Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:29, 18 марта 2014

Самбодан төрт дүркін Әлем чемпионы Е.Байбатыров Жапонияда өтетін додаға қатысады

Blog post image
ОРАЛ. ҚазАқпарат — БҚО ішкі істер департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ерболат Байбатыров биылғы қараша айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ерболат жуырда Талдықорған қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында 57 келі салмақта үздік шығып, жолдаманы жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары Моңғолияда өтетін Азия, Жапониядағы әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, Е.Байбатыров — самбодан төрт дүркін әлем чемпионы және әлем кубогінің иегері.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
154
0