Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
23:52, 23 января 2015

Біздің топ

Көзді ашып-жұмғанша І семестрді де артқа тастап, қысқы демалысымызды ойдағыдай өткізгендейміз. Жаңа жылда 1 ай көрмеген группаластарымыздың нендей жаңалықтармен қуантатыны қызық. 1 айдағы өзгерістерді байқау үшін бүгін «Медиадизайн»  сабағында тобымызбен фотосессия жасадық. Назарларыңызға ұсынамыз.

Blog post image

Ерзат Асылұлы – поэзиямен жаны егіз ақын жандардың бірегейі. Адамдардың бойындағы асыл мінездердің ең ардақтысын бойына жинап, сөз құдіретін түсіне біледі. Жаңа жылда жаңа шабытпен келіп, баршаны жаңа жырларымен қуантады деп сенеміз.

Blog post image

201-топтың жадырап жүрер,ақкөңіл қызы Аққайыр Жадыра.Қарбалас сабақ уақытынан қолымыз босап,қысқы демалысқа ауылға барып қайтқан 201-жүйріктері секілді Жадыраның жан дүниесі сол баяғы ақкөңіл қалпында.Жадыраның суретке түсер сәттегі жымиған бейнесі кез-келген суретке өң беріп,көп дүниені ұғындырардай.

Blog post image

Байқағанымыздай Еңліктің бойындағы қазақы тәрбие-мінезіне жаңа арман мен биік мақсаттардың жалғанғаны байқалады.

Blog post image

Қыс мезгілінің суық, аязды күні болса да жүзіндегі жылы күлкісі мен сәулелі бейнесі еш өзгермеген, баяғы қалпынша айналаға нұрын шашып жүретін Гүлімнің демалысы сәтті өткен сияқты...

Blog post image

Қыдырқанова Ақжарқын Қайратбекқызы – менің группаласым. Алматының ауа-райы сияқты көңіл күйі бар. Негізінен өте жайдары, көңілді болғанымен, кей сәттерде ауыр ойға батып кететін әдеті бар. Медиадизайн сабағынан кішігірім фотосессия жасадық. Сабақ барысында жасаған еңбектерімізді ұсынамыз.

Blog post image

Бөкенбай Дүйсенұлы – қиялы ұшқыр студенттің бірі. Өзіне қатыссыз, ұсақ-түйек дүниеге бас қатырмайды, көңіл күйі құбылмалы. Кез келген адам оның мінезін көтере алады деп айтуға келмейді. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретіндерге нақты мысал бола алатын азамат. Мақсаты айқын және оған адал. Бұл – оның үлгі боларлық жақсы қасиеті.

Blog post image

Жансая-жаны жаздай жайсаң жан. Оның ашық-жарқын мінезі,ақжарма күлкісі,тәтті жымиысы адамдарға өмір сүрудің де тәттілігін сездіріп тұрады.

Blog post image

Рупия Қанжарбекқызы - Атыраулық ару. Осы күнге дейін еш адамның көңіліне кірбің түсіріп, ренжіткен кезін көрген емеспіз. Ақкөңіл, ақжарқын қыз. Тобымызда "сенімді серіктес" атанған Рупияның болашағынан зор үміт күтеміз!

Blog post image

Гаухар - журналистика факультетінің 2-курс студенті. Ақылына көркі сай,әдепті,сұлулыққа жаны құштар қыздың бірі.Демалыс Гаухарға өте қатты әсер еткендей.Әдемі қыз аз ғана уақыттың ішінде бұрынғыдан да ажарлана түскендей. Алға қойған мақсатына жету үшін аянбай еңбек ететін Гаухар, өте мықты,ер мінезді қыз!

1
1719
0