Yvision.kz
kk
0
01:11, 18 сентября 2014

«Жекпе жек» ток-шоуы

Әр бейсенбіде Ринат Думанұлы «Жекпе-жекке» шақырады!

Ток-шоуда қоғамдағы кез келген өзекті мәселе тілге тиек етіледі. Студияға таңдаулы мәселеден толық хабардар, аргументке бай, тиісінше өзіндік пікірі бар спикерлер ғана шақырылады.

Blog post image

Ток-шоудың айтары көп. Берері мол. Қоғамның қоясын ақтаратын, дәл бүгіннің, тап ертеңнің мәселесін дөп басып, ағы мен қарасын ажыратып, ақиқатын жеткізеді. Қоғамдық қос тұлғаның ауызымен шындықтың шідері ағытылады.

«Жекпе-жектің» басты ерекшелігі - пікір сайысқа келген қос тарап талқыға түскен тақырыпқа қатысты ұстанымы мен көзқарасын бұлтартпас фактілермен дәлелдеу арқылы жеңіске жетеді.

Өмірдің жекпе жегінен өз үлесінді алуға асық. Өйткені мұндай шайқас күнде бола бермейді.

 

«Жекпе-жек»
Әр бейсенбі
Ринат Думанұлымен

 

0
232
0