Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
11:35, 25 марта 2014

Есеп 1-0. Әзірге...

Бүгінгі таңдағы басты саяси жаңалық? - Украина дағдарысы. Жоқ, қателестіңіз. Арадағы «алтын асықтай» болған Қрым Ресей картасымен бір түске боялғалы бері, Киевтегі жаңа биліктің «жанайқайы» әлемдік таблоидтағы тізгінін бере бастады. АҚШ пен Ресейдің ендігі қарым-қатынасы рейтингтің көш басына шықты.  Қрымды бауырына басқан Кремль өздерінің саяси  ұстанымдарынан айнымайтындықтарынан аңғартты. Енді осы қадам үшін қандай құрбандыққа барғандығын байқасақ. Әрине, әрбір саяси құбылыстың пайдасы я зардабы, ең алдымен, ел  экономикасына  ықпал етеді. Ендеше, славян халқы көшбасшыларының ендгі халі қандай болмақ?

Blog post image

Бірінші жүріс

Әлемдік саясат тақтасындағы атқарар функциясы маңызды болмаса да, ойынның өзгеруіне ықпал ететін фигураны қарайық. Санкциялар.  Путиннің айналасындағы әкімшілік аппаратындағы лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге АҚШ пен  ЕО-қа кіруге тыйым салынды, ол елдегі есепшоттары бұғауланып тасталынды. Жалындаған отқа алақанмен су бүркігендей болған қарсылықтың шын мәнінде әсер еткен тұсын айту керек. Санкциялардың екінші  тізімінде «Россия» банкі мен кәсіпкер Геннадий Тимченко да бар. Бірақ ол Gunvor компаниясындағы өз үлесін сатып үлгерді.  Ал «Россия» банкінің шетелдердегі  банктердің есепшотында 40млрд рубльге  жуық қаржысы бар. Тағы 5,6млрд резидент емес банктерге берілген несие, ал резидент емес компанияларға берілген несие -8,3млрд рублді құрайды.  Соңғы түскен мәлімет бойынша 2011 жылы «Россияның» АҚШ-тағы  есептік банктері The Bank of New York Mellon және  JP Morgan, бірақ олардың есепшоттарында қанша қаржы бар екендігі белгісіз. Белгілі бір нәрсе ол есепшоттардың барлығы бұғауланып тасталды. Әрине, америкалық емес өзге елдердің банктері арқылы есеп жүргізуге болады, бірақ ол елдерде тосқауылға тап болмасына кім кепіл? Осыдан бастап, тұтынушылар өзге банктерге ауыса бастамақ.

"Түйенің үлкені нардан құлайды"

Келесі наразылықтың салмағы басымдырақ болды. Visa және  MasterCard төлем жүйелері «Россия» банкін қосқанда Собинбанк, СМП банк және Инвесткапиталбанк клиенттері үшін ескертусіз  карталар операциясын жүргізуді тоқтатты. Яғни бұл карталар арқылы сауда орындарында немесе шетелдегі банкоматтарда операция жүргізуге болмайды. Банктердегі дереккөздің хабарлауынша, карталар арқылы тек жалақы алуға болады, өзге төлемдер жүргізілмейді. Visa және  MasterCard  әлемде алғашқы орындарда тұрған ең ірі төлемақы жүйелері. «Россия» банкінің клиенттері үшін 160 мыңға жуық, СМП банк үшін 4,5 млрд рубль қаржы жинақталған 170 мың және Собибанк тұтынушыларына 60 мыңға жуық пластикалық карталар шығарған. Осындай көрсеткіштен кейін, тез арада ішкі айналымда кедергіге тап болған төлем жүйелерін реттеудің қажеттілігі туады. Сондай-ақ бұл қадам Ресейді өзінің ұлттық төлемақы жүйесін құруға итермелейді. Қаржы мамандары қытайлық UnionPay төлемжүйесімен бірігіп,  «Росткарт» атты патриоттық сипаттағы пластикалық карталардың дүниеге келуі мүмкін екендігін атап өтті. Әбден, мүмкін. Қазір Беларуссия азаматтарының жартысына жуығы отандық «Белкарт» жүйесін пайдаланып отырғандығын атап өтейік. Ресей  Visa және  MasterCard-тың орнын толығымен алмастырып, тұтынушы үшін ең қолайлы ұсыныстар ұсына алатындай төлемақы жүйесін ұсынатын алтерьнатива ойлап тапқанша тығырықтан шығудың бір жолы бар. Ресейліктер әлемдегі ахуалға толықтай тәуелді емес өзге банктер іздеуі керек.

