Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:12, 18 марта 2014

ҚР Қорғаныс министрінің кубогы үшін дзюдодан ашық республикалық турнир аяқталды

Семей қаласында ҚР Қорғаныс министрінің кубогы үшін дзюдодан ашық республикалық турнир өтті. Турнирге ҚР Қарулы Күштері әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери оқу орындарының, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, сондай-ақ облыс пен республика қалаларының спортшылары қатысты.

Сайысқа әртүрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар түсті: ерлер арасында 60 кг жоғары басталса, әйелдер арасында 48 кг басталды. Жүз килограммнан жоғары салмақ салмақ дәрежесінде ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасынан Айбек Нұғмаров абсолютті чемпион атанды, қыздар арасында – Шымкент қаласының өкілі Зарина Әбдірасылованың бағы жанды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының күрескерлері бірінші орынға шықты. Екінші орыннан Шығыс Қазақстан облысының командасы көрінсе, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды иемденді.

- Әр қазақстандық үшін салауатты өмір салты өмір сүру үлгісі болып қалыптасуы тиіс деп есептеймін. Дене шынықтыруды белсенді түрде насихаттай отырып, біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, туған халқы мен жерін сүюге тәрбиелейміз, - деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
364
0