Yvision.kz
kk
0
23:08, 22 октября 2014

«Turkvizyon-2014»

26 қазан, сағат 19.00 «Хабар» арнасында Астанадан тікелей көрсетілім. "Turkvizyon-2014" ұлттық турдың ақтық кезеңі.

Turkvizyon - бұл айтулы халықаралық музыкалық шара. Биыл "Түркі әлемінің астанасы-2014" ұйымдастырылатын Казанда өтеді.

Blog post image

Халықаралық жартылай финал 19-шы қарашада, ал ақтық сайыс 21-ші қарашада өтеді.

"Turkvizyon" - әлемдік деңгейдегі жаңа ән байқауы. «Евровидение» сайысына баламалы сайыс. Биыл 20-дан астам түркі мемлекетінен өкілдер қатысады. Байқаудың 300 миллионға жуық көрермені бар.

Blog post image

Конкурсқа ұйытқы болғандар: "ТMB TV" телеарнасы мен "TÜRKSOY" түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы.

Blog post image

"Turkvizyon" - музыкалық байқау, саясат пен бизнестен және жариялылық үшін жарнамаламаудан тыс.

Blog post image

Қазақстандықтар "Turkvizyon-2014" ұлттық турдың ақтық кезеңін тікелей эфирден көріп қана қоймай, шараға қатыса да алады. Ол үшін өзіне ұнаған орындаушыға sms жіберу арқылы қолдау көрсете алады.

Blog post image

"Turkvizyon-2014-тің" қазақстандық ақтық сайысына жолдама алғандар: Абдулкәрім Кәрімов, Ақбикеш, Бейбіт Қошқалиев, «Алашұлы» тобы, «Алшы» тобы, «VoiceKz» тобы, Дастан Оразбеков. Диас Абылаев, Ербол Шәріпов, Жанар Дуғалова. Мархаба Сабиева, Нұрболат Абдуллин, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов, Sanda, Luina.

"Turkvizyon-2014-тің" іріктеу туры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қазылар алқасының мүшесі:

Ринат Гайсин - композитор, аранжировка жасаушы, әнші, музыкалық продюсер.

Айнұр Турсынбаева - ақын, тележүргізуші.

Тимур Сержанов - Vj, «NS»радиостанциясының бағдарламалар директоры

Роман Райфельд - музыкалық сыншы,журналист.

Алтынай Жорабаева - әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты.

 

0
290
0