место в рейтинге
  • 103149
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Діни экстремизм

Онымен бірлесіп күресудің қоғамдық тетіктері қандай?

Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр.

Қазіргі күнде шешімін тап­паған жекелеген мәселелерге қарамастан, елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұ­мыстары жүйелі деңгейде жол­ға қойылғаны туралы толық се­нім­мен айтуға бо­лады. Яғни, осы­ған қажетті инфрақұрылым мен құқықтық базаның негізі қа­ланды. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы мамыр айында Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет жә­не діни бірлестіктер туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы қабылданды. Дін мәселелерімен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылып, дін саласын рет­тейтін жаңа заң күшіне енгеннен бергі уақыт ішінде көптеген жұ­мыстар атқарылды.

Содан бергі уақыт ішінде ді­ни экстремизм мен терроризм­ге қатысты мәселелердің ушы­ға түскенін ескере отырып, 2013 жылғы қаңтар айында «Қа­­зақстан Республикасының кей­­бір заңнамалық актілеріне тер­роризмге қарсы іс-қимыл мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң қабылданды, ал 2013 жыл­ғы 24 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақ­стан Республикасында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе­леге айналды. Әрине, заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған осынау зұлматтан біздің еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Өйт­кені, діни сипаттағы  пробле­малар қоғамның өмір сүруіне қа­тысы бар проблемалар ретінде қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мә­селелерімен  тікелей байланыста көрініс табады.

Осы ретте, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауларында мемлекеттік органдармен қатар, бүкіл қазақстандық қоғамның ал­дына еліміздің салт-дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни түсінік қалыптастыру міндетіне басымдық беруі кездей­соқтық емес. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында да «Зайырлы қоғам және асқақ ру­ха­ният» қағидаты барлық қазақ­стандықтарды біріктіретін басты құн­дылықтардың бірі екендігін атап көрсетті.

Әрине, стратегиялық және ұзақ мерзімге арналған осындай міндеттерді  бүкіл қоғам болып еліміздің тұрғындарының бойында дін мәселелері бойынша нақты бағдар қалыптастыруға мүм­кіндік беретін істерді жү­зеге асырғанда ғана қол жет­кізуге болады. Ал, мұндай міндет­тердің салмағы мен міндетін Қа­зақстанның болашағы зайырлы қағидаттарды басшылыққа алатын индустриялық-инновациялық дамуға тұғырланатынын еліміздің шығармашылық зиялы қауымы терең әрі  жақсы түсінетіні анық. Осы ретте, азаматтар мен қоғамды сырт­қы рухани агрессиядан қор­ғаудың және тұрғындардың бо­й­ында діни мазмұндағы ескі құн­дылықтарды көксейтін немесе теологиялық қателіктерге бой алдырған керағар діни идео­логия­ларға қарсы иммунитет қалып­тастырудың маңызы аса зор.

Бүгінгі күнде рухани жаулап алу дінді бетперде ретінде пайдалана отырып теріс идеяларды жас­тар арасында белсенді таратудан  көрініс тауып отырғаны жасырын емес. Осы орайда, радикалдық сипаттағы діни ағымдардың идео­логиялары азаматтарды наным-сеніміне қарай жіктеуді, дін  жолында жүргендерді басқалардан  жоғары қоюды, мемлекеттің зайырлы қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қояды. Ал мұн­дай идеологияның әртүрлі дін­дерді ұстанатын көп этностан тұ­ратын Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

Радикалдық сипаттағы осындай идеялар  халықты өзінің сан ғасырлық бай рухани мәдениеті мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, халықтың этникалық, мә­дени-рухани тұғырын жоғалту және азаматтардың тарихи санасын шайып тастау мақсатын ұстанады.

