Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:51, 10 марта 2014

Бағынбас махаббат

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мазалап келеді, тағы да сан ойлар,

Барма екен тағдырда, әлі де мен алар?

Сүйгенім өзіме, қалайша оралар?

Сонда да сенемін, шешімі табылар.

 

Жігіттің сұлтанын, сүйгіздің бір кезде,

Сендім ғой бақытқа, армандап сол күзде.

Неліктен тағдырым, болмадық біз бірге?

Бұл сезім, оралып қалды ма, құр сөзге?

 

Неліктен сынадың, сен мені тағдырым?

Жылаумен өтті ғой, ендігі бар күнім.

Өртеніп барады – ау, кеудемде мынау жаным,

Бар күткен армандап, тұрмады – ау бұл сезім.

 

Тағдырым берсеңші, ендігі қол ұшын,

Сенімнің сұраймын, бере алсаң бар күшін.

Аяла, сезіндір, бақыттың бар әнін,

Түсініп көрейін, өмірдің мен мәнін.

0
265
1