Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:32, 08 апреля 2014

7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери парад өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 19 наурыздағы Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жөніндегі № 1362 нұсқауы бойынша Астана қаласында Әскери парад өткізіледі.

Әскери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтеді. Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық  ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады.

Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар).

Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады.

2014 жылғы 14 сәуірден бастап парад есептоптары мен механикаландырылған колонналардың жаттығулары күн сайын өткізілетін болады.

Іс-шара Қорғаныс министрлігіне қарастырылған 2014 жылғы бюджеттік бағдарламаның ақшалай қаражаты көлемінде қамтамасыз етіледі.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
356
0