• 2266
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ (тырнақшаның ішінде)...

«Қыз өссе – елдің көркі»... Бұл мақалды тырнақшаның ішіне алуыма тура келді, себебі заман талабы солай боп тұр. Рас, қыздарымыз өсіп-жетілген сайын қоғамда еркектердің көзі түспей қоймай жүр. Жігіттердің көбісі көздерін арнайы бекітіп алған. Тіпті, кейде «заман талабына сай» киінген қыздарға көзі түспей, өткізіп алса, басы ауырып, мазасы қашып, үш түйір аспирин ішеді екен. Арнайы рұқсат қағазы жоқ медколледж бітірген «гиппократтар» соңғы жылдары жастардың осы бір дертке шалдығып жүргендерін айтып, дәлелдеп, мәселе етіп жүр. Тіпті, жылына дәліздерінде «2 млрд теңге» деп көк сиямен суреті салынған ақ парақтары ілінген мемлекеттік арналарда да арнайы репортаждар жасалынып жүрген көрінеді.

Өткенде үйдегі Отау-ТВ «Жетінші арнаны» көрсетіп тұрған еді. «Қыздар арасында» деген гендерлік бағдарлама жүріп жатыр екен. Еркектің жарының көзіне шөп салуын талқылап жатты. Қонаққа бір психологты, Жеңіс Ысқақова мен Ералхан Әбішевті шақырған екен. Әңгімені әлі тұрмыс құрмаған, бірақ болашақта жолдасының өзіне көзіне шөп салуынан қатты қорқатын, түнде ұйықтай алмай, төрт түйір аспиринді қайнамаған сумен ішетін Аша Матай бастап берді де, қонақтар жұрт алдында «жыртыңдап» өз пікірлерімен бөлісті.

Үйінде тамағын пісіріп отырған жұбайы бар Ералхан ағамыз мәз болған күйде: «Еркектің әдемі нәрселерге көз салып тұрғаны дұрыс», – деп, залдағы жүз пайызға жетіп, артылып отырған қыздарға жарқ-жұрқ еткен екі көзін салып-салып алды. Еркек болып туылмаған Жеңіс әпкеміз керемет «мұғжизаны» мысал етті: «Дүкенге барсақ, ақшамыз болмаса да, әдемі көйлекті киіп, қайтадан орнына қойып кетеміз ғой!» – деді, жерден жеті қоян тауып, екеуін табиғат аясында отқа пісіріп жегендей. Психолог та Google-дан жүктеп алған э-кітаптарына сүйеніп, бірдеңелерді айтты. Жеңіс әпке сарғайған шашын күннің нұрына балап отырып: «Еркек – бас, әйел – мойын. Мойынды бұру үшін бас керек қой!» – деп, мені бір қуантты.

Ералхан аға тек әнші ғана емес екен, ол еркек пен әйел жөнінде қиялындағы қайдағы-жайдағы «бірдеңелерді» айтып, өзінің жазушыға тән қырын жақсы көрсете білді. Жеңіс әпкеде де мұндай қасиет бар екен: «Ералхан, әйел деген ана. Сенің әйелің – сенің мамаң», – деген еді. «Жұмақтың кілті – әйеліңнің табанының астында», «Әйеліңнің айтқанын екі етпесең, жұмаққа кіресің» деген нәрселерді ешқашан естіп көрмеген едім. Керісінше, «Жұмақтың кілті – анаңның табанының астында», «Күйеуі разы болған әйел жұмаққа барады» дегенді бәріміз де жақсы білеміз. «Ей, әйелін әке-шешесінен артық көретіндер... Ей, күйеуін әке-шешесінен кейінгі орынға қоятындар...» – деп, мен адамдардың дұрыстап ойлануын, әрбір ақылды адамның ақыры барып тірелетін жері – Ислам діні (Толстойша) екендігін шын ниетпен өтінемін.

Ералхан Әбішев сөзінің соңында мәселенің көзге шөп салынуында емес, күйеуінің зинақорлығына қарамастан, әйелдің жанұяны сақтап қалуында деп, әңгімесін түйіндеді. Есесіне, сенім керек деп қояды. Әрине! Сенім керек! Аллаға деген, Оның соңғы дініне деген сенім, Бекболат ағамыз айтпақшы, «өте-мөте» қажет-ақ. Жеңіс әпкеміз де отырған жерінде «бум» жасады: «Әйелдер күйеулерінің көзге шөп салуын кешірмейтін болса, дәл осы күнде балалардың көбісі әкесіз өсетін еді». Өмірімде көргеніме сүйенетін болсам, әйелі көзіне шөп салса да, еркегі кешіріп, балалары үшін өмір сүріп жүрген пенделерді білемін.

