Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:12, 03 марта 2014

Ержан Естанов ММА бойынша Berkut гран-при турнирінің жартылай финалына жолдама ұтып алды

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық спортшы Ержан Естанов аралас жекпе-жектен Грозный қаласында өткен Berkut гран-при турнирінде қарсыласы Гусейн Ризаевты уақытынан бұрын жеңді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Естанов екінші раунда қарсыласына қылқындыру әдісін қолданып, оны жеңілісін мойындауына мәжбүр етті. Сөйтіп қазақстандық спортшы 65,8 келі салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалға өтті.

Alash Pride  командасының капитаны Аслан Тоқтарбаев (61,2 келі) Саид Нұрмагомедовтан жеңіліп қалды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша төрешілер есеп бойынша жеңісті дағыстандық спортшыға берді. Жартылай финалдар сәуір айында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Berkut гран-при турниріне Alash Pride командасының басқа да мүшелері қатысады. 9 наурызда басқа салмақ дәрежелері бойынша сайыстар өтеді. Ермек Тлауов (70,3 келіге дейін) Сайд-Хамзат Авхадовпен, Махир Мамедов (77,1 келіге дейін) Гусейн Омаровпен жекпе-жекке шығады. 15 наурызда Грозныйда Alash Pride-тың тағы екі спортшысы өнер көрсетеді. Қылышбек Сарқарбаев (93 келіге дейін) Әлихан Вахаевпен, ал Әділ Боранбаев (84 келіге дейін) Муслим Жамулаевпен күш сынасады.

Басты сөздер: Спорт
 
0
233
0