Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:42, 13 апреля 2014

ХОККЕЙ: «Сарыарқа» Братина кубогы финалында түмендік «Рубинмен» бақ таластырады

Blog post image

Түменнің «Рубині» Жоғары хоккей лигасының финалына шықты. Енді олар қарағандылық «Сарыарқамен» бақ таластырады.

Бесінші жартылай финалдық ойында «Рубин» сырт алаңда Пермьдік «Молот-Прикамьені» 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Жоғары хоккей лигасының ақтық сайысында «Рубин» Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесетін болды. Ал қазақстандық клуб жартылай финалда ЖХЛ жеңімпазы «Торосты» ойсырата жеңіп, өткен маусымдағы финалда сүріндірген қарсыласынан кек алды.

Финалдық серияның бірінші матчы Түменде 18 және 19 сәуірде болады. Ал 22-23 сәуірде ойындар Қарағанды қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
227
0