Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:10, 09 апреля 2014

Бүгін Дін істері агенттігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан ‑ 2017. Мақсаттардың ұлттық іс-әрекеттер жоспары» сайлау алды тұғырнамасының аясында «Діни әсіре белсенделіктің алдын алу саясаты: діни төзімділік және рухани отарлауға қарсы иммунитет» тақырыбында өтті.

Кездесу барысында депутаттармен мемлекеттегі діни ахуал, еліміздің зайырлы мемлекеттік құрылымы аясындағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, деструктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері, өңірлердегі терроризмге қарсы комиссиялардың экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу жұмыстары, «Е-ислам» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының қызметі туралы мәселелер талқыланды.

Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов өз баяндамасында Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Стратегиясының негізінде жүзеге асырылып отырғанын айта келіп, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жүйелі әрекеттерінің арқасында еліміздегі діни ахуалдың мемлекет бақылауында тұрақты дамып отырғандығын атап өтті.

Төраға, Агенттік тарапынан конфессияаралық ынтымақтастықты күшейту, ел азаматтарының діни сауаттығын арттыру және тұрғындардың жалған діни ағымдардың ықпалынан қорғау, радикалды діни идеологияның таралуына қарсы тұру бойынша халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарымен кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанын айтты.

Сонымен қатар қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптарының барлық діни қарым-қатынас субъектілері тарапынан орындалуын қамтамасыз ету, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру Дін істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының қатарынан орын алатын айтып өтті.

Кездесу кезінде «Нұр Отан» партиясының «Халық бірлігі» бағытындағы сайлауалды тұғырнамасының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Сейдуманов: «Жалпы алғанда, еліміздің діни жағдайы тұрақты және мемлекет өз азаматтарының дін саласындағы құқықтарын жүзеге асыру бағытында барлық жағдайды жасап отырғанын айту керек. Осы ретте ар-ождан және діни сенім бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекет халықаралық нормалар мен ұстанымдар шеңберінде дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге міндетті екенін ескерген жөн», – деп атап өтті.

2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң осы мақсаттарға бағытталған және ол өткен жылдар арасында өз өміршеңдігі мен пәрменділігін көрсете алды.

Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының депутаттары Дін істері агенттігіне конфессияаралық ынтымақтастықтың қазақстандық үлгісін дамыту, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу идеясын жүзеге асыру, елдегі діни ахуалды сапалы талдау және тұрақты мониторингілеу жұмыстарын жетілдіру, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы талаптарын орындау, Қазақстан қоғамындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

 

Анықтамалық ақпарат:

Кездесуге Дін істері агенттігі басшылары мен қызметкерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Т. Сейдуманов, О.А. Асанғазы, Б. Ертаев, Н.Н. Логутов, Е.Я. Каппель және Ю.Е. Тимошенко қатысты.

 
0
293
0