның өзінде ине шаншар жер жоқ. Ескерткіштің ашылу салтанатына да, облыс басшылары ерекше дайындалған екен. Бірден Талдықорғандағы «Ілияс Жансүгіров» атындағы театр дайындаған көріністер де көңілден шыққандай жұртты ұйытып әкетіпті.Халықты көп күттірмей, обылыс әкімі Үмбетов Серік мырза бастаған топ, бірден салтанаттың ашылуын жариялады. Кіріспе сөзден кейін, күрделі де жауапты істі ойдағыдай басқара білген, «Дарабоз» қоғамдық мәдениет қорының Төрағасы Балтабайұлы Сейдахмет мырзаны – қысқаша баяндама жасауға шақырды. Елі жұрты сыйлайтын ардақты азамат Сейдекеңнің сөзі қысқа да нұсқа болды. Ұсақ түйекті термей, бірден Майқы бидің бейнелі сөзімен;
- Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен Тумен тең – деп, сәулелі ұғымдарды үндестіре баяндап берді. Бұл шындығында да, «Абылай аспас сарай белдей» азабы ауыр, ердің Ері ғана орындап шығатын шаруа болатын. Өйткені, бұған Үкіметтің еш қатысы болған жоқ, халықтың өзі көтерген асыл арманы еді. Міне, осыны ұйымдастыра білген Сейдахметке де, оған қолдау көрсеткен елі жұртына да алғыстан басқа айтар жоқ. Осы жиынға келген жұрттың айтпаса болмас, бір екі түрлі деректі сәтін келтіріп кету жөн сияқты. Мінбердегі сөйлеушілерді тыңдап тұрған жұрт арасынан біреу айналасына естірте;
- Бұның бәрі жәй бекершілік қой, деді.
Менің жанымда тұрған Әдекең:
- Ау у, бұл не дегеніңіз, деп бұрылған соң, мен де қарасам, еңгезердей бойы бар, сақал мұрты ағарған сексеннің мол ішіндегі ақсақал екен.
- Жо жоқ, бауырларым, болып жатқан салтанатқа менде қуанып тұрмын. Бірақ жер сатылып кетті емес пе ? Ертең осы жердің иесі булдозермен сыпырып тастаса, оған кім не дейді ? – деген жаман ойым ғой.
- ?!
- Жалпы, осы жер сатуды жойып, қайыра халық меншігіне айналдыру неге қолға алынбайды. Халықтың рұқсатынсыз жерді сатып, ылың тудырған адам жазалануы керек қой. Мен дүние жүзінде жерін сатып жатқан мемлекетті білмеймін.
Біраз адамдар жарыса құптап:
- Жөн жөн, дұрыс айтасыз, деп жатты.
Салтанатты жиналыс аяқтала бергенде:
- Уа а, бабам Қабанбай – еліңді жеріңді сақтай көр !
- Қабанбай, Қабанбай !
- Еліңді жеріңді сақта көр !
- Қабанбай, Қабанбай, деп, бүкіл жиналған жұрт қосыла ұрандатып біразға дейін, қайта қайта қайталап тұрып алды.
Міне, осылайша жыйналған халық салтанаттан соң, белгіленген бағдарлама бойынша, ас беріліп, ат жарысы мен ақындар айтысын қызықтамақ болып тарасып жатты. Шұғыл шаруа шығып қалған біздер, рұхсат сұрап асқа қарамай Алматыға жүріп кеттік...
Ендігі бір азда болса пікір қосудың жөні, осынау ұрпаққа үлгі, көркем өнер туындысының авторы – мүсінші Һәм сәулетші Құсайынов Болат мырзаның – еңбегіне аз кем тоқталуға міндеттіміз. Бұл азаматтың өнер иесі ретінде жабық бәсекеде қол жеткізген жетістігімен қоса, бабасына деген адалдығы мен азаматтығын ерекше айтқан жөн. Тіпті, ол өзіне тиесілі мүсінші ақысының жартысынан көбін үлес ретінде қосқанын айтпағанда, қайбір «жебірлердің» ақшаны үнемдеп жеу үшін, «темірмен қаптап цементтен құя салайығына да» көнбеуінің өзі неге тұрады. Мұндай саналы азаматтарға өнерің үстем болсын демекпіз. Халқына қанын да, жанын да берген қаракерей Қабанбай сынды алып тұлғалар – келешек ұрпақтың үлгісі мен ұстазы ретінде мәңгі жасай бермек...

