Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:57, 19 апреля 2014

ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы жалпықалалық сенбілікке қатысты

ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы жалпықалалық сенбілікке қатысты
Blog post image

Бүгін а.ж. 19 сәуірде Астанада ҚР Қорғанысминінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы белсенді түрде дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілікке тартылған Бас қорғаныс ведомствосының қызметкерлері белгіленген секторда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жерді тұрмыстық қоқыстардан, қураған жапырақтар мен шыбықтардан тазартты.

- ҚР ҚМ Орталық аппаратының жеке құрамы дәстүрлі өтіп келе жатқан жалпықалалық сенбілікке тартылды. Бізге аэропортқа апаратын жол бойы белгіленді. Бұл іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда, – деп атап өтті ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Қайсар Мұғалов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
390
0