Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:25, 27 марта 2014

Жалғыз досым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағзым өмір, қолында,

Бірге болған, жан досым.

Өмір тасқын, жолында,

Қайтіп сені, жоғалттым?

 

Енді қайтіп, самғайды?

Мынау сынған, қанатым.

Үмітті кім, жалғайды?

Таусылғандай, тағатым.

 

Кімге барып, аша алам?

Айта алмайтын, мұңымды.

Қайтіп үміт, құра алам?

Жетелейтін, жанымды.

 

Кеттің, алыс сапарға,

Сұрамастан, ешкімнен.

Шайқалды – ау, мынау босаға,

Жауабын табам, мен кімнен?

0
636
1