Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:12, 07 марта 2014

Дәріс 6. «Бізге 38 банк керек емес, экономика үшін нақты әрі белсенді түрде жұмыс істейтін 10 банк та жетіп жатыр» Серік Ахметов. ҚР Премьер-министрі

Blog post image

 

#Банк.

Қазақстандағы банкілердің барлығы дерлік елдің экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде.

Біріншіден, әлем мемлекеттерінің ішінде, сыртқы қарызы бойынша біздің елдің екінші деңгейлі банкілері бірінші орында.

Екіншіден, олар экономикалық тұрғыда патриот емес. Мысалға, біздің елге долларды алып келіп, оны елдің өндіріс орындарына емес керісінше шетел экономикасының дамуына өз үлесін тигізуде.

Нақтырақ айтсақ, кез-келген банк тұтынушылық несиелерге ақша береді, ал ол тауар импорттық тауар. Енді айтып көріңіз, біздің банк жүйесі керемет деп.

Шешім:

1. Банктердің импорттық тұтыну тауарларын сатып алуды кредиттеуіне толықтай тыйым салу. Егер де біреу импорттық тауар сатып алғысы келсе, өз ақшасына ғана сатып алатын болады.

Қаржы секторында Ұлттық байлық жасалмайтындықтан, тек қайта бөлініп, ақшалай күйде сақталатындықтан, қаржы жүйесін шетелдік тауар шығарушыны қаржыландыруға емес, өзіміздің жақа жұмыс істетуіміз керек.

Біздің алдымызда әлемдегі барынша консервативті қаржы жүйесін құру мақсаты тұр. Ал оның басты міндеті – «көпіршіктер» ойыны емес, ұлттық байлық жасалатын нақты өндіріс салаларын қаржыландыру.

«Дана жол» экономикалық бағдарламасын жүзеге асыру кезінде нәтижесінде ұлттық өндірушінің есепшотында шоғырланатын нақты секторге өте үлкен көлемдегі теңгелік ағын баратын болады. Біз бұл ақшалардың басқа секторлерге немесе елден мүлдем кетіп қалу тесіктерінің барлығын бекітеміз. Және де мүмкіндігінше банктер үшін пайда табудың бір-ақ жолын қалдырамыз – ұлттық өндірушіні қаржыландыру.

Сәттілік бізбен бірге!

 
0
398
0