Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:26, 25 марта 2014

Ж.Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Ж.Алдабергенова
Италияның Кьеза ин Вальмаленко қалашығында фристайлдан Еуропа кубогының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлады sports.kz.

Әйелдер арасында шаңғы акробатикасынан өткен жарыстың алғашқы күнінде ресейлік Александра Орлованың мерейі үстем болды. Екінші орын украиндық спортшы Надежда Мохнацкаяға бұйырса, үздік үштікті қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова қорытындылады.

Келесі күні әйелдер арасында акробатикалық секіруден жарыс өтті. Бұл күні Ж.Алдабергенова үздік нәтиже көрсетсе, А.Орлова екінші орынға сырғыды. Үшінші орын оның отандасы Любовь Никитинаға бұйырды.

Еуропа кубогының жалпы есебінде  350 рейтингтік ұпай жинаған Жанбота 449 ұпай жинаған А.Орловадан кейінгі орында тұр. Ал Никитина үшінші орында — 263 ұпай.
Фристайл. Еуропа кубогы. Кьеза ин Вальмаленко (Италия),

Әйелдер. Акробатика. Екінші жарыс

1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 80,64.

2. Александра Орлова (Ресей) — 72,50.

3. Любовь Никитина (Ресей) — 69,02.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
140
0