Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:45, 18 января 2015

Арландарымыздың кезекті жеңісі

Blog post image

 

17 қаңтар күні , Алматы қаласындағы  Болуан Шолақ  атындағы спорт сарайы бокс сүйер қала тұрғындарына кезекті  бүкіләлемдік бокс сериясының V маусымы аясында өткен бокс додасы «Астана Арланс» бокс клубының ойынын тамашалауына  мүмкіндік туғызды. Ойын барысында кәсіпқой бокс клубы венесуэлалық «Caciques Venezuela» командасын 5:0  есебімен арландарымыз  тізе бүктірді. Тартысты өткен сайыста жанкүйерлер шаршы алаңға шыққан әрбір боксшымызға қызу қолдау көрсетті. Ал «Астана Арланс» бокс клубы өз мықтылығын, шеберлігін  танытты.

Blog post image

 

Әсіресе Мейірім Нұрсұлтанов пен Хуан Родригестің  былғары қолғапшылардың  жекпе-жегі қызу түрде өткені сөзсіз . Мейірім ІІ раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

 

Blog post image

Қызыққа толы сәттердің ,естен кетпес кездерімнің көбісі менің осы волонтерлық қызметімен сәйкес келеді.

Blog post image

 

Blog post image

Міне мен тағы волотер қызметін атқардым. Бұл жолы атақты Астана Арланс Қазақстандық боксшыларымыздың ойын барысын тамашалауға жиналған көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, орындарының қай жерде екендігін көрсетіп тұрдым.Жұмыс аса қиын емес .Керісінше өте қызықты.

Blog post image

Әлемдік бокс сериясында өнер көрсететін (WSB) "Астана Арланс" қазақстандық клубының директоры  Серік Сәпиевпен бірге.

 

Blog post image

Айқын ағамен бігре.

 

Blog post image

Blog post image

Зор адам болу үшін зор армандардың соңынан ер.

 
0
942
0