Ресейдің газы - АҚШ-тың добы

Blog post image

Кремльдің кеудесін соғып, державамын деп даурығуына себеп бар. Кітап беттерінде парақталатын тарихи сипатынан бөлек, Еуропаны еркіне көндіре алатындай мүмкіндігі  - энергетикалық ресурстарында. Естеріңізде болса, санкциялар пакеті жариялағаннан кейін, Америка    "қара күнге" деп сақтандырылған мұнай қорының 5 млн баррелін нарыққа шығарды. Сарапшылардың айтуынша, шикізаттың мұндай көлемі  биржадағы сауда операцияларына айтарлықтай өзгеріс енгізе алмайды. Алайда, соңғы рет  2011 ж АҚШ пен ЕО біріге отырып, нарыққа 30 млн баррелді шығарды да, мұнай бағасын 6 пайызға төмендетті. Демек, Ресейдің мұнай экспортына келетін қауіп туралы алғашқы ескерту берілді.

Газ. Ресей  Батыс елдеріне осы энергия қорын эспорттаушы бірден-бір ең ірі держава. Американың бұл құралға да қарсы бірден-бір қаруы бар. Сланцты газ. Кәдімгі табиғи газдың бір түрі , бірақ құрамында метан көбірек. 2000 ж бастап АҚШ кең көлемде осы табиғи ресурсты өндіре бастады. 2012 ж АҚШ 681 млрд шаршы метр газ өндірсе, Ресей 656 млрд шаршы метрді нарыққа шығарды. Нәтижесінде, осы жылдың тамызында ресейлік "Газпром" АҚШ-қа газ жіберетін Штокмановск кенішіндегі өндірісті тоқтата тұратындықтарын хабарлаған еді.  Аталған мысалдар дәлел қыла отырсақ, Ақ Үйдің Мәскеудің экономикасына соққы беремін деп сенімді болуына әбден негіз бар.

Америка  зеңбірек атқанда, оғын дайындап тұратын серіктесін ұмытпаңыз. Алайда, ЕО дәл Обама тәрізді Ресейдің санкция тасқынының астында қалдыруға мүдделі емес.

- Deutche Bank мамандарының есептеуінше Франция мен Австрияның  Ресейдегі активтері 75 млрд долларды құрайды.

- Ұлыбританияда 200 мыңға жуық ресейлік тұрады. Бұл дегеніміз королдік қазынасына 150 млрд фунт стерлинг инвестиция  әкеледі екен.

- Ресейлік импорттың 35-37%  Еуропаға  тиесілі (оның 30% -ы еурозонаға, ал қалған 6  пайызы валюта одағына кірмейтін елдердің үлесінде) . Бұл АҚШ соққы жасаймыз деген қаржы нарығына қатысты делік.

- Балтық елдері, Орталық Еуропа оның ішінде Германия және оңтүстіктегі Италия ресейлік газдың тұрақты түрде жеткізіліп тұрғанына мүдделі.

- Financial Times-тің бағалауынша 7 еуропа елі Газпромға толықтай тәуелді, ал Австрия елі пайдаланатын көгілдір отынның 70%-ы осы компанияға тиесілі.

