Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:18, 12 марта 2014

«Маған негізі сенің к...ің ұнайды»

Анайылау сөз қосып рэп айтатын жастар көбейіп барады. Бұл қазір көпшілікке жаңалық та емес шығар. Бірақ осындай үрдіс белең алып жатқаны дұрыс па деген сауал туындайды. Мұны ақыл таразысына салған көзіқарақты азаматтың оған жауабы дайын. Десек те, рэпер жігіттердің, яғни «KENTTER» тобының бұған қатысты өз уәждері бар. Соны пікір қазанына тастап, қайнатуды жөн санап отырмыз.

Басынан бастап айтайық. Бізге шығармашылығын, рэп жанрына қатысты ойларын әңгімелеп берген рэпер Мади Қадырханов 1990 жылы тамыз айында дүниеге келген. Талғардың тумасы. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – мұнайшы-механик. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс жасамайды. «Оптимистпін, кез келген нәрсенің, істің аяғы жақсы болатынына сенемін. Бір жағынан, «қуғынбайлығым» мен тентектігім тағы бар. Екінші жағынан, тәртіпке жаным жақын», – деп өзін осылай таныстырды.

mn-U1GVpTkE

Оның айтуынша, үш жігіт Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың қабырғасында оқып жүріп, 2006 жылы «KENTTER» тобын құрады. Соның бірі – Мадидің өзі. Ол рэптің өзіне тартатын «сиқырлы» күші бар дейді.

«Жан-дүниемді жаулап алған ырғақ, көкейдегі шындықты, ойымдағы қиялды жасырмай жеткізуге деген ұмтылыс… көп болды, іште алай-дүлей сезім тулап жатты. Мұндай күйге түсуіме Эминемнің әндерінің де әсері бар», – дейді.

Мади «менің, ең алдымен, рэпер болуыма себепкер болған Алла» деп ойлайды. Оның сөзінше, рэптен қанша қашса да, еріксіз осы жанрға Жаратқан жетелегендей болады да тұрады.

«Мен рэпті қойсам да, рэп мені қоймайды» деген өзімнің афоризмім де пайда болды», — дейді Мади.

)

«Қазақ тілін дамыту үшін бір тректе жүз рет боқтауға да дайынмын»

- Сіз рэпер ретінде ұлтқа қалай қызмет етесіз?

- Мен ұлтжандымын. Махамбеттей елі үшін еңіреген ерге лайық болғым келеді. Өз басым, қазақ тілін дамыту үшін бір тректе жүз рет боқтау керек болса, оны айтуға дайынмын.

- Боғауызбен тіліміз дамиды деп ойлайсыз ба?

- Ең бастысы нәтиже емес пе?! Тіл өзінің лайықты орнын алмай, мәдениет те, өзгесі де дамымайды.

- «Рэптен кеттім, рэпте қалу үшін» деген едіңіз бір сөзіңізде.  Мұны қалай түсінсек болады?

- Шығармашылыққа жаңа деммен, тың идеямен келу үшін өзіме үзіліс жарияладым. Рэп-каникулым жалғасуда. Оның себебі, қазақ-рэп бірінші кезең бойынша жетер жеріне жетті. Енді оған ақша керек. Әйтпесе, дамымай қаламыз. Ал, әзірге қазақ-рэпке ақша бөлуге дайын тұрған ұлт жанашырларын көрмей тұрмыз. Олар қазақ-рэптің тіл мәселесін реттеуде ықпалы зор құрал екенін байқамайды және байқағысы да келмейді. Сондықтан рэптен уақытша қол үзіп, ақша табуды жөн көрдім. Оған қоса тоқтамай бір жарым жыл студияда жұмыс жасадым, үйім де, көшем де сол студия болып кетті. Содан демалу, жеке өмірді де ретке келтіру керек еді. Яғни осыларды жасай алсам, қазақ-рэпті ары қарай алға суйреудің мүмкіндігі туады.

