Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:44, 10 марта 2014

Зарина Дияс Қытайдағы ITF турнирiнiң жеңiмпазы атанды

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисшi Зарина Дияс Қытайда өткен ITF сериясы турнирiнде жеңiмпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдiң жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. Зарина Дияс Халықаралық әйелдер күнiнде өзiне үлкен сыйлық жасады.

Жартылай финалда Зарина Дияс өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген Ксения Первакті жеңген болатын. Ойындағы есеп 20 жасар қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:1, 3:1 болып тіркелген кезде, Первак әрі қарай ойнаудан бас тартты. Сонымен қатар, бұның алдында Зарина Дияс үш қытайлық спортшы — Яфань Ванді (6:3, 6:3), Шилинь Сю (6:1, 6:2) мен Ван Цянді (6:4, 1:6, 6:1) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Басты сөздер: Спорт
 
0
181
0