Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:13, 02 июня 2014

«ТОЙ ЖЫРЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ БАСТАУ АЛДЫ

Елде той маусымы, ал біздің арнаның эфирінде «Той жыры» атты жаңа жоба қызу жүріп жатыр. «Жұлдыздар» тойға шықырмаса да, көрермендер әр сенбі сайын олардың тойына барғандай әсер алып жатса керек, бағдарлама алғашқы шығарылымынан-ақ сұранысқа (аудитория 6+каз - 3,9% рейтинг, 19,3 % үлесі) ие болды.

Неге дейсіз бе? Өйткені, қазақ той десе ішкен асын жерге қояды! Әдетте дүркіреген қазақ тойы көбіне шуға ұласса, көпшілікті шулатпай жасалатын жұлдыздар тойы шоуға айналып жатады. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда!

Енді қазақтың маңдайына біткен асыл да әйгілі тұлғаларының тойын үйде отырып көре аласыз. Олардың өмірдегі маңызды оқиға бейнетаспаға боямасыз түседі, ал біз бұл экскюзивті мұрағатты бүкпесіз көрсетеміз. Ол аздай, жұлдыздар тойындағы қызық пен шыжық әрі олардың махаббат хикаялары жайында өзге емес, өздерінің аузынан естисіз. Мәселен, той қандай ресторанда немесе «палаткада» өткенін, кімдер келгенін және олардың шашуға не әкелгенін біле аласыздар. Келіннің бетін кім ашып, той көйлегі қаншаға түскеніне шейін айтып береді. Бұдан бөлек, ерлі-зайыптылар бір-бірінің мінездері мен әдеттерін қаншалықты біліп үлгергенін де тексереміз.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші шығарылымның кейіпкерлері отандық шоу-бизнестің жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина болған еді. Олардың бес жүзден аса қонақ шақырып, 18 жыл бұрын дүркіретіп өткізген тойына маусым айында «Астана» көрермендері куә болды.

Сонымен қатар, белгілі орындаушылар Беркут пен Аишаның, композитор және орындаушы Ұлықпан Жолдасов жұбайы Айғанның тойы да «Астана» телеарнасының көрермендеріне көңілді әсер қалдырды.

 
0
754
0