Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:05, 14 апреля 2014

АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында

12-сәуір күні Атырау қаласы студенттерінің қатысуымен өткен «Жасыл жапырақ» акциясына АРЕС колледжінің студенттері де белсене қатысты.

Blog post image

Акция Атырау қалалық жастар ресурстық ортылығы және Жасыл ел Атырау облыстық штабының қолдауымен өткізілді.

Blog post image

Айтулы іс-шараның өз дәрежесінде өтуіне АРЕС колледжінің студенттері де ат салысты.

Blog post image

Колледждің студенттік кеңесінің белсенділері Н.Абенова, Ж.Самиғоллаұлы, М.Сәттіғұл, С.Сұңғатов, И.Уразбаев әр студенттің аты жазылған түбіртектер дайындап таратты.

Blog post image

Алғашқы болып ағашты Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Қалауи отырғызды.

Blog post image

Акция барысында әр студент өзінің  атаулы ағашын отырғызып, оларға су құйды. Барлығы акцияға АРЕС колледжінен 100  студент, 20 оқытушы және облыс жастарының қатарында 50 волонтер қатысты. Ағаш отырғызылып болған соң, колледж ауласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен флеш-моб өткізілді.

Blog post image

Студенттер белсенділік таныстып, салауатты өмір салтын насихаттап, сауықтыру биін биледі. Жалпы акция өз мақсатына жетіп, жастар үлкен қызығушылықпен ат салысты.

Blog post image

0
1107
0