Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:26, 20 мая 2014

Танымал қазақстандық отбасыларының үйлену тойы әңгімелері — «Той жыры»!

«Отан отбасынан басталады» дегенді басшылыққа ала отырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Жан жарын тауып, отбасының тыныштығын сақтап отырған танымал тұлғалардың ақыл-кеңесін жастарға жеткізу. Жанұя тұрақтылығы мен берекесін сақтауды насихаттап, тату-тәтті өмірге деген құлшыныстарын арттыру. Отбасылық қазақы дәстүрлерді көрсете отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Жобаның мақсаты - үлгілі отбасы болып, жылдар бойы тату өмір сүріп жатқан танымал адамдардың, белгілі тұлғалардың өмірін көпшілікке үлгі ретінде көрсету арқылы отбасылық құндылықтарды сақтау.

«Той жыры» жұлдыздар туралы шығып жатқан өзге бағдарламалардан ерекше. Танымал жұптың тойларына баса мән беретін жоба бұрын-соңды болмаған. Яғни, үйлену туралы ұсыныстың қалай жасалғанынан бастап, тойға деген дайындық, күйеу мен қалыңдықтың киімдері, той қалай өтті, қандай көліктер мінілді, қандай қонақтар шақырылды, қандай сыйлықтар сыйланды, қанша шығын жұмсалды деген көрерменге қызықты, өзге де сұрақтарға жауап алынады. Көпшілікке көрсетілмеген, отбасылық мұрағаттан алынған той кадрлары көрерменге қызық болары сөзсіз. Таныстығы, алғашқы кездесулері, алғашқы сезімдерінен сыр шертетін романтикалық сәттеріне көз жүгіртіп, бұрын-соңды айтылмаған құпияларына шолу жасалады.

Бағдарламаның кейіпкерлері - түрлі саладағы өнер адамдары, атап өтсек, әнші, биші, музыканттар, суретші, дизайнер, ақындар, актер мен журналистер, депутаттар және т.б.

 
0
660
0