Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:48, 12 ноября 2008

Корпоративтік ойындар

1) "Жануарлар жанұясы"

Ойынға бірнеше карточкалар дайындалады. Әр карочкада жануарлардың аты мен туысқандық қатынасы көрсетіледі(мысалы, маймылдың атасы, пілдің әжесі, тышқанның жиені, доңыздың мамасы да папасы т.т). Және бірнеше жанұя болуы тиіс. Ойын басында әр ойыншы карточкадан алады. "Бастадық" дегенде әр ойыншы өз туысын іздеп табу керек, тапқанда да адами қылықтарды қолданбай карточкада көрсетілген жануардың іс-әрекетін жасап, дыбыстап болады ма, қиымылын салып болады ма... ну вообщим ... "өз" дегендерге қосылу. Ойын соңы, бір-бірін тапқан жанұя үлкенінен кішісіне дейін тізілуі керек :)

2) "ТССС ПОШТА!"

и так! бірнеше адам бірінен соң бірі тізбектеліп тұрады. Соңғы тұрған мен бірінші тұрғандардың қолдарында қағаз бен маркер. Соңғы адам қағазға бірдеңе(жануар суреті, адам суреті, т.т) салады да, келесі тұрған адамның арқасына саусақпен, қағаздағыны түсіреді :) Келесі ойыншы, не салып жатқанын түсінбесе де, алдында тұрған арқаға саусақпен "не болар екен" деген суретті салады. Сөйтіп сөйтіп, бірінші тұрған ойыншы өз арқасына салынған суретті қағаз бетіне салуға тырысыды :)

3) командалық ойын :)

Бірнеше топқа бөлінген компания қызметкерлерінің аяқтарына шар байланады. Мақсат: басқа топтың шарын жарып, өзінікін сақтау.

Жұмыскерлердің, қызметкерлердің, жалпы коллективтің "бірлігі" - жұмыстың алға басуының бірінші қағидасы барар :)

 

 

0
19479
1