Алланың қалауымен сол күні кешке «Айтуға оңайда» Бейсен ағалар қыз тәрбиесін талқыға салды. Алайда келген қонақтар Аяна Ғабдуллинаның шашын отыз минут, қыздардың киімдерін он минут, қалған бес минутының жарты минутын қазақ қызының тәрбиесін сөз етуге жұмсаса, төрт жарым минутының үш минутын әңгімені қорытындылауға, ал бір жарым минутын оперативті оператор Олегтің камерасының алдында жымиюға жұмсады. Сөйтіп, бет-жүзін көрсетпесе де, он бесінші бөлімінде-ақ белгілі болған бейшара Бахтиярдың «басекесі» Бертай Омаровтың қызы туралы «Сырғалым» телехикаясы басталды (21.50-де).

Аяусыз Аянаның шашы белінен келген екен. Сөйтіп, күндердің бір күнінде – сәрсенбінің сәттісінде спорт залынан қатты шаршап келіп, душ қабылдап, ұйқыға енген кезінде түсінде жеті атасы келіп, аян беріпті: «Айналайын, қызым, заманыңнан қалма! Жұрттың тасасында қалып қойма! Заманыңның талабына сай киін, ұзын шашыңды шорт кесіп, қиғын!» – депті. Аянаның асыға күтіп жүргені де осы болса керек, ұйқысынан оянған бойда естігеніне амал етіпті. Бейсен ағаның бұйрығымен диванға екінші қыз келіп жайғасты. Жемқорлықтың «көгілдір» бұлағы ағып жатқан, парақорлықтың толқындары тасыған қай оқу орнында оқитыны белгісіз, бірақ сол қыздың сол күні азанда жарнамадан жаттап алған жаңа сөзі «интелектуалды» сөзі екен: «Мен өзімнің принциптерімнен бас тартпаймын, әрбір қыз интелектуалды...» – деп, қайта-қайта қайталай берді. Кеше бір білімді танысым мұңайып, қайғы жұтып жүр. Не болып қалды десем, «интелектуалды» емеспін дейді. Айырмашылығын түсінбедім.

Рас, көптеген қыздар заманның талабын алға тартады. Заман дегеніміз –  біз өмір сүріп жатқан уақыт, қоғам. Күмән болса, анықтамасын Google-дан оқып, тексеріп алыңыздар. Дегенмен, заман тақырыбына қатысты диссертациялар, дипломдық жұмыстар іздеуден соң шығуы мүмкін. Бірақ оларды жүктеп, ақтарып, оқып жүрмеңіздер, себебі сол бір диссертациялық жұмыстың он дипломдық «баласы» бар екенін біліп аласыз, әрі «немере-шөберелері» – курстық жұмыстарға да тап боласыз. Бұл «жұмыстардың» демографиясы керемет боп тұр. Тіпті, авторлары әртүрлі болса да, «бір әулеттің» сөзін сөйлейді, бір-бірінің жоспарларын да жариялайды.

