Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:28, 14 марта 2014

Депозитті кепілдендіру турасында білуге тиісті нәрселер

Blog post image

*сурет biznes-cel.ru сайтынан алынды

Қазақстандағы ақшаны инвестициялаудың ең нәтижелі әрі қауіпсіз әдістерінің бірі депозит болып саналады. Банктегі депозиттік шотқа ақша жинау арқылы салымшы ақшасының санын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар өзін қаржылық тәуекелден құтқарады. Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады.

Депозитерді кепілдендірудің Қазақстандық қорының ақпаратына сәйкес, кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты.

Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

Яғни, кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіпкер бір банктегі ең жоғарғы лимиттен аспайтын кепілдендірілген сыйақы – 5 000 000 теңгені құрайтын соммада өз қаражатын орналастырса, өзіндік қорланымының орнын толтыруға мемлекеттен толық кепілдік ала алады.

2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған. Оларға: талап етілуге дейінгі салым ақша, жедел және шартты салым ақша, теңге және шетел валютасының ағымдағы шоттарындағы ақша қалдығы (шот-карталардағы ақша қалдығының есебімен) жатады.  Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен.

Айта кетерлігі, 36 банктың біреуі банкротқа ұшыраған жағдайда, соттың тиісті шешімі күшіне енгеннен кейінгі 14 жұмыс күні аралығында депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры салымшыларға төлемақысын өтеп бастауы тиіс.

Салымшы кепілдендірілген өтеуді алу үшін бар болғаны агент-банкке банк шоты (банк салымы) мен салым құжаттарының келісім-шарттарының түпнұсқасы мен көшірмесін, салымшының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін және кепілдендірілген өтеуді алу жөніндегі жазбаша арызын беруі тиіс.

Бастысы – мемлекеттік кепілдеме тек депозиттің негізгі сомасына ғана емес, сонымен қатар оның капиталға айналған жағдайдағы жинақталатын сыйақыға таралады.

2006 жылдың 7 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналастырылған депозиттерді міндетті кепілдендіру жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңы депозиттерді сақтау аймағын реттейтін басты нормативтік құқықтық акті болып саналады.

«Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ – «банктың мәжбүрлеп жабылуы жағдайында депозиторлардың құқықтары мен заңдық мүддесін сақтау және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қаматамасыз етуге көмек көрсету мақсатымен» 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк болып саналады.

Салым ақшаларды кепілдендіру туралы толық ақпаратты «Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ-ның байланыс телефонынан 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан білуге болады.

 
1
1146
0