Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:17, 29 апреля 2010

Интернет форум

Blog post image

Мен отын оттап, суын ішіп жүрген MediaNet Халықаралық журналистика орталығы дәл қазір Алматы қаласындағы "Қазжол" қонақүйінде "Орта Азия елдеріндегі Интернет-саланың дамуы" атты аймақтық Форум өткізіп жатыр. Әрлі-берлі шет елдерден ат арытып келген қонақтар мен қазақтың кең даласынан мойын бұрған ағайындарға құшақ жайған бұл шараны өткізуге Қазақстан Медиа Альянсы ат салысып, Конрад Аденауэр атындағы Қор мен Астандағы ЕҚЫҰ Орталығы қолдау білдіруде. Таңғы 8-ден қонақүйде қазықтай қақиып, ел күтіп, кеңсеге жаңа келген менің көргенім жиналған жұрттың қауқылдасып, аймақтағы ел мен жердің "интернеттелгенін" немесе "интернеттелмегенін", электронды сауаттылық деңгейінің жағымды-жағымсыз тұстарын, Желі мен БАҚ-тың қарым-қатынасын, сөз бостандығын талқылап жатқаны болды. Халықаралық Форум деген атқа ие болып отырған шара жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.

ҚҰДАЙ жазса, БАҚ беттерінде бұл жайлы журналистердің хабарын естіп, көре жатарсыздар, ал менің айтайын дегенім басқа.

Интернеттің жілігін шағып, майын ішпесек те, шетін жағалап, қоршауынан сығалап, мұнда не бар екен деп басымызды қылқитып, қарап жүрген жайымыз бар. Сондықтан осы жазбаны оқыды-ау деген ағайынға қояр сұрағым бар: қазір болып жатқан оқиғалар бар, болғалы тұрған оқиғалар бар, жабық жағдайлар бар, ашық жағдайлар бар, жасырын жағдайлар бар, оылардың бәрін-бәрін ескере отырып, қазақ тіліндегі Интернет контенттің даму деңгейін Сіз қаншалықты бағалар едіңіз?

Пернетақтаңыздың бояуын кетіріп, саусақтарыңызды сытырлатып жауап жазып, әуре болғаныңызға ТАУДАЙ алғыс білдіремін)))

0
350
5