Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:10, 14 ноября 2014

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы 2014 жылғы 13 қарашада барлық деңгейдегі АНТ мүшелерінің қорытынды кеңесін өткізді.

АНТ-тың 2014 жылғы қызметінің қорытындыларын жинақтау, қалалық және аудандық АНТ-тың дін мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастырудың озық тәжірибесін тарату мақсатында, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы 2014 жылғы 13 қарашада барлық деңгейдегі АНТ мүшелерінің қорытынды кеңесін өткізді.

Кеңеске облыстың барлық өңірлерінен келген 80 адам қатысты.

АНТ мүшелерінің және қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдері басшыларының алдында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Қ. Нөгербеков сөз сөйледі.

Кеңестің жұмысына облыс әкімі аппараты әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі Қ.Ж. Сүйіндіков, Қостанай облысы әкімдігі жастар саясаты басқармасының басшысы Т.Б. Шүкенов, Қостанай облысы прокуратурасының бөлім бастығы М.Ж. Құзбаев, Қостанай облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары В.Р. Кушитерова қатысты.

Қорытынды кеңеске қалалар мен аудандар әкімдіктері ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық тақырыптық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, қалалық және аудандық ақпараттық-насихат топтарының мүшелері, жоғары оқу орындары мен колледждердің ақпараттық-насихат топтарының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Кеңес барысында қатысушылар ақпараттық-насихат қызметін жүзеге асыру, халық арасындағы, әсіресе жастар арасындағы, жұмыстың әртүрлі нысандарын қолдану тәжірибесімен алмасты, АНТ-тың 2014 жылға арналған міндеттерін белгіледі.

Іс-шара барысында қалалар мен аудандардың, ЖООлардың, колледждердің АНТ мүшелері алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Кеңеске қатысушылар әдістемелік және оқу материалдарымен қамтамасыз етілді.

 
0
664
0