Елімізде бүгінгі күнде ради­калдық діни ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді халық арасында кеңінен түсіндіру шаралары қолға алынып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырыптарға қатысты мазмұнды мақалалар жарияланып, телеарналар мен радиоларда дін мәселелерін қоз­ғайтын бағдарламалар мен хабарлар көптеп берілуде. Одан бө­лек, қоғамда ғы­лыми және шы­ғармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен жас­тар ұйымдарының өкілдері, жұртшылық арасында беделге ие азаматтар теріс сипаттағы керағар діни ағымдардың қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі күнде Қазақстанның барлық өңірлерінде дін мәселе­леріне арналған  500-ден астам ақпараттық-насихат топтары жұ­мыс істеуде. Аталған ақпа­рат­тық-насихат  топтарының құ­ра­мында діни салада түсіндіру және профилактикалық жұ­мыс­тар жүргізетін мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар теологтар, дінтанушылар, діни бірлестіктердің өкілдері енген. Осы орайда, өткен жылы ақпа­раттық түсіндіру мақсатында өткізілген  іс-шаралардың 1,3 мил­лионнан астам адамды қам­тығанын айта кеткім келеді. Бұл мемлекеттік органдардың  аза­маттық қоғам институттарымен бірлесіп жүзеге асырып отыр­ған іс-шараларының бір тұсы ғана. Әрине, осындай маңызды істерге азаматтарды көп­теп тарта түсу еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайта түсетіндігі сөзсіз.

Бүгінгі күнде мемлекеттік органдар тарапынан діни ахуал және оған қатысты үдерістерді зерттеудің өзекті тақырыптарын жасақтауда, сонымен қатар, діни мәселелердің әртүрлі аспек­тілеріне арналған ғылыми-тал­дау жұмыстарына елі­міздің ға­лымдарын кеңінен тартуға мүдделілік туындап отыр. Біз дін саласына қатысты мәселелерде бүгінгі күнде жұмыс атқарып отыр­ған қоғамдық институттар­мен әріптестік қатынастар ор­натуға да әзірміз.

Агенттіктің сарапшылар қа­уым­дастығымен ынты­мақ­тастығы аса өзекті тақырыптар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге ықпал етіп, ол өз кезе­гінде дін саласында орын алып отырған үрдістерді дер уақытында анық­тауға, діни экстремизм мен тер­роризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың қыз­метін жетілдіруге бағытталған са­палы ұсыныстар әзірлеуге мүм­кіндік береді.

Қазіргі кезде сонымен қа­тар, қазақстандық қоғамның ұлт­тық мүддесіне сәйкес келетін мем­лекеттік-конфессиялық қа­ты­настардың қазақстандық мо­делін әрі қарай жетілдіруге ар­налған  ұсыныстарға қатысты қа­жеттілік өсе түсіп отыр. Бұл модель мемлекеттік құрылыстың зайырлы қағидаттарын дамытуға, қоғамның жоғары деңгейдегі руханиятын және мемлекет пен оның азаматтарының тұғыры бе­рік мәдениетін қалыптастыруға негізделуі керек.

Осы жерде шығармашылық зиялы қауымның діни экстремизмге қарсы тұрудағы рө­лін ерекше атап өткен жөн. Өйт­кені, олар халқымыздың сан ға­сырлық дәстүрлері мен мем­лекетіміздің тұғырын құ­райтын құндылықтарды мансұқ­тайтын радикалдық идеологиялардан төнетін қауіпті бас­қалардан гөрі өткір сезінеді әрі оның салдарын жақсы біледі.

Мемлекеттің дін саласындағы уәкілетті органы болып табылатын Дін істері агенттігі тарапынан бүгінде осы бағытта бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынып отыр. Агенттік жанында былтырдан бері Діни ахуалды талдау жөніндегі консультативтік сараптау кеңесі жұмыс істей бастаған болса, қазіргі күнде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылуда. Біз­дің ойымызша, осындай құ­рылымдардың белсенді жұмыс атқаруы дін саласына қатысты маңызды мәселелер бойынша қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, қоғамның белсенді топтарының, ғылыми және шы­ғар­машылық зиялы қауымның қазақстандық бірегейлілікті сақ­тау мен нығайтудағы және хал­қымызды діни экстремизм мен сыртқы рухани шабуылдардан қорғаудағы бірлесіп жұмыс жүргізетін негізгі бағыттары осы болмақ.

Ғалым ШОЙКИН, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары

АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
13 марта 2014, 14:22
509

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 19855
  • 27
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10808
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 9969
  • 71
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
вчера / 12:35
  • 6621
  • 16
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
вчера / 18:29
  • 5759
  • 8
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5418
  • 78
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4510
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5206
  • 88
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
вчера / 0:17
  • 4269
  • 34