Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:17, 18 ноября 2014

Манғыстау облысы ақпараттық-насихат тобының кезекті кездесуі

Манғыстау облысы ақпараттық-насихат тобының кезекті кездесуі Ақтау қаласындағы энергетикалық колледжінде өтті. Студенттермен жүздескен теолог мамандар еліміздегі діни ахауалды айтып, оның ішінде экстремизм, терроризмге жол бермеу тақырыбына кеңінен тоқталды.
Діни сауаты жоқ кез келген азамат теріс пиғылды ағымдағы күштердің арбауына түсіп қалуы мүмкін, сондықтан да мұның алдын алу үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Орта білім беру мектептерінде дінтану сабағы өтеді, "e-islam.kz" порталы жұмыс жасайды, республика бойынша ақпараттық талдау орталығы ашылып, жер-жерлерде ақпараттық-насихат тобы қызмет етеді. Осы туралы толық мағлұмат берген мамандар жастардың назарына «Қатерлі джихадизм» атты бейнероликті ұсынып, аз да болса діни танымын арттырды.
Кездесуге қатысқан жүз елуден астам студенттер экстремизм мен терроризмге қарсылықтарын білдіріп, онымен күресуде қоғам болып күш салу керектігін жеткізді.

0
237
0