Біздің қыздарымыздың киіп жүрген киімдері заман талабы боп саналады екен. Сол киімдер қайдан шығып жатыр? Аты – Батыстан, заты – Қытайдан. Өз елімізде киімдер тігілмейді, қыздар да тігіншілікпен айналыспайды. Тек қаражаты бары тіктіріп киеді, ал қаражаты жоғы үшін барына базар да жетеді. «Ата-бабамыз» деп алдына жан салмайтын жастар кімнің заманымен өмір сүріп жатыр сонда? Алланың заманымен бе, әлде Батыстың ба? Киімді тырыстырып кию, шашты сәндеу, жартылай жалаңаш бейнеде жүру (тас ғасырындағы Фредди мен Барнидің қатындарының оранған «жапырақтарының» бүгінде өзгерген түрі ғой сондағы), т.б. толып жатқан әдепсіздіктер мен жаман әдеттер осы Батыстың төл мәдениеті ғой. Сонда біз кімбіз, мәдениетіміз не, қайдан пайда болдық? Демек, Ресейдің Шірігенскийі айтқан «қазақ деген ұлт жоқ, мәдениеті жоқ, тарихта болмаған» деген сөздері расқа шықты ғой. Иә, ол кешегі ғасырға дейінгі қазақтар жайын сөз еткен жоқ. Ол майпалау бүгінгі таңдағы біздерді айтқан болатын: «Сендер өздеріңді қазақпын деп мақтайсыңдар, алайда сендер Кеңес кезеңі happy end болғасын, территорияларыңда өмір сүрген «нағыз қазақтардың» атын жамылып жүрсіңдер. Сендер орыстардың «нағыз бауырының» жерін басып жүрсіңдер, сұмырайлар! Сондықтан солтұстық (Мүсіреповше) аймақтардағы жерлерің – біздікі. Қытайдың киімін киіп, тамағын жейсіңдер. Өздеріңнің бірде-бір тағамдарың, киімдерің, технологияларың мүлдем жоқ. Қолдарыңа жүз теңгенің папкасын ұстатса болды, ҚазМұнайГаздың бастығы болғандай шалқайып, талтайып жүресіңдер. Тарақан секілді туыстарыңды, тайпаларыңды ғана асырайсыңдар...» дегендей пәлсапалық дүниелерді жанайқайымен жеткізген.

Бір жазушы былай депті: «Мен тек қолыма қалам алып, параққа жазған кезімде ғана жазушымын, ал одан тыс уақытта қарапайым пендемін». Рас, бүгінде әйелдердің көбісі үйінде ғана «ана» да, ал сыртта еркекпен құқығы тең әйел. Жұмысында бала-шағасынан да маңызды «коллегалары», «корпоративтері», «новый год», «23 февралялары» бар. Қысқасы, бала-шағасы – бла-бла-бла. Мұғалімдердің көбісі зар еңіреп жылап жүр екен. Оқушылар мұғалімнің айтқан «дәрісін» теріс көреді. Тыңдамайды екен. Байқағаным, көптеген люстрасы бар шаңырақтарда ата-аналар балаларына осындай әдіспен тәрбие береді ғой. Сериалдардан көрген сериялы «дәрістерін» балаларына кеп оқиды, тыңдап жатқан олар жоқ. Өйткені арамтор «тәрбие» беріп жатыр ғой. Ұрлық жасама деп ауызбен айтқанмен: «Балалар, мен көшеден бес мың теңге тауып алдым. Мінеки, соған азық-түлік сатып әкелдім. Қолдарыңды жуыңдар, опырып жеп алайық», – дейді. Ал сол ақша табылған ішінде иесінің аты-жөні жазылған әмиянды далаға лақтырып кеткен. «Сенің әкең – қатын, менің әкем – алтын» деп көптеген басында 20 см-лік ұзындықтағы орамалы да жоқ әйелдер қыздарына күнде ән салады да жүреді. Шешесіне қарап қызы өспей қоймайды: яблоко от яблони.

Заман талабы дегеннен шығады: кеше бір мұғалім сабақты дамбал киген күйінде жүргізіпті. Үстінде мәйкісі бар. Оқушылар қарқылдап күлген екен. Сөйтсе, қыздар да тізеден жоғары, кеудеден төменін көкіректерін ашып киіп жүр ғой деп фактілендіріпті (қисық сөз). Бәсе, саналы адамдар неге жартылай жалаңаш қыздарға күліп қарайды десем... Заман талабын берік ұстанатын ұстаз екен. Оқушыларға наша шегіңдер, зинақорлықпен айналысыңдар, клуб-кафе-мейрамхана «үштағаннан» шықпаңдар, жалаңаш жүруге тырысыңдар, маймыл болыңдар (Дарвин секілді), өлтіріңдер, атыңдар, жығыңдар, бағынбаңдар, мектеп басшылығына бағынушы болмаңдар, бүлік ойлап табыңдар деп неше түрлі осы заманға сай тапсырмаларды жүктепті. Оқушылар дән риза дейді. Ертеңіне мұғалімдер бөлмесінде оқушыларым заман талабына сай деп мақтаныпты, директорға үш жүз мың теңге беріп жұмысқа орналасқанымен қоймай.

