Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:58, 07 марта 2014

Жырауға ілтипат

Егемен Қазақстан, 07.03.2014

Blog post imageЕлімізде уақыт ағымымен қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар. Ол жыр алыбы Жамбылдың туған күнін жыл сайын атап өту. Биыл да Жетісу жерінде бұл үрдіс өз мәресінен көрінді. Салтанатты жиында дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Жамбыл менің өз атым, Халық менің шын атым» деп артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған бабаның жауһар жырлары уақыт өткен сайын саф алтындай жарқырай түсуде», деп атап көрсетті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы жыршы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды, асқақ жаратылған алып өкілі»    деген еді. Жамбылдың ешкімге дес бермеген суырып салма ақын­­дығымен қоса, жыраулығы, күйшілігі, қазақ халқын күллі әлем­ге танытқан үстіне таныта түскені ақиқат. Сөйтіп, талайларды тамсантып қана қоймай бас идіріп, Жамбыл ХХ ғасырдың Гомері атануы тегін емес. Бір ғасыр ғұмыр кешіп, ұрпағына өл­шеусіз мұра қалдырған жыр алыбы кейінгі толқынның қызы­ғушылығын туғызып һәм қазақ тілінің қай­нарына қандырып, сөз құдіретін ұғындыруда.

Сонымен қатар, айтыс өнері арқылы жастардың асқақ адамгершілік сезімі шыңдалып, елге, жерге, туған тілге деген сүйіспеншілігі артуда. Бүгінгідей әр ұлт өзі­нің табиғи болмысын сақтау арқылы өркениет өріне ұмтылып жатқан тұста, жас өскіндерді Жамбыл жырлары арқылы ұлт­тық құндылықты қастерлеуге бейімдеу біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін. Жыл сайын дәстүрлі түрде Жамбыл күні мерекесін өткізу «жамбылтану атты үлкен арнаның басталғанын, оның мәңгілік тақырып екенін аңғартады. Жамбыл тойы – қазақ мәдениетінің, қазақ өнерінің тойы, ортақ қазынамыз деді.

Әкім одан кейін Жамбылдың шөбересі Әлімқұл Жамбыловтың иығына құндыз жағалы шекпен жауы­п, басына бөрік кигізді. Мұны азаматтың білгендігі, асылдың сынығын бағалағандығы, деп ұқты жиылған қауым. Салтанат соңы өңір өнерпаздарының әуелете салған әсем әндері мен күмбірлете төккен күйіне ұласты.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы.

0
327
0