Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:28, 16 апреля 2014

Жанұялық бюджет жүргізудің 4 қағидасы

Тапқан ақшаңыздың барлығы жұмсалып кете бере ме? Шығындарыңыз табысқа тең немесе одан асып түсе ме? Ақшаны жинағыңыз немесе көбейткіңіз келе ме? Осы сынды мәселелерді шешу жолы - сауатты жанұялық бюджетті қалыптастыру.

Халықаралық Бизнес Академиясында осы оқу орны мен kaspi bank-тің ұйымдастыруымен "Полет за горизонт" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба "Қаржы мәдениеті" ағартушылық бағдарламасының аясында әзірленген.

Аталған оқу орнының студенттеріне арнап "Kaspi Bank" АҚ Атқарушы директоры Александр Емешев "Жанұялық бюджет" тақырыбында сөз қозғады.

Blog post image

Жанұялық бюджетті құрастырудағы негізгі төрт қағида аталып өтті. Солармен сіздер де таныс болыңыздар:

1. Табыс шығыстан жоғары болуы тиіс, ақша аспаннан түспейді.

Табысыңыздың барлығы шығындылатын болса, немесе қажеттіліктеріңізді өтеу үшін тапқан ақшаңыз жеткіліксіз болып, қарыз алу қажеттілігі туындап жатса, онда сізге есеп жүргізуді қолға алу қажет. Қаражаттың қандай көлемде табылып, қайда жұмсалып жатқандығын біліп, қадағалап отыру керек.

2. Өз мақсаттарыңызды қалыптастырыңыз және өз кірісіңіз бен шығысыңызды есептеңіз.

Әрбір адамның қаржы жағына келгенде мүмкіндігі шектеулі. Кімнің болмасын байлығын шексіз деп айта алмаймыз. Кейбір заттарды немесе қызметтерді сіз сатып ала алмайсыз. Ал кейбіреулер сіз қол жеткізе алатын нәрселерді иемденуге қауқарсыз. Бастысы - өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды өзгелермен салыстырмаңыз.

Басқалардың кіріс-шығысын санап жүрудің қажеті жоқ. Олай істеген күнде сіз өзіңіздің қаражаттық жай-күйіңізге нақты, объективті баға бере алмайсыз. Өзіңіздің жеке мақсаттарыңыз болу тиіс. Сол арман-тілектеріңізге қол жеткізу үшін қаржылық есебіңізді жүргізіңіз.

3. Өз шешімдеріңіздің баламалы құнын бағалаңыз.

Бұл қағида түсініктірек болуы үшін мысал келтіре кетейін.

Мысалға Асан деген бір оқушы балада шамалы ақшасы бар. Ол балмұздақ жегісі келеді, оған қоса киноға да барғысы келеді. Бірақ екі әрекетке де оның ақшасы жетпейді. Асан киноға барамын деп шешім қабылдады делік. Олай болғанда балмұздақ оның жасаған таңдауының бағасы, яғни кино билетінің баламалы құны болады.

Баламалы құн сонымен қатар қызметпен және ақшалай бағалануы мүмкін. Жоғарыдағы мысалда Асан киноға бармай, балмұздақ алса, онда оның бас тартқан қызметі (кино қарау) балмұздақтың баламалы құны болмақ.

Blog post image

Баламалы құн қағидаты осындай қарапайым оқушы таңдауынан бастап, тұлғамен, отбасымен, мемлекетпен қабылданатын шешімдерге де қатысты.

4. "Шығындар" туралы ойламаңыз - "инвестициялар" туралы ойлаңыз.

Әрбір саналы адам өмірін жақсарта түсуге тырысады. Сол мақсатта ол қаражаттын арттыруға күш жұмсайды.

Қарапайым депозит ашу арқылы да ақшаны біршама еселеуге болады.

Бизнес жүргізу, түрлі жобаларға қаржы салу арқылы инвестициялауға болады.

Негізгісі, барлық тәуекелдерді ескеріп, жоспар құру, сауатты есеп жүргізу маңызды.

0
2084
0