Өткен аптада осы мұғалімнің сырттай таныс жан досы мектеп қабырғасында жалаңаш жүрген көрінеді. Себебін сұраса, киімде тұрған ештеңе жоқ дейді. Директор оған сөгіс жариялап, зауыш құжатқа қол қойып, екі жүз мың теңге беріп жұмысқа орналасқан соның сиқыртасшышы (қисық сөз) сол құжатты шаң басқан сөрелеріне сала салыпты. «Жаңа жылда» Аяз ата боп киінген директор кейін бір жиналысында мектептің алдында толқып сөйлепті: «Шырақтарым, киімде тұрған ештеңе жоқ дегенді қойыңдар. Еркек қатынның киімін кисе, сол мезетте қатын боп шыға келеді. Жыл бойы кисе, бойы үйреніп, келесі онжылдық бойы үстінен тастамай жүруі мүмкін. Сол секілді қатындар да ерлердің киімін кисе... бәрібір еркек болып шыға келмейді ғой. Кеше ғана парамен кірген қызметінен қуылған З/Жаман ТалабоВИЧ жалаңаш жүріп, бәрімізді масқара етті. Елдің бәрі киімде тұрған ештеңе жоқ деп жалаңаш/жартылай жалаңаш жүре берсе, ертеңгі күні хайуаннан да төмендеп кетпейді ме! Малдардың өзінде жүні бар ғой жарасып тұрған... Өтініш, малдан да төмендеп кетпейікші, осы мал деңгейіне де әрең жеттік емес пе!? Осы жөнімізден таймайық!» – деп, егіліп-езіліп жылап-күліп алыпты.

Алматыға келген көптеген қыздардың бес парызы бар: 1) Сабақты жақсы оқу немесе жартылай оқу, болмаса тиіп-қашып жүру; 2) Туған күн кешін клубта, кафеде міндетті түрде ішіп отырып, жын соғып билеп тойлау; 3) Жігіттердің назарына ілігу, ал мықтысын ізінен жүгірту; 4) Мемлекеттік грант иегері болса да, үйіндегілер есепшотына ақша аударса да, жиналған ақшаны оңды-солды шашу, нәтижесінде ақшаны үнемдемей, харам жерлерде/жұмыстарда еңбек етіп, харам ақша табу; 5) Оқуда жүргенде немесе оқу бітірген соң күйеуге шығу, болмаса мәгәстірдің қағазы үшін әрі қарай оқып, білім жетілдіру үшін емес, болашақта жейтін «наны» жүз мыңның үстінде болуы үшін «ғалымсымақ» болу. Бүгінге дейін жігіттер қыздарға қырындаушы еді, ал қазір қыздар жігіттерге/жігіттерді қырымдап жүр. Кеше бір еркек ұйықтап жатып «жіберіп» қойыпты. Шошып оянса керек. Таңертең тұра салып, қолына қағаз бен қалам алып, «еркектердің теңдігін» жаза жөнеліпті: «Әйелдер еркектердің намысын таптап жатыр... Еркектер жұмыссыз жүр... Еркектерге мемлекеттен мейірім бөлінбейді... Сейфуллин көшесінде екі жүз теңгеге жалдамалы жұмыс жасауға әбден тойдық... Абылай хан даңғылында кештен таңға дейін қызды/әйелді ертіп әкелетін көлігі барларға, студенттерге, оқушыларға бір сағатқа жалдамалы пәтердің кілтін беруден әбден шаршадық... Әйелдер қымбат көлік мінсе, бізде есек те жоқ... Есектің артын жусақ та мал табайын десек, пара сұрайды... Біздің құқығымыз әрдайым тапталуда...», – деп, Астанаға жол жүріп кетіпті. «Ел болам десең, есігіңді түзе. Ал есігіңді түзеймін десең, еркектің есімін де түзе» (Әуезов емес).

