Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:51, 05 марта 2014

«Поэзия падишасы- Фариза» атты жаңа кітаптың тұсаукесері болды

ҚазАқпарат, 04.03.2014

Blog post imageБүгін Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде адалдық пен әділдіктің туын жықпай өткен көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова еске алу кеші өтті.

Мәдени шара барысында студенттердің ақын туралы жырлары мен көркем сөздері, поэзия жанашырларының, замандастарының  және жас ақындардың естеліктері мен өлеңдері енгізілген «Поэзия падишасы- Фариза» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жастар қазақ халқының ардақты ақынының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Еске алу кешіне жыр саңлағының жақындары мен танымал ақындар мен жазушылар қатысты.

 
0
1333
0