Алматы 19. 04. 2010 жыл.

Қабанбай бастап, Абылай қостаған алғашқы сәттің жеткен жетістігіндей, кейінірек Абылай - Хан болып бастаған, қаракерей Қабанбай - Ұлы Қолбасшысы болып қостаған, және көмекей әулие Бұхар жырау - Ханның да, Қолбасшының да - адалдықты анықтаған Кеңесшісі атанып, мемлекеттегі қателікті сабырлы әрекетпен жөндеуге кіріседі. Бұл қандай қателік десеңіз.., ақылы жоқ сауатсыз, азғындардың пендешілігінен, әз-Тәуке өлісімен-ақ бүтін халықты "үш жүзге" бөліп, бір Қазақты - үш Хандыққа бөлшектеген уақыт орныға бастайды. Бұл "ЖҮЗ" ұғымы, сонау Хақназар заманында ұланқайыр даланы сәтті басқару үшін, "Аймақ, немесе Жүз" атандырған басқарудың құрылымдық түрі еді. Мәселен, кешегі 19 обылыс, немесе бүгігі 14 обылыс сияқты. Сөйтіп, ұлы жүздің Ханы - Сәмеке, орта жүздің Ханы - Әбілмәмбет, кіші жүздің Ханы - Әбілқайыр болды. Осы бөлшектенуді сырттай бақылап отырған жауларға сәтті кезеңдей көрініп, 1723 жылы Қытай мен Орыс астыртын келісіп, Ұлы даланы бөлісіп алмақ ойымен, ЖОҢҒАРЛАРДЫ айдап салады...
Міне осынау ауыр заманда, қаша көшкен әкесі көркем Уәлиге ермей, Төленің түйесін бағып жүрген Сабалақ (Абылай) бар-жоғы 12-13 жаста еді. Дәл осы кезеңдегі Абылайдың өсу жолы еш жерде айтылмайды. Ұрпақ тәрбиесі үшін аңырайып тұрған апандай болып, бейне Абылай - Хан болу үшін аспаннан түсе қалған сияқтанады.Жоқ ! Абылай аспаннан түскен жоқ.Оның деректі әңгімесін қысқаша ғана айтсақ, Қазақ пен Жоңғар арасындағы шапқыншылықтар, "құбақалмақ" заманы аталғалы қашан ?! Осы қақтығыстар әз-Тәуке қайтқаннан кейін, тіпті күшейіп кетеді. Міне, осы кезде аты әйгілене бастаған Қабанбай батыр, бүкіл Қазақ даласында алғашқы болып, 1720 жылдардан бастап тұрақты Жасақ ұстағаны тарихи деректерде айтылады. Оның көркем Уәлиге Жоңғарлардан сақтандырып шапқыншы жіберетіні де келтіріледі. Жоңғарлар Алатауды бөктерлей келіп тисумен қоса, жеделдете Түркістанды да басып алғандары белгілі. 1725 жылы ең әуелі Ел астанасы Түркістанды босату үшін, бүкіл қазақ батырларына сауын айтып, Қабанбай батыр өз жасағымен жолға шығады. Міне, алғаш рет Сабалақ бала Төле биден бата алып, он үш жасында Қабанбай батырдың жасағына қосылады. Ол өз ерекшелігімен бірден көзге де түсе бастайды. Қабекеңнің тәрбиесінен үлгі алған Сабалақ, алғаш рет 18 жасында "Абылайлап" жауды жеңген батырлығында көрсетеді. Осылайша басталған Абылайдың азаматтық жолы, Қазақтың данышпан Ханы болуымен астаса өрнектеледі. Ұлы Ханның бұдан ары қарайғы өмірі бүкіл қазақ жұртына белгілі....