P.S. Аша Матай қорқа бермегені жөн. Себебі көшеге шықсаңыз, әурет жерін қатты-қатты ашып жүрген әрбір әйел/қыз сол жүрісімен көзге шөп салып жүр. Дәл солай жүрген әрбір еркек/жігіт те көзге шөп салып жүр. Қытайдың немесе түріктің тіккен кәстім-шалбарын, көйлектерін, төплилерін сатып алып кисем, демек, маған жарасып-ақ тұр. Базарда ер адам киетін одан басқа жөнді киім-кешек жоқ. Жалаңаш жүруім керек пе!? Жоқ, бастысы, әурет жерлерім жабық, киім жуылған – таза. Хижап кию үшін ИМАН қажет! Ал дүкендерде әурет жерлерді жауып тұратын, тырысып-бықсып тұрмайтын қыздардың «заман талабына сай» киім-кешектері жоқ емес. Жігіттердің де назарын аудару, содан танысу – қыздардың бұл ЖАЛҒАНға келгендегі мақсаты, міндеті емес. Кез келген қыз мың жігітті өзіне қаратса да, түбінде біреуінің ғана жары болады, болмаса «отырып қалады» (ешбір жігіт алып қашпады деп зар жылап, қыз алып қашуды дәстүр деп «дурочка» болып, мал секілді айдатылып әкетілген қыздардың көз жасын сідік құрлы көріп, «оппозицияның» жалауын көтеріп, ұрандатып жүреді). Қыз Жібек те Сансызбайға (бір-ақ адам) күйеуге шыққан. Аяна өзінің күшіне сенді ме (әлем чемпионы болу оңай емес шығар, бірақ аяулы ана болу, адал жар болу одан да зор байлық, әрі жүгі он есе ауыр нәрсе), әйтеуір, үлкендердің сөзін бөліп, кесіп, жағаласып, жармасып, тәкаппарланып отырды. Ертең күйеуге шықса, сәбиін емізгенде денесіндегі спорттан шыққан терімен емес, ақ сүтімен емізсе екен деп тілеймін. Аяна [әй, ана], шашта тұрған ештеңе жоқ дегенің қай бықсығаның!? Шашыңда бит бар емес пе, айналайын-ау! Иманың болса, шашыңда орамал да тұруы ғажап емес.

Қандай сәлем, сондай пәле (Какой привет, такой ответ). Мен қыздарды, әйел адамдарды жек көрмеймін, өте жақсы құрметтеймін. Жазғанымның «сыртқы қабын» ұстап көргендер мені жек көріп, жиіркеніп, әжетханаға барып құсуы мүмкін. Ал «ішін» ашып оқығандар саналы адамдардың көзқарасының бірі екендігін жақсы түсінеді. Қыздарды/әйелдерді жамандағаным емес немесе осыдан басқа тақырып таппай қалған жоқ емеспін. Үйіңізде/жұмысыңызда отырсаңыз, терезеден далаға қараңызшы. Бейшара құл еркектерді, адасып тәкаппарланып жүрген жігіттерді екі көзіңізбен көресіз, құлағыңызбен естисіз, мұрныңызбен сезесіз. Жігіттердің/еркектердің жағдайын жаза алмаймын, оның қасында қорадағы төрт түлік малдың жағдайы едәуір жақсы, құрметті, бағалы. Мен ақыл айтатын Конфуций емеспін, менің жазған сөздерім әлеуметтік желілерде қанатты сөздер боп «модаға» енбейді. Адам қандай болса, сол тұрғыдан сөйлейді, жазады. Ашылған есік қайта жабылар, ашылған қыз қайта табылар (ешбір жерде бекітілмеген авторлық құқығыммен қорғалмаған мақал-мәтел).

Әрбір заманда Алла қауымдарға Пайғамбарларды жіберіп отырған. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) Алланың соңғы Елшісі болып саналады, әрі Ислам да соңғы дін. Демек, заман да соңғы. Нағыз заманның талабы деген осы Ислам дінінің талабы, Жаратушымыздың бұйрықтары. Біздерді жалаңаш жүрмесін деп киім тігетін қытайлар мен түріктерді құрметтеймін. Алайда қайдағы бір киім тігетін әлсіз жаратылған пенде мықты ма, әлде сол пендені де, оның миын да, қабілетін де, бүкіл әлемді де жаратқан Алла тағала керемет пе? Пенделер – көп, Алла – жалғыз. Жалғыз да болса Алланың жағындамын. Пенделер келеді, кетеді. Ал Алла – мәңгі! Келімсектермен бірге болғанша, мәңгі Алламен бірге болғаным саналы түрде өте-мөте дұрыс, жөн нәрсе. Қыз өссе, жұрттың өсек-аяңы жүретін, көзі жалаңаш жеріне түсетін емес, елдің иманды, тәрбиелі, көркем көркі болса екен деп тілеймін.

Жансанов Медет, (жұмыссыз жүрген) мұғалім, (пьесасы сахналанбаған) драматург, Байқоңыр қаласы

21 марта 2014, 10:20
1123

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 9269
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6529
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4540
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4124
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4282
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3391
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 3594
  • 34
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2784
  • 59