Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
03:57, 15 января 2015

Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте

Міне 2015 қой жылы да келіп қалды,Жаңа жыл құтты болсын достар !!!

Мен көп уақыттан  бері мақала жазбай қалсам қолым жазу шеңберінен шығып қалатын секілді.

Қазақ тілін дәріптеп көбінесе мақаларымды қазақша жазғанды қалаймын. Ойымды да ашық әрі тиянақты жеткізуге қолайлы. Себебі отбасымда қазақы тәрбие алып өскен қызбын.

Әрі қандай жиындармен кездесулер болмасын қазақша сөйлеуді парызым деп санаймын.

Себебі мен көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесімін , өкінішке орай небір қазақ  ұл -қыздары қазақша сөйлеуден бас тартады .   Не себепті  қазақ тілін қолданбайды соны түсінбеймін. Ал мен қазақша сөйлесем таң қалып қарайды өкінішке орай .

 

Blog post image

 

Егер біз күнделікті үйреншікті жағдайда орысша сөйлеп жүретін болсақ, тіпті ана тіліміз ұмыт болары анық емес пе?

Алайда ғаламдық жағдайда, жақында GOOGLE парақшасында қазақ тілінің тіркелгені туралы хабарланды. Бұл өте қуанышты жаңалық .  Үлкен жетістік  деп санаймын.

 

Blog post image

Blog post image

Қазақ еліне саяхаттап келген туристер осы аударманы пайдаланып бізбен қазақша сөйлей алатын мүмкіндік туды .

Себебі мен Европа мемлекеттерін саяхаттау кезімде , бір байқағаным әр мемлекет өзінің туған тілін бірінші орынға қояды сосын барып ғана ағылшын тілінде жауап береді, көп жағдайды сол мемлекетте өзім сияқты саяхаттаушылар . Мысал айтатын болсам, Польша мемлекетінде тіпті не орыс не ағылшын тілін білмейтін адамдармен кездестік, қарапайым жағдайда жол сұрап көріп едік, бізге өздерінің туған тілінде жауап берді. Польшада ғана емес , Испанияда да сондай жағдайға тап болдым .

Бар болғаны қазақ тілінде сөйлеу аса қиын жағдай деп ойламаймын.Сен шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, ана сүті арқылы ең бірінші дәмін татасын , өсе келе кедергілерге тап болып өз тілінді ұмыт қылу ол ұят емес пе ?

Егерде біз жастар туған ана тілімізді құрметтемесек , ол кімге керек?Біз емес пе асыл көздің жалғасы . Кейінгі ұрпаққа аманатты дұрыс жеткізу біздің мойнымызда.

 

Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!

 

Blog post image

 
2
1922
0