Тайм-аут

Бірақ медальдің екінші жағын да ұмытпау керек. Ресейдің Еуропаға эскпорттайтын газдың транзиті негізінен Украин жері арқылы өтеді. Украинаның көгілдір отынға қаншалықты тәуелді екендігін еуроинтеграция процесіндегі өзгерістер байқатып берді. Бірақ соңғы жылдардың өзінде газ дағдарысына байланысты Киев үкіметі бұл энергия қорын  импорттауды азайтқан. 7-8 жыл бұрынғы 53-54 млрд шаршы метрлі көрсеткіш 2013 ж 26 млрд шаршы метрге азайды. Атап өту керек, әр кез көгілдір отын жеткізетін "артериялардың" уақытша жабылып отыруы Мәскеу тарапынан реттеліп отыратын. Бұл жолғы Украина маңындағы ахуалға байланысты енді  Мәскеу қаламаса да Еуропаға жетпей қалу қаупі туады. Бұл Кремль үшін  санкциядан да қауіптірек жағдай. Ресейлік бюджеттің 55% кірісі осы экспортталатын энергия ресурсынан түсетін табысқа тиесілі.

План "Б"

Осы арада ойынға Ұлы мәртебелі Хань династиясының ұрпағы қосылады. Көптеген сарапшылар санкция алқымынан алған жағдайда Ресейдің ендігі серіктесі ретінде Қытайды көреді. Айналасын көзінің қиығымен  шолып, өзіне қажеттісін күтіп жатқан Шығыс Азиядағы алып айдаһардың Қоңыр аюдың алақанына салатыны бар ма? Жоғарыда Visa және  MasterCard-қа аналог таппақшы болған Ресейдің  қытайлық UnionPay төлем жүйесімен бірікпекші екендігін жаздық. Ал ресейлік биржа  жүйесінің америкалық доллардың филиалы екендігін ұмытпайық. Еуропаға газ беруден бас тартқан күннің өзінде де ол Қытай өндірісі үшін ресурс көзіне айналады.  Ресей көгілдір отынның "тамырларын" Шығысқа бұрған күннің өзінде де батысқа кететін қордың 15%-ы ғана барады екен. Яғни Еуропаға баратын мұнай мен газ экспортының 20%-40%-ға кемиді. Түсер табыс аз. Оның үстінде арада Қытаймен нақты келісім-шарт жасалған емес.

Есеп 1-0. Әзірге...

Blog post image

Сонымен әлемдік саясат тақтасындағы басты фигуралар бір-бірінен алыстамастай болып байланысқан. Біреуіне жүрген "Шах" екіншісі үшін  "Матқа" айналуы мүмкін. "шқандайда сиқыр емес, тек экономикадағы қулық осындай. Әзірге барлығы иық тіресе жүріп ұстазына қарсы шыққан оқушының кейпіндегі   Кремльдің  жазасын алғанын қалайды. Гаагада өткен   Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммиттегі "Сегіздіктің", кешіріңіздер енді "Жетіліктің" жиналысы осындай шешім шығарды. Ал Қазақстанда қоса алғанда арадағы бітімгер-елдер  санкциялар тасқынына тосқауыл қойып, жағдайдың дипломатиялық жолмен шешілгендігін қалайды.
Санкция енгізді деп  сағы сынған Мәскеу жоқ. Басқаны қойғанда, бұл изоляция ең алдымен Ресей үшін пайдалы болмақ дейді сарапшылар. Шындығында,  позициясынан айнымаймыз деген  Ресейдің қауқары енді байқалмақ. Қазынасы ең бірінші энергетикалық қорына тәуелді  ел,  экономика саясатын сауатты жүргізіп, тауар өндірісі секторын қуаттандырса осы кезеңнен аман өте алмақ.  Елдегі коррупцияны түбірімен жоймаса да, әлдеқайда озып кеткен әріптестерінің алдында сәтті секіріс жасаса, орыстар  шынында, нағыз держава екендіктерін дәлелдемек. АҚШ пен ЕО түпкі ниеттерін аңғартты, ендігі  кезек Ресейде.
2
437
0