Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:11, 17 марта 2014

Талғат Жайлауов жанкүйерлер «ықыласынан» зардап шекті

Blog post image

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада «Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауов төтенше оқиғаға тап болып, зақымданып қалды.

Клуб жанкүйерлері команданы Астана әуежайында қарсылап, форвардты қолдарына көтеріп, шайқады, алайда ұстап тұра алмай, 28 жастағы хоккейшіні жерге түсіріп алды, ол басымен жер сүзе құлады. Жерден өздігінен тұра алмай жатып қалған ойыншының миына зақым келген, ол ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты. 1/8 финалда «Автомобилисті» 4:0 есебімен ұтты.

Басты сөздер: АстанаОқиғаСпорт

 
0
188
0