Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:51, 27 марта 2014

МН-300 метеорологиялық зымыранының құлауы туралы

2014 жылғы 27 наурызда Мәскеу уақыты бойынша шамамен 02 сағат 25 минутта Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Шоңғай елді-мекенінің оңтүстік-шығыс шетінен бір шақырым қашықтыққа МР-30 кешенінің МН-300 метеорологиялық зымыраны құлады. Оқиға орын алған жерден зымыран қалдықтары табылып.

Зымыранның ұшырылуы 2013 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген 2014 жылғы сынақ жұмыстары жоспарына сәйкес Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Капустин Яр полигонынан жүргізілді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, сынақ барысында қозғалтқыш қондырғысы істен шығып, зымыран полигон аумағына жетпей құлаған. Құлаған зымыран қалдықтарынан зардап шеккендер жоқ, экологиялық залал келтірілмеген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдары анықталғанша, Ресейге жалға берілген жауынгерлік алаңдарды пайдаланумен Қазақстан Республикасының аумағында сынақтар жүргізуді уақытша тоқтатты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
228
0