Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:11, 28 марта 2014

ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді

Blog post image
Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды.

Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд жеңісті гол салды.

Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салауат Юлаев» командасына жетіп қалды, сериядағы есеп «СЮ» клубының пайдасына 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
211
0