Қабанбай бастап, Абылай қостаған алғашқы сәттің жеткен жетістігіндей, кейінірек Абылай - Хан болып бастаған, қаракерей Қабанбай - Ұлы Қолбасшысы болып қостаған, және көмекей әулие Бұхар жырау - Ханның да, Қолбасшының да - адалдықты анықтаған Кеңесшісі атанып, мемлекеттегі қателікті сабырлы әрекетпен жөндеуге кіріседі. Бұл қандай қателік десеңіз.., ақылы жоқ сауатсыз, азғындардың пендешілігінен, әз-Тәуке өлісімен-ақ бүтін халықты "үш жүзге" бөліп, бір Қазақты - үш Хандыққа бөлшектеген уақыт орныға бастайды. Бұл "ЖҮЗ" ұғымы, сонау Хақназар заманында ұланқайыр даланы сәтті басқару үшін, "Аймақ, немесе Жүз" атандырған басқарудың құрылымдық түрі еді. Мәселен, кешегі 19 обылыс, немесе бүгігі 14 обылыс сияқты. Сөйтіп, ұлы жүздің Ханы - Сәмеке, орта жүздің Ханы - Әбілмәмбет, кіші жүздің Ханы - Әбілқайыр болды. Осы бөлшектенуді сырттай бақылап отырған жауларға сәтті кезеңдей көрініп, 1723 жылы Қытай мен Орыс астыртын келісіп, Ұлы даланы бөлісіп алмақ ойымен, ЖОҢҒАРЛАРДЫ айдап салады...
Міне осынау ауыр заманда, қаша көшкен әкесі көркем Уәлиге ермей, Төленің түйесін бағып жүрген Сабалақ (Абылай) бар-жоғы 12-13 жаста еді. Дәл осы кезеңдегі Абылайдың өсу жолы еш жерде айтылмайды. Ұрпақ тәрбиесі үшін аңырайып тұрған апандай болып, бейне Абылай - Хан болу үшін аспаннан түсе қалған сияқтанады.Жоқ ! Абылай аспаннан түскен жоқ.Оның деректі әңгімесін қысқаша ғана айтсақ, Қазақ пен Жоңғар арасындағы шапқыншылықтар, "құбақалмақ" заманы аталғалы қашан ?! Осы қақтығыстар әз-Тәуке қайтқаннан кейін, тіпті күшейіп кетеді. Міне, осы кезде аты әйгілене бастаған Қабанбай батыр, бүкіл Қазақ даласында алғашқы болып, 1720 жылдардан бастап тұрақты Жасақ ұстағаны тарихи деректерде айтылады. Оның көркем Уәлиге Жоңғарлардан сақтандырып шапқыншы жіберетіні де келтіріледі. Жоңғарлар Алатауды бөктерлей келіп тисумен қоса, жеделдете Түркістанды да басып алғандары белгілі. 1725 жылы ең әуелі Ел астанасы Түркістанды босату үшін, бүкіл қазақ батырларына сауын айтып, Қабанбай батыр өз жасағымен жолға шығады. Міне, алғаш рет Сабалақ бала Төле биден бата алып, он үш жасында Қабанбай батырдың жасағына қосылады. Ол өз ерекшелігімен бірден көзге де түсе бастайды. Қабекеңнің тәрбиесінен үлгі алған Сабалақ, алғаш рет 18 жасында "Абылайлап" жауды жеңген батырлығында көрсетеді. Осылайша басталған Абылайдың азаматтық жолы, Қазақтың данышпан Ханы болуымен астаса өрнектеледі. Ұлы Қолбасшы қаракерей Қабанбай мен көмекей әулие Бұхар жыраудың қолдауларымен, Абылай хан үш хандыққа ыдырап кеткен қазақтың басын қайыра қосады. Ұлы Ханның бұдан ары қарайғы өмірі бүкіл қазақ жұртына белгілі....

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10618
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4199
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3684
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3578
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3438
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2897
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3059
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2784
  • 19