Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
12:03, 04 марта 2014

Заман — ай (Аудиопоэзия)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Жерім, елім, Анамдай

Сол үшін тілек, тілеймін

Егемен тұрсын, құламай

Бұл бақыт бізге, білемін

 

Сырттағы саясат, жақсы ғой

Ең биік, халық, ол байлық

Болмаса жағдай, терең ой

Қиынға түсер, сабырлық

 

Күнделік, жейтін тамағын

Елінде жүріп, таба алмай

Ананы, көрдім таратқан

Бауыр ет баласын, ойланбай

 

Қаңғырып қалды-ау, далада

Бала мен ана, қалада

Түсінер кім бар, бұл маңда?

Баспана құны, қаншада?

 

Далада жатыр, азамат

Мас болып, күнін көре алмай

Тірегі елдің, бұл қанат

Қиналып жатыр, ұша алмай

 

Қиындық, көрсең еліңмен

Ұлы той дейді, Қазағым

Шыдайды ау, бірақ дегенмен

Бітсе екен дейді, азабым

 

Не деген надан, бұл заман

Қариялар, қайыр сұраған

Соғыста, бұндай болмаған

Нан сұрап, қолын созбаған

 

Заманның, болды тәлкегі

Жастарым кетті, қиналып

Олардың, бар ма керегі?

Жұқарды – ау, төзім, сарқылып

 

Талпынар, болса жағдайы

Ақырғы малын, сатса да

Қиналып, пәтер жалдайды

Оқиды, мың қайғы, батса да

 

Жастарым, елің Анаңдай

Сен үшін, тілек тілейді

Егеменді, сақта бағаңдай

Үмітің, сонда сөнбейді

 

Өртеп, жаншып кетеді

Сырттан, келген дұшпандар

Бірақ күнде, өшеді

Ойлан ұрпақ, сан жылдар

 

Ата – бабаң қалдырған

Туған елің, жеріңді

Өсиет қыл, сақта, бар болған

Өшірме қазақ сенімді.


0
327
1