- Сіз мемлекеттік тіліміздің өрісін кеңейтуге рэптің пайдасы бар деп жатырсыз. Одан бұрын бұл жанрды біздің қоғам аса қолдай қоймайтын сияқты…

- Жаным ашиды оларға… Рэп – құбылыс, қозғалыс, сосын — өнер! Ол дегеніне жетпей тоқтамайды. Мысалға, адамдар жер сілкнісін тоқтата алмайтындығы секілді, рэпке де тосқауыл қоя алмайды. Ол өз орнын алады, өйткені біз сияқты жастар бар және олар көбейе бермек. Рэп – ол пайдалы вирус. Рэп жаман емес. Тек, жаман рэперлер мен рэперсымақтар бар.

VTrBAx-VGIg

VawU2Mxhauo

«Музам ұятсыздау…»

- «Ұнайсың» деген ән айттыңыздар. Сөзі анайылау екен…

- Оның идеясы менікі, идея болғанда да сол кездегі музаның сыйлаған шабыты десек дұрыс болар. Ал мәтін жағына келсек, әркім өзі жазды. Қайырманы мен жаздым музаның сыбырлауымен. Музам ұятсыздау екен. (Күліп алды)

- Әнді орындауда ыңғайсызданып, ұялмадыңыз ба?

- Әрине, болды. Мұқағалидың күнделігінде «өмірде өзің білесің, бірақ өлеңде алдауға болмайды» деген мағынада айтылған сөз бар. Сіздің сұрағыңызға осы жауап болады деп ойлаймын.

- Бұған бейнебаян түсіріпсіздер. «Сенің маған к…ң ұнайды» деп ән салып тұрасыздар. Сонда бейнебаянға түсуге қыздар қалай көнді, қалай келісімін берді?

- Ұсындық, келісті.

- Құдайға шүкір, қазақтың тілі – бай тіл. Әннің қайырмасын басқа сөздермен ауыстыруға болмады ма? Қазақ қыздарының ұнамды мінезі, қасиеті, сұлу келбеті…

- Иә, қыздардың ұнамды жерлері өте көп және бұл солардың бірі. Одан трагедия жасаудың қажеті жоқ, себебі, бәрі де оны біледі, қарайды, айтады. Және «көт» пен «көтеннің» айырмашылығы жер мен көктей, қазақ тілін өте жақсы білетіндерге. Орыстың «жопа» мен «попасы» секілді ғой. Ұлы сөзде ұят жоқ. Поэзияда жасыруға, алдауға болмайды.

- Бұл ән жөнінде үлкендер, туыстарыңыз не деді?

- Елу де елу пікірді ұстанды.

mwAk-IuntdE

«Оның маған көтені ұнайтын…»

- Қазақ қыздары әртүрлі, ұқсас болса да көз қаралары. Араладым да, солардың араларынан, Таптым сені, тіпті ешкімге де ұқсамайтын, — деп әндетесіз. Сүйгеніңізді таптыңыз ба? Тапсаңыз, ол сізге несімен әсер қалдырды?

- Негізі жалпыға түсінікті жалпақ тілмен айтсам, «однолюбпын», бірақ көп қыздарды ұнатып қала берем. Себебі, сұлулықты жаным жақсы көреді, мейлі сыртқы, мейлі ішкі дүние сұлулығы болсын. «Ұнайсың» трегіндегі мәтін сүйіктімнің қандай болғанын қалайтындығым образды түрде жазылған. Бірақ ол қыз бар, мен оған сырттай ғашық едім, сол себепті тректегі мәтін осы шақта жазылды. Жалпы музам солай қалады. Шынымен де маған оның көтені ұнайтын. (Күлді) Оның күлкісі маған шабыт беретін. Ол кезде шаруа көп болып, оның да, өзімнің де басымды қатырғым келмей, жақын қарым-қатынаста болмадым. Соның салдарынан бақыт құсын өз қолымнан ұшырдым десем де болады. Бұл жайлы ешкім білмейтін, сіз бірінші болып біліп отырсыз, эксклюзив! Жалпы көбі «басың бос па» деп сұраса, «жоқ» деп, біраз пауза ұстап «ол жерде ми бар ғой» деп күліп, жауап беретінмін. Қысқасы, бойдақпын... (сұхбаттың жалғасы мына жерде)

Продолжение - пройдите по ссылке - http://qaznews.kz/madi-kadyrxanov-reper-kazak-damytu-ushin-bir-repte-zhuz-ret-boktau-kerek-bolsa-ogan-dajynmyn.html

0
1430
0