Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:38, 17 сентября 2014

Қазақстанда алғашқы рет қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтілетін болады

Аталған мерекенің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

Мерекенің ұйымдатсырушысы ретінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығады. Аталған күнге орай мерекелік іс-шаралардың бірқатары Қазақстанның барлық облыстарында өтеді.

Мерекенің қарсаңында 2014 жылы 26 қыркүйекте Астана қаласының Ұлттық мұражай залында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» Республикалық форум өтеді.

Форумның барысында Қазақстанның экономикасының дамуына және нығайыуына қосқан өзінің елеулі үлестері үшін:  тау-кен кешені, темір жол транспорты; көмір өнеркәсібі; мұнай кешені; машина жасау; білім беру; денсаулық сақтау; химиялық кешені; ауыл шаруашылық; тұрғын             үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс; электроэнергетика; банк мекемелері; және де мемлекеттік басқару, қоғамдық қызмет  салаларындағы жұмысшыларға құрмет көрсетілетін болады.

Жеңіске қол жеткізушілер келесі номинациялардағы - «Еңбек әулеті», «Еңбек ардагері», «Тәлімгер», «Еңбек болашағы» және де «Еңбектегі өркендеу және инновация» арнайы марапаттармен құрмет көрсетілетін болады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д. Арғындықов атап өткендей, республикалық форумның шеңберінде экономиканың әр түрлі саласындағы ең жақсы жұмысшыларын «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау рәсімі болып өтеді.

«Еңбек ардагері» медалі экономиканың әр түрлі саласында жұмыс жасайтын жұмысшылардың және зейнеткерлік жасына жеткен жалпы 40 жылдық еңбек өтілі бар, соның ішінде - 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар кісілерге, және де еңбек қызметінде ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізген  кісілерді марапаттауға  бірыңғай ведомстволық марапат болып табылады.

Аталған іс-шарада 14 облыстардың, Астана және Алматы қалалары өкілдері, кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары, бизнес бірлестіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысатыны күтілуде.

 
0
2521
0