Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:27, 10 мая 2014

Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры — қазақ өнерінің қара шаңырағы

Театр бұл- рухани азық демекші, қазіргі уақытта қазақ кәсiби сахна өнерiнiң негiзгi көшбасшысы – Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры. Орталық Азия аймағындағы драма театрлардың алдыңғы легiнен орын алатын, сонау 1926 жылы негiзi қаланған өнер ордасының тiзгiнiн ұстаған атақты тұлғаларымыз Ж.Шанин, Ж.Аймауытов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмiрзақов, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов, Қ.Бадыров тағы да басқа тарланбоздардың есiмдерi әрдайым құрметпен еске алынады. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 жылы 10 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» қойылымымен ашылып, 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылды.Қазіргі уақытта театрда әлі де А.Әшімов, С.Оразбаев,Қ.Тастанбеков, М.Өтекешова, Т.Жаманқұлов секілді өте тәжірибелі,танымал аға буын қызмет етеді. Ал театрдың директор-көркемдік жетекшісі Еркін Тілеуқұлұлының пікірінше:

- Бүгін ойналған спектакль кешегіге мүлдем ұқсамайды. Театр жеткен жетістігінің ар жағына қарай дамытуымен айналысу керек. Себебі, бүкіл әлемде де, біздің негізгі мектебіміз болатын Ресейде де, ешкім театрды күнде өзгертем деп алдына мақсат қоймайды. Қазір сахна стилі, сахна мәнері өзгерді.Бірақ бұл кешегіні ұмыту деген сөз емес, жаңа ұстанымды, жаңа көзқарасты негізделе отырып, жаңа қойылымдар қойылады. Мысалға, жақында ғана У.Шекспирдің «Отелло» трагедиясы көрермендерге ұсынылды.Оны Надежда Птушкина сынды әлемге танымал ресейлік драматург әрі режиссердің, беларуссиялық суретші А.Игрушаның, Б.Валуев сынды ресейлік сценографтың, сондай-ақ Германияда тұратын белгілі композитор Владимир Чекасиндердің басын қосқан бұл жоба қазақ өнерінің әлемдік интеграцияға ену жолындағы айтулы үлесі деп айтуға болады.

л

Театрдың ең басты байлығы – күшті шығармашылық ұжым.Қазіргі уақытта театрда 100-ге жуық қызметкерлер жұмыс атқарады. Оның 30%-ы шығармашылық ұжым, ал қалған 70%-ы техникалық қызметкерлер.Әр жұмыскер қойылым алдында ерекше жауапкершілікпен дайындалады.

х

Әртістердің физикалық дайын­дығы ғана емес, интеллектуалдық деңгейі де өте жоғары болуға тиіс. Көрермен сахнадан әдемілікті көруге келеді. Сахнадағы сөз әдемілігі, қимыл әдемілігі, сымбат әдемілігі міндетті түрде қабысып тұруға тиіс.Сол себепті, актерлер театрда таң атқаннан кешке дейін көрініске дайындықпен қатар, хор, вокал, би, сахна қозғалысын меңгереді. Дегенмен, бәрімізге белгілі театр әртісінің жалақысы кино актерінен әлдеқайда төменірек. Алайда, театр-мәңгілік. Ал нағыз актер үшін, театр киноға қарағанда әрқашан ыстық болады.

ж

Әуезов театрының актрисасы, труппа жетекшісі Гүлнұр Шыңғысова:

- Қазіргі уақытта жасыратыны жоқ,Әуезов театрының репертуарын ұстап тұрған бұл- жастар.Әрине, үлкен кісілердің орны мәңгілік. Бірақ, болашақ жастардың қолында. Маған театрымыздың директоры Еркін Тілеуқұлұлы труппа жетекшісі деген үлкен лауазымды қызметті ұсынған сәтте: «Жастардың арасынан суырылып шыққаннан кейін, әріптестеріңнің барлығын жақсы білесің, бұл сенің ортаң, саған сеніп беріп отырмыз» - деп тапсырды. Алайда, мен әлі де кереметтей үлкен жетістіктерге жеткен жоқпын, енді осы театрымызда қадам басып келе жатқан кезім. Егер, кино саласында маған тарихи көркемдік фильмге басты рөлді ұсынса ғана кино индустрияға кетер едім. Бірақ, театр мен үшін әрқашан 1-ші орында, толықтай киноиндустрия саласына кету менің ойымда болмады. Осындай киелі шаңырақта, актриса мен труппа жетекші қызметін бірге алып жүруге мен үшін үлкен мәртебе.

Әуезов театрының актері Жасұлан Байсалбеков:

-Жалпы, өнер жолы қай салада болсын қиын жол. Актер болам деген келер жас талапкерлерге айтарым, бұл саланы таңдар алдында ойлану керек. Шыны керек, көбісі телевизордан жұлдыздарды көргенде танымал болам деп армандайды. Бірақ, талант пен еңбекқорлықтың арқасында ғана жетістіктерге жетуге болады. Кино мен театрды салыстыратын болсам, кинода ойнау әдісі, сөйлеу мәнері мүлде басқаша. Көзбен кейіпкеріңнің жан дүниесін аша алуың қажет. Ал, театрда өз рөлін көрермендерге жеткізу үлкен жауакершілікті талап етеді. Соңғы қатардағы көрермендерге дауысыңды, мимикаңды, сезіміңді жеткізуің қажет. Өз басыма театр – шығармашылықтың бастамасы болғаннан кейін жақын.

Театр ұжымдық өнер, себебi бiр қойылымды көрерменге ұсыну үшiн оған автор (драматург, сатирик), қоюшы-режиссер, актерлер, суретшi-декоратор, композитор, гример, жарық берушi, тағы көптеген қызметкерлер атсалысуы қажет. Қойылым көрермен жан дүниесiне әсер еткенде ғана ол өз қызметiн атқарып негiзгi мақсатына жеткен болып есептеледi. Аталмыш өнерде көрермен жүрегiне жол таба бiлу ең бiрiншi кезекте қоюшы-режиссерге байланысты. Жасыратыны жоқ, әртістің бағы жануы да режиссердің қолында. Режиссер Елік Нұрсұлтанның пікірінше:

- Біздің актерлардың арасында басты рөл үшін, бәсеке бар. Бұл, менің ойымша дұрыс. Себебі, талас-тартыс бар жерде сапа бар. Жалпы, театр өзiнiң барлық болмысымен қоғам үшiн, мемлекет үшiн, халық үшiн, халқымыздың биiк кеуделi рухы үшiн қызмет етедi. Соның себебiнен болар, бiздiң театрда шетiнен отансүйгiш, елiм деп елжiреп тұратын, тiлiн сүйетiн, өткен тарихты, қазақ дейтiн халықты қадiрлейтiн адамдар ғана жұмыс iстейдi.

з

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері өткен тарихымызбен бүгіні танымымызды таразылып, ұзақ жылдар бойы қол үзіп қалған ата-бабаларымыздың дәстүріне терең үңіліп, рухани сабақтастықты жалғастыруға ден қойылды. Қоғамымызда болып жатқан қайта түлеулерге өнердің барлық саласы тәрізді театр өнері де қызу кірісіп, өз үлесін қосып жатыр.

 
0
1753
0